7


Разработка к новому году

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін.

Мектеп директоры: Ж.Е.Жумакулов.



Тексерілді.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Б.А.Омирова.









Разработка к новому году











































2015-2016 оқу жылы

Сынып жетекшісі: Т.С.Садвакасова.





Жаңа жылдық ертеңгілік «Жарқырай бер, сиқырлы шыршамыз!»

Сабақтың мақсаты:

Балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау. «Жаңа жыл» мерекесі туралы түсініктерін толықтыру, мерекеге арналған жаңа ән үйрену. Әнді бірін - бірі тыңдап, дұрыс орындауға үйрету. Ұжым болып жұмыс істеуге, жауапкершілікке, әнді сүюге тәрбиелеу.

«Жаңа жыл» мерекесіне сай безендірілген залда қонақтар, ата - аналар отыр.

Өту барысы:

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.

Мұғалім:

Жаңа жыл бірлік береке берсін елімізге

Береке ырыс келсін жерімізге.

Мешін жылын кең пейілмен қарсы алайық

Қуаныш шашу шашсын төрімізге

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан жылқы жылы мерекесімен құтықтаймыз. Бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Кешімізді жақсы көңіл - күймен бастайық.

Құрметті жамағат «Жақсы сөз - жарым ырыс!»- деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты, сезім сергек арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы --------орта мектебінің директоры ------- ағайға сөз береміз.

Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар. Қатты дауыстап атамызды шақырайық!

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.

Балалар, Кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізді шырқап, атамызды шақырайық!

Ән:«Ақ таяғын таянып» жырланады.

Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле - шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді.

Мұғалім: Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді Ақша қармен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

Амансыз ба, Аяз ата Қарша қыз

Ортамызға хош келдіңіз төрлеңіз

Балалардың өнерін тамашалап

Бізбен бірге ән салып, би билеңіз.

Аяз ата: Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға, бүлдіршін балаларға бip сәлем!

Қандай жарқын жүздерін, Асау желмен жарысқан

Қандай әсем жырларың Аталарың сендерге

Асаулармен алысқап, Шаршап келді алыстан.

Балалар. Сәлеметсізбе, Аяз ата!Ақшақар!

Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым!

Ән: Шырша жыры

Ақшақар: Ал, келіңдер, келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер,

Жомарт Аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер.

(Балалардың тақпақтары)

Қайсар: Жарқыраған шырағы

Шыршамыз да нұрланды

Біздің балғын балалар

Әсем әнді шырқайды.

Аяулым: Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

Енжарлықты тастайық

Шырша тойын бастайық.

Санат: Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Ерзат: Күні ертеңгі даналар.

Жаңа жылға арналған

Кешімізді ашайық,

Әсем әнге басайық..

Айғаным: Ән айтайық, қол ұстасып

Би билейік жөңкіліп.

Біреу қуып, біреу қашып

Мәз болайық, біз күліп.

Дидар:Жаңа жылың құтты болсын,

Мейірімді ата - анам.

Шалқып шығып келе жатыр

Жаңа бір күн жотадан!

Аяз ата: Ой, бәрекелді, жарайсыңдар, балаларым! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар

Нурдаулет: Жаңа жылың құтты болсын,

Асыл әжем, жан атам.

Жайнап атып келе жатыр

Алдымыздан жаңа таң.

Айнұр: Жаңа жылың құтты болсын

Қазақстан киелім!

Жаңа таңға, жаңа күнге

Тұр көк туым сүйеніп.

Өркен: Жаңа жылың құтты болсын

Отандасым, жан досым.

Жаңа таңға, Ұлы Отанға,

Мен басымды иемін.

Расул: Қуаныш пен шаттыққа кенелейік

Жадырап біз ән шырқап тербелейік.

Төрле, төрле халқымның құтты жылы

Бәріміз дөңгелене кел билейік

Балжан: Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы, арманы

Жақсы дәстүр көбейсін.

Еркебұлан: Оқ атпасын ешкім де

Өмір деген тым ыстық

Жұмыр жердің үстінде

Бұзылмасын тыныштық

Ақшақар ойыны «Кім көп қар түйіршігін жинайды?" ата-аналармен бірге ойын ойналады.

Ән:

Ақшақар: Балалар қандай керемет ән айтып , би билеп жатырсыңдар. Мен де билегім келіп кетті. Қыздар менімен билейсіңдер ме?

Би: «Ақшақар» биі.

Қайсар: Жаңа жыл кешінде

Кел достар бастайық

Бастайық жыл кешін.

Қызықтан бос қалып

Кей бала жүрмесін.

Аяулым: Кеткенде той тарқап

Құр қалдық демеңдер

Шығыңдар ортаға

Өнерлі өрендер

Санат: Аяз ата ойды, қырды

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы жаңа жылды

Ол да көптің бірі болып.

Ерзат: Қайда қызық болса думан,

Аяз ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен,

Балалармен бірге болды.

Айғаным: Үмітпенен көп тосқан

Келді Жаңа жылымыз

Кел достар, келіңдер

Әнді біз айтамыз.

Ән

Дидар: Көңілде мол қуаныш

Жүректе тек жақсы үміт.

Баршаңызға ағайын

Тілейміз тек жақсылық

Нурдаулет: Ей, ей, халайық,

Шаттанып қол соғайық

Жаңа жылды қарсы алып,

Ән мен жырға салайық

Айнұр: Шаттық сеуіп көңілге,

Ырыс сыйлар төрінде

Жаңа бақыт, жаңа жыл

Енгелі тұр еліме.

Өркен: Жаңа жылдың алдында Жылды қарсы алайық

Тойды еске алдым да Би билеп, ән салайық.

Ұйқымды ашып, сергідім Жаңа жылдың тойында

Ұйықтамаймын мен бүгін! «Жан салайық» ойынға!

Еркебұлан: Өнерін жұрт көреді

Тауып өз сыңарымды

Тайсалмай, биге түcin,

Тарқатам құмарымды.

Балжан: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Расул: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Аяз ата: Мен де балалармен ойын ойнағым келіп тұр,келісесіздер ме?

Ойын: «Әріптерді дұрыс орналастыр» ата - аналармен ойын.

Аяз ата:Балақандар, өздерің қандай өнерлі, ақылды, тәртіпті баласыңдар! Әрқашанда езулеріңнен күлкі кетпесін, өмірлерің ұзақ болсын, болашақтарың жарқын болсын, денсаулықтарың мықты болсын!

Ақшақар: Қане, балалар! Мен сендердің тапқырлықтарыңды көрейін. Жұмбақтарды шешіп көріңдер:

Ақсақалды шал жылына

Бip - ақ рет келіп кетеді

Қызы мен ұлына

Сыйлық алып келеді

/Аяз Ата/

Қыста ғана болады, Терезеге қонады,

Ұстасаң қолың тоңады. Әсем ою ояды.

(Қар) (Қырау)

Тікен, тікен тік пістe.

Қысы жазы бip тусте

(Шырша)

Қайсар: Қымбатты ата - аналар, ұстаздар, оқушылар, жас бүлдіршіндер! Сіздердің алда келе жатқан Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!

Аяулым: Жаңа жыл сіздерге жаңа бақыт, жаңа нұр, жанұяларыңызға қуаныш әкелсін!

Санат: Жаңа жыл сіздерге мол бақытымен, қуанышымен, үлкен - үлкен табысымен, ашық аспан, бейбіт күндерімен келсін!

Ерзат: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын ағайын!

Айғаным: Денсаулықтарыңыз мықты болсын ағайын!

Дидар: Арайлы таң ата берсін ағайын!

Нурдаулет: Дастархандарыңыз нанға толсын ағайын!

Айнұр: Ақ жүздерің гүлдей жайнап ағайын!

Өркен: Жаңа жылмен ақша қарың бірге жаусын ағайын!

Расул: Жаңа жылда көгілдір от сөнбесін!

Балжан: Тек сіздермен гүлденейік, бір жүрейік ағайын!

Еркебұлан: Жаңа жылда тек жақсылық тілейміз!

Бәрі: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын! Жаңа жылдарыңызбен!

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Біз сендердің көрсеткен барлық өнерлеріңе дән ризамыз. Киген киімдерін қандай әдемі! Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар: Сау болыңыздар!

Мұғалім: Құрметті қонақтар, балалар! 2016 - шы жаңа жылға арналған мерекеміз де аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!

Жаңа жыл.

Ескі жыл мен қоштасып,

Шығарып сап келеміз.

Жаңа жылмен достасып, 2 - рет

Алға баса береміз.



Келді, келді жаңа жыл,

Қуана қарсы аламыз.

Қол соғады дала, қыр, 2 - рет

Билейміз, ән саламыз.



Ойыншықтары түрленіп,

Ортамызда елка.

Аяз ата тұр келіп, 2 - рет

Тағып алған гүл алқа.



Аяз ата күлімдеп,

Кірді есіктен жайланып.

Берді сыйлық біртіндеп, 2 - рет

Билеп жүрміз айналып.





Шырша жыры





Қане достар тұрмайық

Қарсы алайық жыл басын

Қызықтан біз қалмайық

Шырша жыры самғасын

Ал достарым келіңдер

Келді Аяз атамыз

Би де билеп беріңдер

Шырша жырын айтамыз

Шырша жырын айтамыз

Құтты болсын жаңа жыл

Шыршамыз тұр жараса

Алдында Аяз ата жүр

Қуанады балаша

Ал достарым келіңдер

Келді Аяз атамыз

Би де билеп беріңдер

Шырша жырын айтамыз

Шырша жырын айтамыз

Аппақ қардай мереке

Даламыз да сан ғасыр

Жаңа жылдай мереке

Таба берсін жалғасын

Ал достарым келіңдер

Келді Аяз атамыз

Биде билеп беріңдер

Шырша жырын айтамыз

Шырша жырын айтамыз

Шырша жырын айтамыз











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал