- Учителю
- Сыныптан тыс іс-шара 'Алтын асық'
Сыныптан тыс іс-шара 'Алтын асық'
С. Сатыбалдин атындағы орта мектебі.
Бастауыш сыныптар апталығында қазақ тілінен өтілген танымдық ойын.
Өткізген : А.Қ Иманова
Қызылқоғам 2015 жыл.
Бастауыш сынып апталығында қазақ тілінен 2-сыныпқа арналған
"Алтын асық" танымдық ойын.
Мақсаты: 1. Танымдық ойын шартымен таныстыру.
2. Ойындағы тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау, сөйлеу, танымдық қабілеттерін дамыту. Топтық жұмыстағы белсенділіктерін арттыру.
3. Шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Түрі: ойын.
Көрнекіліктер: жұмбақтар, карточкалар, ойындарға қажетті құралдар.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жоспармен танысу
ІІІ. Топқа бөліну:
1. Түсті фигуралар қылы 2 топқа бөлу.
Ойын барысы:
1. "Доп қағу" айтылған сөздерге қарама-қарсы сөздер айту.
І топ: ақ-қара, жуан-жіңішке, таза-кір, мөлдір-лай, жомарт- сараң, ащы-тұщы
ІІ топ: жанады-сөнеді, көп-аз, ұшады-қонады, қуаныш-реніш, биік-аласа, кең-тар
2. "Тіл-өнер" айтылған жұмбақтың шешуін орысшаға, ағылшыншаға аудару.
- Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі. ( көктем- весна)
- Мұрты бар иегінде сақалы жоқ,
Тоны бар киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп-шығар сапары жоқ.( мысық-кот)
- Жүз теңгең болғанша, жүз ....... болсын. ( дос-друг)
- Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. ( кітап-книга)
- Футболшының алаңдағы ойын заты ( доп-мяч)
3. "Моншақ" ойыны. берілген жуан, жіңішке сөздерді кезекпен тізіп шығу
Сөздер: 1. аурухана, дәрі, тамақ, орман, кезекші, үзіліс, оқушы, өшіргіш, қалам, күнделік.
2. көктем, қыс, балық,биші, домбыра, өнерлі, ұстаз, шебер, әдепті, ана
4. "Қалалар" ойыны. Берілген сөз қала атауының бір бөлігі
Мысалы: қар-Қарағанды, ас-Астана, алма-Алматы, Тау- Көкшетау, кент-Шымкент, жез-Жезқазған, ақ-Ақтау, су- Ақсу, тұз- Екібастұз, тар-Тараз
5. "Сұрақ-жауап" Топтарға керекті сөздерді таратамын, сұраққа кім тез жауап берсе, сол жеңімпаз.
Сұрақтар: - Сөмкеде не жатыр? ( қалам)
- Бір аптада неше күн бар? ( жеті)
- Асханада кім бар? ( аспаз)
- Сыныпта неше есік бар? ( бір)
- Қолда неше саусақ бар? ( бес)
- Жазда ауа райы қандай? ( ыстық)
- Бір тәулікте неше сағат бар? ( жиырма төрт)
- Мектеп неше қабатты? (екі)
-Күзде не сарғаяды? ( жапырақ)
6. "Сиқырлы қоржын" Қоржын ішінен мақалдың басы жазылған 1 карточка алған бала басын оқиды, жалғасын тапқан бала сыйлық алады.
Мақалдар:- Оқу- білім бұлағы, білім - өмір шырағы
- Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді
- Оқу инемен құдық қазғандай
-Туған жер- алтын бесік
-Батыр бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі
- Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы.
- Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы
- Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді
- Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
- Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
- Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала
- Еріншектің ертеңі бітпес
- Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол
- Отан оттан да ыстық
Қорытынды. Ұпайларды санап, жеңімпаз топты анықтау.
Иманова Айжан Калиоллаевна
Бастауыш сынып мұғалімі, 1 санатты, өтілі 15 жыл
С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп
Қызылқоғам ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы