7


Жігіт сұлтаны Даярлық топ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Жігіт сұлтаны» Байқауы:

Мақсаты:

1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Нақыл сөздер,музыкалық әуен, шарлар.

Байқауға қатысатындар: Даярлық топтарының жігіттері.



Байқау барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.

Бүгін сұлтан атанбақ! - дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады) музыка «Алға қазақ жігіттері»

  • 1. Мінезі оның салмақты, Сері жігіт Бауыржанұлы Мағжан, ортаға шақырамыз.

  • 2. Ата-әжеден оқыған, оқымысты болам дейді, Жақсыбай Аманай сынды жігітіміз.

  • 3. Өнерімді көрсетемін, сыныптастар ортасында, қошеметпен қол соғыңдар, Түгелбай Сұңғат сынды жігітке.

Қол соқсыншы ағайын.

(Қоржыннан асық алады, әрбір жігітке номерлер тағылады.)

2 - жүргізуші:

«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1.Қосанова Ұ.

2.Дабысова Р.

3. Ұлықпанова Р.



1 - жүргізуші:

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық! - деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.



Байқау бағдарламасы:

1. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер». (таныстыру)

2. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерлерін көрсету)

3. «...Білімді мыңды жығар» (сұрақтар)

4. «Жұмбақтар әлемі. »

5. «Үй тапсырмасы .»(өз қолдарынан жасаған қол өнер бұйымдарын көрсетіп,неден қалай жасағанын айтып береді.

6. Қорытынды:

Әрбір сайыста жоғары ұпай 5.4.3



2 - жүргізуші:

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.



1 - жүргізуші:

Ақыл - көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршыңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді - деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі

«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер...». деп аталады.

Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.

Музыка «Біздің жігіттер»

Өнер қуып жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәскеге түскен үш жігіт кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.



(Сайыскерлер өздерін таныстырып өтеді)

2 - жүргізуші:

Таныс болдық жігіттер тегіменен

Туып өскен мекені, еліменен.

Бәрі де ақын көрінеді,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.,

«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерлерін көрсету бөлімін бастаймыз.)



1 - жүргізуші:

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек тапқырлықты танытар.

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,

Жүлде сенде, қуана бер, күлімде - деп



3.Сайысымыздың келесі бөлімі «...Білімді мыңды жығар» (сұрақтар)



  1. Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?

  2. М дыбысынан басталатын сөз ойла.

  3. Оқушы сөзін буынға бөл.

  4. Жеті атаңды айт.

  5. Қыс туралы қандай тақпақ білесің? Сұңғат

  6. Парта сөзін әріптеп айтып бер.

  7. Қазақстан Республикасының Президенті кім?

  8. Қыс айларын ата.



  1. Дыбыс нешеге бөлінеді?

  2. Дауысты дыбыс қалай айтылады?

  3. Жеті атаңды ата.

  4. Апта күндерін ата.

  5. Кесе сөзін әріптеп айтып бер. Мағжан

  6. Отбасы құрамын ата.

  7. Президент күні.

  8. Білетін тақпағыңды айтып бер.



  1. Өткен дауысты дыбыстарды ата.

  2. Жеті атаңды айт.

  3. Қыс айлары.

  4. Ғарышкер сөзін буынға бөл.

  5. Тара сөзін әріптеп айтып бер. Аманай

  6. Қазір қыс мезгілінің қай айы?

  7. Тәуелсіздік күнін ата.

  8. Санамақ өлеңін айт.



Сайысымыздың келесі түрі«Ойға шабуыл» деп аталады. Сайысымыздың келесі бөлімі : «Жұмбақтар әлемі»



Сұңғат

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар. «Бидай»



Бұрап қойған сағаттай,

Айғайлайды таң атпай. «Әтеш»



Мағжан

Өзі айлакер, өзі бір қу

Жүрген жері айғай да шу. «Түлкі»



Қырға сүйреп шығам,

Ойға мініп,түсем. «Шана»



Аманай

Жүйткіген дәу үйіңді,

Жүйрік деп ел сүйінді. «Пойыз»



Тас жолда жұртты тасып жүр,

Жылдамдыққа басып жүр. «Автобус»



</ Сайысымыздың келесі түрі Үй тапсырмасы(өз қолдарынан жасаған бұйымын көрсетіп,неден қалай жасағанын айтып береді.)

1 - жүргізуші:

Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!

Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіне тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.



2 - жүргізуші:

«Жүзден - жүйрік» күшімен,

«Мыңнан - тұлпар» шықты шың

Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!

Құттықтайық ал енді

Сұлтан болған баланы

Өрге жүзіп өнері,

Тауға өрлесін талабы.

Қуанышты жанары,

Шоқтай болып жанады.

Әр номинация бойынша қатысушылар марапатталады.

Марапаттау: музыка«күй»

1.Бас жүлде - «Жігіт сұлтаны» Жақсыбай Аманай

2. I орын Түгелбай Сұңғат

3. II орын Бауыржанұлы Мағжан марапатталды.

1- жүргізуші:

Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз.Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал