7


ҚАсым Аманжолов 'Туған жер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алға ауданы

Ақай орта мектебі

Әдебиеттік оқу

4-класс



«Туған жер. Қ.Аманжолов»

Өткізген: Шиганова А.Қ.


Сабақтың тақырыбы: Туған жер. Қ. Аманжолов.

Сабақтың мақсаты:

1) өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын түсінуге үйрету, Қ.Аманжоловтың өмірбаянымен таныстыру.

2) өлеңмен жұмыс жасай білуге дағдыландыру, оқушылардың сөздік қорын молайту, эстетикалық талғамын дамыту.

3) туған жерге деген махаббатын сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, тілшелер, кестелер

Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап,

Технология: оқу мен жазуды сыни тұрғысынан ойлауды дамыту

Сабақтың барысы: 1.Қызығушылығын ояту.

А) Психологиялық дайындық.

1-слайд

-Мына жерде тұрған геометриялық фигураларды таңдай қойыңдар. Сол бойынша партаға отырасыңдар.

Геометриялық фигуралар бойынша топқа бөлініп, балаларға мінездеме беру.

Төртбұрышты таңдаған балалар- тәртіпті сүйеді, елгезек болып келеді, біреуге көмектесуге дайын тұрады.

Үшбұрышты таңдаған балалар- белсенді, яғни топқа басшылық қасиеттері басым, ұйымдастыру қабілеттері, жоғары.

Дөңгелекті таңдаған балалар- адамгершілігі жоғары, барлық іске үлгеріп жүреді.

-Енді әр топ өз топ басшыларын сайлап алыңыздар.

ә) Үй тапсырмасын тексеру.

«Туған еліме» өлеңін жатқа сұрау.

Яғни әр топ мүшелері топ арасында бір-біріне айтады.

Топта ең жақсы оқыған бала және нашар оқыған бала тақта алдына шығып өлеңді оқиды.

Б) «Кубизм» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын қорытындылау.

2-слайд

1. Өлеңде қандай мәселе көтерілген?

2.Ақынның өмір сүру мақсаты неде?

3.Ел ақынға қандай үміт артады?

4.Ақын мақсатына жетті ме?

5. Сенің мақсатың қандай?

6.Халық сенен не күтеді, ел сенімін қалай ақтар едің?


Өлеңнің негізгі ойы неде?

Ақын өлеңмен өз еліне деген махаббатын қалай жеткізе білген?

В) «Топтастыру» стратегиясы 3-слайд

«Туған жер» деген сөзді естігенде көз алдыңа не елестейді?

Құлағыңа қандай дыбыстар келеді?

Мұрныңа қандай иістер сезіледі?

Қандай сезімге бөленесің?

Суретшілер өздерінің табиғатқа , туған жерге деген сезімдерін сурет арқылы халыққа жеткізсе, ақын-жазушылар өлең -жырлары арқылы жеткізе білген. Сондай ақынның- бірі Қ.Аманжолов.

4-слайд

Қ.Аманжолов ағамыз Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Ата-анасынан жастайынан жетім қалып, интернатта оқып бастауыш білім алады. Орал қаласындағы пединститутта оқып жүріп Ленинград орман шаруашылық институтына ауысады. Ең алғашқы өлеңіни 1931жылы жазып газет бетіне шығарады. Ал 1939 жылы алғашқы жинақ «Өмір сыры» деген атпен жарық көреді. Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер жазушы, және аудармашы.

Г) «Іздеп тап» ойыны 5-слайд

1-топ Соғыс жылдарындағы өлеңдері

2-топ Аудармалары

3-топ Лирикалық өлеңдері

Яғни ақынның шығармашылығын осылай 3 топқа жіктеуге болады. Бүгінгі оқитынымыз қандай өлең жанрына жатады?

  1. Мағынаны тану.

«Танысу» стратегиясы

Өлеңді мұғалім оқиды.

  1. Өлең оқылып жатқанда не туралы ойладыңдар?

  2. Ақын не туралы жырлайды?

Өлеңді оқушылар іштей оқып шығады.

Дауыстап тізбектей оқу.

Карточкамен жұмыс. Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар.

  1. Ақынның туған жерге деген мақтаныш сезімі өлеңнің қай жолдарында берілген?

  2. Туған жердің кеңдігі, байлығы туралы ақын не дейді?

  3. «Қызығыңды көріп еркін келемін» жолындағы ақын ойы неде?

Өлеңнің 4- шумағын оқи қойыңдар. Сол шумақтың соңғы екі жолын кім түсіндіреді?

«Талдау » стратегиясы

Өлең құрылымымен жұмыс.

-Өлең неше шумақтан тұрады?

-Неше тармақтан тұрады?

Топтық тапсырма 8-слайд

1-топ Өлеңдегі көркем сөздерді теріп жаз

2-топ Өлеңдегі буын санын анықта.

3-топ Өлеңде адам зейінін өзіне аудару үшін айтылған сөзді тап.


Өлеңнің ұйқасын кестеге толтыр

1шумақ 2 шумақ 3шумақ 4 шумақ


Неліктен?

  1. Ой толғаныс кезеңі

Вен диаграммасы 7-слайд


С.Торайғыров Қ.Аманжолов

«Туған еліме» «Туған жер»

«Туған жер» өлеңін қандай сезіммен оқу керек деп ойлайсыңдар?


Пиктограмма шешу. 9-слайд

Мына пиктограмманы шешсек сабақтың негізгі түйіні шығады.

«Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.»

Мақалдың мағынасын кім түсіндіреді?

Бағалау.

Өзін-өзі бағалау парағына баға қою

Үй тапсырмачын беру

Өлеңді жаттау, мазмұнына байланысты сурет салу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал