- Учителю
- Тәрбие сағаты: Төрт түлік – тірлігіміз.
Тәрбие сағаты: Төрт түлік – тірлігіміз.
Тақырыбы: Төрт түлік - тірлігіміз
Мақсаты:Оқушыларға төрт түлік-тірлігіміз жайлы түсінік беру. Жануарларға сүйіспеншілік, қамқорлық сезіміне тәрбиелеу.
Пайдалынатын құрал: түйе, сиыр, жылқы, қой, ойыншықтар.
Сабақтың барысы: Түйе, жылқы, қой, ешкі басқа жануарлардан айырмашылығы, ерекшелігі, пайдасы туралы әңгімелеу.
1.Жатқан жері даладай,
Екі өркеші баладай,
Азу тісі қаладай
Бұл қай жануар? (түйе)
Түйенің қандай пайдасы бар?
Түйеге өркеш неге керек?
Неге түйені «Шөл кемесі»-деп атайды?
Түйе немен қоректенеді?
2.Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті-дәрі.
Еті тамақ
Бұл не? (жылқы)
3.Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар
Бұл не? (ешкі)
4.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар? (қой)
5.Төрт түліктің бейнесін бейнелеу.
6.Ән: Қошақаным қайда екен?
7.Мақал-мәтелдер сайысы
8.Ойын: «Соқыр теке» Не қалай дауыстайды
Малды қалай шақырады
Биені-құраулап,
Түйені-көс-көстеп,
Сиырды-аухаулап,
Шақыра аламыз, сауамыз, бағамыз.
Мал атасы
Жылқы атасы-Қамбар ата
Сиыр атасы-Зеңгі баба
Түйе атасы-Ойсыл қара
Қой атасы-шопан ата
Ешкінің иесі- Сексек ата
Түліктің пайдасы
Түйе-байлық
Қой-мырзалық
Ешкі-жеңілдік
Жылқы-сәндік
Сиыр-ақтық