- Учителю
- Дүниетану пәні 'Жаз мезгілі'
Дүниетану пәні 'Жаз мезгілі'
1 «В» сыныбы . Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: «Жаз мезгілі»
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларға мезгіл туралы түсінік беру, жаз мезгіліндегі
табиғатта болатын өзгешеліктер туралы түсінік беру. Берілген
сұраққа жауап беруге үйрету.
2. Табиғат туралы дүниетанымын кеңейтіп, қызығушылығын
арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
3. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекқорлыққа,
табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, тірексызбалар,слайд.
Әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, ой - қозғау, ойын.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, сауат ашу, бейнелеу
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Балаларды сабаққа дайындау. Психологиялық сәт. (3мин)
- Балалар бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр, қане әдептілік танытып қонақтарымызбен амандасып алайық.
- Амансың ба, алтын күн!
- Амансың ба, көк аспан!
- Амансың ба, достарым!
- Амансыздар ма, қонақтар!
- Сабағымызды бастайық,
- Жамандықты тастайық.
- Балалар, қонақтармен, бір - бірімен амандасқандықтарың достықтың, адамагершіліктің белгісі.
- Балалар, өздерің көргендей бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Яғни, 4 топқа бөлініп, топпен жұмыс жасаймыз.
ІІ. Негізгі бөлім.
-Сабағымыз мынадай бөлімдерден тұрады.
1) Таныстыру рәсімі
2) Ой қозғау.( Үй тапсырмасын сұрап, бекіту)
3) «Жаз мезгілі» деп аталады (жаңа сабақ)
4) Бой сергіту (Кел билейік)
5) Мағынаны тану.(Оқулықпен жұмыс)
6) Ойын: «Кім жылдам?»Суретті аяқта)
7) Сиқырлы суреттер ( Қорытынды)
1) Таныстыру рәсімі (5мин) («Қағып ал» мұғалім допты лақтырады қағып алған бала, жауап береді?)
- Балалар, бір жылда қанша мезгіл бар? (4)
-Дұрыс айтасындар балалар, қазір біз жыл мезгілдері жайлы танысып жатырмыз.
-Ендеше, әр жыл мезгілердер тобы өздерін ің ауа - райын, табиғат қалай өзгеретінін, табиғат құбылыстарын қысқаша сипаттама беріп таныстырып өтейік.
-Бірінші күз мезгілінен бастайық.
көктем
қыс
Жыл мезгілдері
күз
жаз
Көкөністер, жемістер өседі
Жапырақтар сарғайады
күзІ. Күз - Күзде ауа - райы қоңыр салқын болып, жапырақтар сарғайып, жерге түсіп, құстар жылы жаққа ұшып, қараңғылық ерте түседі. Қар аралас жауын - шашын болады. Тірек сызба көрсету.
Құстар жылы жаққа ұшады
Азық жинайды
Қар аралас жауын
күз
ІІ. Қыс - Қыста дала, орман, үйлер ақ қар жамылады. Өзендер мен көлдер мұз болып қатады. Күн аяз. Жер тайғақ болады. Күн қысқа, түн ұзақ болады.Аңдар ұйқыға кетеді.
Боран болады
Қар жауады
Мал қорада болады
қыс
Аңдар ұйқыға кетеді
Қар ериді
Аңдар ұйқыд оянады
көктемІІІ. Көктем - Күн жылына бастайды. Қар еріп, құстар мекеніне оралады. Аңдар қысқы ұйқыдан оянады. Түн қысқарып күн ұзарады. Күннің көзі жарқырайды. Кейде жаңбыр жауады.
Күн жылынады
Жаңбыр жауады
ІV. Жаз - Аспан желсіз ашық болады. Күн ыстық болады. Аспан көбінесе ашық болады. Өсімдіктер, жеміс - жидектер толысып, өсіп піседі.
2) Ой қозғау.( Үй тапсырмасын сұрап, бекіту) (10мин)
- Өткен сабақт кай мезгілмен таныстық?
-Үйге, «Адамдардың көктемгі еңбегі» әңгімелеуге берілген болатын . Қане, кім айтады? (3 - 4 баладан сұрау)
Үй тапсырмасын бекіту.
Тест. Экранда тест суреттері көрсетіледі.
-
Балалар, сендерге қызықты сұрақтар дайындап келдім, соған жауап берейік.
-
Көктем мезгіліндегі ағаштың түрі қандай?
А) Жапырақты Ә) Жапырақсыз Б)Бүршікті
2) Жер өңдеуге қандай ауыл шаруашылық машиналар пайдаланылады?
А) Автобус Ә) Трактор Б) Такси
3) Көктемде адамдар қандай еңбек түрімен айналысады?
А) Сындыру Ә) Ағаш отырғызу Б) Қар күреу
4) Көктемде ерте гүлдейтін өсімдік?
А) кактус Ә) Бәйшешек Б) Раушан
5) Көктемде не жауады?
А) Қаржауады Ә) Жаңбыр жауады Б) Боран соғады
(Оқушылар 1 - 1-інін тапсырмаларын тексеріп дұрыс жауаппен жұлдызша, шаршы, үшбұрыш арқылы бағалайды)
3) «Жаз мезгілі» деп аталады (жаңа сабақ)(10мин)
- Балалар, көктемнен кейін қай мезгіл келеді?
- Жаз мезгілі.
- Ендеше, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз Жаз мезгілі.
- Жазда табиғатта қандай өзгерістер болады?
Сурет бойынша түсіндіру
-Жазда аспан желсіз, ашық болады. Күн ыстық болады.Жаз - өсімдіктердің толысып өсуіне өте қолайлы мерзім. Жазда күн көзі, жарық, жылу жеткілікті болады. Хош иісті гүлдер жайнап өсіп, мөлдіреген жидектер (жүзім, шәңкіш, шетен, рапс, беде, Түйежоңышқа т.б.) көзге шалынады.
Жүзімнің құрамында - біздің организміміз қажет ететін бірнеше дәрумен дерге бай. Р, С, В1, В2, В6, Д, Е, РР дәрумендері, , түрлі дәрумендер, су кездеседі екен.
Шәңкіш - өсімдігін қабығын, жемісін, гүлін жинайды. Шәңкішті халық медицинасында кеңінен қолданылады: Шәңкіш жүрек, тамыр, қан, жүйке, өт ауруларына емдік қасиеті мол екен.
Шетеннің -кепкен жемістерінен дәрі жасалады. Шетен асқазан ауруына, өт, бауыр ауруларын ем.
Рапс - майлы әрі азықтық дақылдарға жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Суыққа төзімді, құрғақшылыққа төзімсіз өсімдік. Майын тағам ретінде және тех. мақсаттарға, сабын қайнату, тоқыма, металлургия, бояу, полиграфия, тері, т.б. өндірістерде пайдаланады. Сонымен қатар егістерде аралық дақыл ретінде себілген малға күз және көктем айларында жақсы жайылым
Түйе жоңышқа-Мал шаруашылығын малға құнарлы азық ретіне пайдаланады.
Далада, орманда шөптер қаулап өсіп, бұталар мен ағаштар жапырақ жаяды. Жеміс салған алуан түрлі шөптермен гүлдер жайқалып өсіп, бейне бір жасыл кілем жайғандай әсер береді.. Олар - құнарлы мал азығы.
Жаз - нағыз саңырауқұлақ теретін кез. Олардың улысы да кездеседі. Сондықтан оларды тергенде үлкендерден сұрап алған жөн.(Арыш, Терекқұлақ, Түлкі жем, Оқ жаңбырық)
Жаз мезгілінің айлары: Маусым, шілде, тамыз.
Жаз мезгілінде оқушылар 3 ай жазғы демалысқа шығады. Жаз мезгілінің мерекелері.
1 маусым - Балаларды қорғау күні, 6 шілде - Астана күні. 30 тамыз - Конституция күні (Ата Заңымыздың қабылданған күні)
4) Бой сергіту
5) Мағынаны тану.(Оқулықпен жұмыс) (5мин)
Оқулықтың 61 - 63 беттерін ашып мәтінді тізбектей оқу.
6) Ойын: «Кім жылдам?» (5мин)
Балалар казір мен жаз мезгіліне байланысты аяқалмаған суреттер беремін, Біз сол суреттің жартысын салып аяқатп бояп беремиз.
І топ - Алма. ІІ топ - Аққала, ІІІ топ - ұя ІV топ - құлпынай
7) Сиқырлы суреттер (Қорытынды) (5мин)
- Балалар, алдарыңда тұрған конверттін ішінде әр түрлі суреттер берілген, ал біз сол суреттердің ішінен біздің бүгінгі сабағымыз жаз мезгіліне байланысты суреттерді тауып желімдейік. Сол жыл мезгіліндегі өзгешеліктерін айтып қорғаймыз.
- Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымызда қай мезгіл жайлы айттық?
Бағалау: Смайликтер сыйлау арқылы бағалау. (2мин)
- Балалар, бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?
-Егер, сабағымыз ұнап көңілді өтті десек алдымызда тұрған смайликтарды алып
Аттарыңды жазып, көңілді смайликтин немесе ұнамай көңілсіз өтсе көңілсіз смайликтін астына апарып жапсырмалайық.