7


  • Учителю
  • Cүттен жасалған тағамдар. Ашық тәрбие сағаты

Cүттен жасалған тағамдар. Ашық тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тақырыбы: Сүттен жасалатын ұлттық тағамдар.

Мақсаты: Оқушыларға сүт өнімдерінен жасалатын тағамдар ,олардың денсаулыққа пайдасын айту.Олардың жасалу жолдарын түсіндіру.

Әдісі: Әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

1.Кіріспе сөз

Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан . Түйе,жылқы,қой,ешкі,сиыр малдарын бағып оларды төрт түлік деп атап,олардан сүт,ет,жүн алып сүтінен етінен тағамдар дайындап,жүнінен киім тоқып киген.Оларды көлік ретінде де пайдаланған.Міне,сондықтан сүттен жасалған тағамдар туралы біле отырып,сүтті төрт түлік малдан алатынымызды ұмытпауымыз керек.Бүгін сабағымызда сүттен жасалатын тағамдардың жасалу жолдарын білеміз.

Айран- бұл ұйытылған сүт.Оны қаймағы алынған сүттен де,қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады.Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып қалыпқа түскенше суытады.Содан соң ұйытқы (ашытқы ) қосып,араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды.Ол 1-2 сағат аралығында ұйып болады.Ұйыған айран ашып кетпеу үшін оны салқын жерге қояды.Айранды сусын ретінде де, тағам ретінде де пайдалануға болады.Айран адам денсаулығына өте пайдалы.Оны түйе сүтінен дайындайды.

Балқаймақ- шұңғылдау ыдысқа шикі қаймақ құйылады.Ол баяу жанып жатқан отқа қойылып,бетіне майы шыққанша араластыра отырып пісіріледі.Әбден қайнаған кезде үстіне құмшекер салынады,бал салынып ұн қосылады.Содан соң араластырып тағы да 8-10 минут қайнатады.Дайын болған соң қоспаны ыдысқа аударады,дастарханға әкеле беруге болады.Ол көбіне дастарханға шаймен бірге беріледі.

Құрт- малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам.Сабаға сүтті жинап,сүт ашығаннан кейін пісіреді,іркітке айналып майы бетіне қалқып шығады.Майын бөлек алып,тұздап қарынға салады. Ал іріткіні қазанға салып,суы сарқылғанша қайнатады.Құрт қайнап жатқанда қазанның түбін,ернеуін қырып әлсін-әлсін араластырып отырады.Құрт қайнап әбден қоюланған соң қапқа құйып керегенің басына немесе ағашқа іліп,сары суын ағызады. Құрт қапқа бір тәулік тұрған соң ,суы әбден сарқылып құрғайды.Бұдан кейін құртты қаптан алып сықпалап өреге жайып кептіреді.

Ірімшік- сиырдың,қойдың сүтінен қайнатып әзірленетін сүт тағамы.Ірімшік ақ ірімшік,қызыл ірімшік деп екіге бөлінеді.Ақ ірімшікті дайындау үшін ыдысқа құйылған сүтті ірітеді.Одан соң іріген сүтті отқа қойып сүтті айранмен ірітеді.Ірімшіктің сары суы бөлінген кезде шыптаға сүзеді.Жаңа құйылған ақ ірімшікке сары май,қаймақ,кілегей сияқты майлы тағамдар қосса дәмді әрі құнарлы ас болады.Ақ ірімшікті шыптаға орап сүзіп алған соң жұқалап тіліп өреге жайып кептіреді.Шала кепкен ақ ірімшікті келіге түйіп шаншыса тары сияқты қиыршық ұнтаққа айналады.Мұны тары орнына шайға салып,май,қаймақ,кілегейге салып жеуге де болады.

ІІІ.Қорытынды.

Міне,балалар сүттен жасалатын тағамдардың жасалуы туралы айттық.Сүттен бұданда көп тағамдарды жасауға болады.Сүт- төрт түлік малдың аттарына қарай бие сүті,түйе сүті,қой - ешкі сүті,сиыр сүті деп бөлінеді.Сиыр,қой-ешкі сүтін пісіріп ішуге айран,қатық ұйытып ішуге болады.Ал бие сүтінен қымыз ашытса,түйе сүтінен шұбат болады.Сондықтан сүттен құрт,ірімшік,сүзбе,қаймақ сияқты әр алуан тағам жасалады.

  • Оқушылардан ірімшіктің,құрттың,балқаймақтың жасалу жолдарын сұрау.

  • Қандай сусындар жасайды?

  • Сүт неден алынады?

  • Денсаулыққа пайдасы қандай?

Сабақты аяқтау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал