7


  • Учителю
  • Ашық сабақ 'Менің сүйікті тағамым' 1- класс

Ашық сабақ 'Менің сүйікті тағамым' 1- класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

1-сынып

Қазақ тілі күні: 19.02.15 ж.

Сабақтың тақырыбы: « Менің сүйікті тағамым.»

Сабақтың мақсаты:

1.Тағам атауларын үйрету. Сүйікті тағамы туралы айта білуге дағдыландыру.

2.Тақырып бойынша сөздік қорын молайту.

3.Асты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік:Интербелсенді тақта,көкөністер,тамақтар,бауырсақ.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі .Шаттық шеңбері.

Біз қандаймыз!

Шұғылалы таңдаймыз!

Күлімдеген күндейміз!

Еш уайымды білмейміз!

Арайланып таң атты !

Алтын сәуле таратты!

Қайырлы таң, достарым!

Қайырлы таң ,балалар!

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушылардың көңілін сабақка аударуды ұйымдастыру.

Сұрақ жауап өткізу.

-Балалар қазір қай жыл мезгілі?

-Қазір қыс жыл мезгілі.

-Қыс жыл мезгілінің қай айы?

-Қыс мезгілінің ақпан айы

-Ақпан айының қай күні?

-Ақпанның 19-ы бейсенбі

-Мынау не?

-Асхана.

-Асханада не бар?

-Асханада тамақ бар.

II.Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру.

-Ендеше балалар қандай тамақ бар екенін біз бүгін білеміз,қазақша айтып үйренеміз. Сабақтың тақырыбы: «Менің сүйікті тағамым»

1-тапсырма -Алдарыңда ыдыста пазлдар бар.Сендер сол пазлды құрастырыңдар. Ненің суреті шығады екен?

-Суп,каша,беляш,плов,манты,бауырсақ-

-Ал ендеше біз осы сөздерді қазақша аударып айтайық.

1-тапсырма- Слайд :- көже,ботқа,бәліш,палау,мәнті, ,бауырсақ-қайталау хормен, 1-3 баладан алдарында не?-деп сұрап, қайталау.

Тыңдалым.Айтылым.

2-тапсырма- Асханада .

Мынау не ? - Мынау асхана. .(дисктан тыңдау)

-Сен не аласың?

-Мәнті аламын . Мәнті -менің сүйікті тағамым.-деп қайталау. Көже, бәліш сөздерімен сөйлемдер құрап , айту.

София,сен не аласың?-Мен көже аламын.Көже менің сүйікті тағамым.

Сергіту сәті:

Аяқпенен топ-топ-топ,

Ал қолменен хлоп-хлоп-хлоп.

Қолымызды бір сілтеп,

Бір оңға,бір солға

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды сілтейміз,

Басымызды шайқаймыз.

Бір оңға,бір солға,

Айналайық кел мұнда.

Секірейік жоғары,

Қиын емес секіру.

Бір оңға ,бір солға,

Секірейік кел мұнда.

3-тапсырма толықтырып айту, тақтамен жұмыс.Тақтада суреттерді ілу,кесте түрінде.

көже-ні

Мен ботқа-ны жақсы көремін.

бәліш-ті

мәнті-ні

бауырсақ-ты

Оқылым.

4-тапсырма : Мәтінді оқу .Сұрақтар қою.

Мынау не?

Мен не жеймін?

Бауырсақ қандай?

Мен нені жақсы көремін? Мәтіннің атын не деп атаймыз.

Балалар жаңа сөздерді дәмді,жақсы көремін аударайық.

Сөздік жұмыс: дәмді ,жақсы көремін.

Жаңылтпашты тыңдап,қайталау.

Жазылым.

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма.Тамақ аттарын жазу.

2-тапсырма .Толықтырып жазу.

Ойын: «Не керек?»

Борщ, палау дайындауға не керек ?. Рольге бөліп ойын өткізу.

Борщқа орамжапырақ ,сәбіз,пияз,картоп ,ет аламын.

Палауға ет,күріш,сәбіз,пияз аламын.

Сабақты қорыту.Тағам атауларын атау.Сендерге не ұнады?

Үйге тапсырма беру.Сүйікті тағам суретін салып келу.К.106-107 б.4-т,ж.д 11 б.3-т.

Тосын сыйлық (бауырсақ беру, дәмін тату.)




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал