7


  • Учителю
  • Конспект урока по литературному чтению на тему Ұшқан ұя (4 класс)

Конспект урока по литературному чтению на тему Ұшқан ұя (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Мамлют санаторлық орта мектеп- интернаты



Тақырыбы: «Ұшқан ұя» Б. Момышұлы

(ашық сабақ)

4 сынып

Өткізген: Шаукерова А.А.

бастауыш сынып мұғалімі



28.10.2014 ж



Әдебиеттік оқу 4 сынып

Сабақ тақырыбы: «Ұшқан ұя» Бауыржан Момышұлы

Сабақ мақсаты:

Білімділік. Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Өнерді құрметтеуге, өнер адамдарын тани білуге, өнерлі болуға баулу. Бауыржан Момышұлының ерліктерін әңгімелей отырып ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы. Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ қою, ой толғау, топтық, жұптық

Сабақ көрнекілігі: Б.Момышұлының суреті, сызбалар, плакаттар, маркер, стикер, интерактивті тақта, жазушы жайында слайд, сюжетті суреттер, мақал- мәтелдер

Сабақтың кезеңдері

Қолданылған стратегиялар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті.

Сабақтың барысы:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (топтық жұмыс, ойын.

Ұйымдастыру кезеңі: «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Сабақ басында оқушылардың көңіл- күйлері, смайлик арқылы көрсету

Сыныпты 2 топқа бөлу:

Түрлі түсті стикерлер арқылы екі топқа бөлінеді

Балалар мұғалімнің айтқанын орындайды, бір- бірлерімен әртүрлі қимылмен амандасады

Оқушылар көңіл- күйлерін стикерге салып көрсетеді



Топта отырады

Үй тапсырмасын тексеру:

І. Қызығушылықты ояту:

Пазл құрастыру



1.Ой толғау




Тақтада «Болар бала жасынан» әңгімесінен берілген сұрақтарға жауап беру, үй тапсырмасын қайталау, жаңа тақырыпты анықтау

Оқушыларға тақтада Бауыржан Момышұлы туралы не білеміз? деген сұрақ қойылады, 3 сыныпта өткенді пысықтау

  • Ал, Бауыржан атамыздың қандай романының үзіндісін оқыдыңдар?

  • Ал ендеше , бүгінгі сабақта да біз сендермен жазушы атамыздың « Ұшқан ұя» романының үзіндісімен танысамыз.

Әр топтағы оқушы кезектесіп тақтаға шығады, сұрақты оқып, жауап береді.


Оқушылар естеріне түсіріп отырып, жауап береді


«Ұшқан ұя»


ІІ. Мағынаны ажырату

Аялдамамен оқу

Бірлесіп оқу

Сөздік жұмыс



Өзара сұрақ қою

Әр топқа мәтін таратады

  1. Бірінші бөлімді таратып береді.

  2. Екінші бөлім таратылып беріледі.


Әр топ өз мәтіні бойынша берілген сөздерден постер құрайды, топтан бір оқушы шығып оны қорғайды

Құраған постер бойынша, өзара сұрақтар дайындайды


Сергіту сәтін өткізеді

«Жұмыр қылыш»

Топтағы әр оқушы мәтінді оқиды, оқығандарын топта талдап, қалған оқушылармен ой бөліседі.

Оқушылар топта мәтінді оқып отырып, постерге түсіреді

Әр топ бір- бірінің жұмыстарын тыңдап, сұрақтарға жауап береді

Оқушылар қимылдарды қайталайды

ІІІ. Қосымша мәлімет

АКТ ны қолдану, слайд көрсету

Мұғалім Бауыржан Момышұлы туралы қосымша ақпарат береді

Оқушылар мұқият тыңдап отырады

Қорытынды

«Сақина» ойыны арқылы сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушыларды орындықтарын ортаға шығартып, сақина салады, кімде сақина болса, сол сұраққа жауап береді, құтылып кетсе, қалған балалар жауап береді

Оқушылар орындарына отырып, ойын ойнайды

Бағалау

Өзін-өзі басқару

Рефлексия

Бағыт береді

Стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы жазады

Топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды

Үйге тапсырма

«Батыр Бауыржан» атты тақырыпта шығарма жазу

Шығармашылық тапсырма

Оқушылар шығарма жазып келеді




Сабақтан көрініс




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал