- Учителю
- Открытый урок по литературному чтению на тему Алатау
Открытый урок по литературному чтению на тему Алатау
Сабақтың тақырыбы: Алатау Е.Өтетілеуов.
Сабақтың мақсаты: Өлеңді түсініп оқуға үйрету, көркем әдеби тілмен сөйлеу дағдыларын дамыту
Сабақтың міндеті: 1. Өлеңді мәнерлеп оқуға баулу. Қазақстан таулары жайлы таныстыру және білім беру
2. Таным қабілеттерін қозғау арқылы ойлау, талдау, көркем сөздерді жинақтау арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан таулары, таулар слайды, алмалар суреті, Медеу мұз айдыны туралы видео, Алматы қаласының хронологиялық картасы, автор Е.Өтетілеуұлы суреті
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Назарларын сабаққа аудару, оқушыларды түгендеу, керекті құрал жабдықтарын даярлау, психологиялық дайындық жүргізу
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Білім іздеп өнер тап,
Түнді күндей ашатын.
Үй тапсырмасын сұрау
1. Үйге «Сыншы бала » туралы аңыз берілген болатын.
2. Аңыз дегеніміз не ?(ережесін айтып өту)
3. Кімдер туралы аңыз оқыған едік ?
4. Үй тапсырмасын кім айтады ? ( оқушылардан түсінік сұрау)
Өткен сабақты пысықтау
1. Бала жүйрік атпен қайда қашты ?
2. Ия, туған жеріне қашып келді.
3. Баланың бойында қандай қасиет басым болды ?
4. Өздерің туған жерлеріңді жақсы көресіңдер ме ?
5. Туған жер, Отан тақырыбында мақал-мәтел білеміз бе?
6. Туған жер, Отан тақырыбында өлең білеміз бе?
Демек: Қыранға қия тау керек,
Бұлбұлға жасыл бау керек.
Балыққа мөлдір көл керек,
Батырға туған ел керек, деген екен М.Әлімбаев атамыз.
Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымызда туған өлкеміздің көркем де табиғаты әсем, қойнауы байлыққа толы, етегі бақытқа толы тауларының бірі Алатау тауы туралы болмақшы.
Бүгінгі сабағымызда Алатау туралы білетін боламыз.
Автор туралы мәлімет беру.
Өлеңді мәнерлеп оқып бермес бұрын қосымша мәліметтермен танысып алайық.
Алатау- Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Жоңғар Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесін жауып жатқан мұздықтар мен көпжылдық қар тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма кезек орналасады.
Қазақстан картасынан тауларды көрсету, атын атау.
Алматы қаласы Алатау тауының етегінде орналасқан. ( Алматы қаласының хронологиялық картасын көрсету)
Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.
Сөздік жұмысын жүргізу
Рекорд- спорттағы үздік жетістік
Осы жерде Алатау тауындағы Медеу мұз айдыны туралы көрсету, спорттық жарыстар болатынын айтып кету.
Медеу мұз-айдыны биік тау үстіне салынған әлемге әйгілі ірі мұз айдыны. Онда тек қыстыгүні ғана емес, жаздың ыстық күндерінде де, жылтыр мұз үстінде коньки тебуге болады. Дүние жүзінде сырғанақ тебетін мұндай алып құрылыс жоқ деседі.
Апорт - алманың сорты. (Алматының апорт алмаларының суретін,слайд көрсету.)
Апорт алмасын патша алма, алмалардың әкесі деп әділ баға берген. 1900 жылдың өзінде-ақ Алматының апорт алмасы Париждегі әлемдік көрмеге шығарылды және де мамандардан жоғары баға алды.
Оқыту түрлерін қолдану
Окушыларға өлеңді іштей, дауыстап, шумақтармен мәнерлеп оқыту.
Тапсырмалармен жұмыс:
Суретке мән беріп қара.
Алматы, апорт, Медеу сөздерінің Алатаумен қандай байланысы бар?
Алатау тауына байланысты теңдеулерді іздеп табу.
а) Алатау-шың атасы.
ә) Рекордтардың отауы.
б) Алатау-тау атасы.
Осы жерде Алатауды-үлкен қарияға, отау иесіне теңеп, халқын оның баласы деп тұргандай.
Сергіту сәтін жүргізу.
Дәптермен жұмыс.
Қазақстанда тағы қандай таулар бар екен? Сол таулардың аттарын жазып алайық. (сөздік диктанты сияқты жазу)
Топтық жұмыс
Өздерің өлең жанындағы суретке қарап алып топтасқан түрде тау суретін салып көрейік.( Осы кезде Алатау әнін қойып қоямын)
Салған суреттерін тақтаға іліп, таудың шыңын, жотасын, етегін көрсетейік.
Сабақты қорыту:
-
Өлеңді кім жазған ?
-
Өлең мазмұны не туралы ?
Бүгінгі сабақтан білгеніңді, білетініңді, нені үйренгің келетінін мына ББҮ кестесіне, стикерге жазып, жабыстырайық.
Үй тапсырмасы: өлеңді мәнерлеп оқу, ұнаған шумағын жаттау
Бағалау: білімдеріне сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын