7


  • Учителю
  • Мақала Іздеген жетер мұратқа

Мақала Іздеген жетер мұратқа

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектебіңде не жаңалық?!



Ізденген жетер мұратқа

Егеменді ел болып, етек-жеңімізді енді ғана жинап болған қазіргі шақта халқымыздың тәлім-тәрбиесін игерген, рухани бай, ел болашағын ойлайтын, парасатты да саналы азамат тәрбиелеу-біздің, ұстаздардың басты міндеті. Білім мен тәрбиені сабақ барысында ұштастырып, бірлікте оқыту - әрбір ұстаздың басты шарты болса, сынып жетекшілері тек сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да іздене жүріп, оқушылардың бойына тәрбиенің, соның ішінде ұлттық тәрбиенің, ең ізгісін, ең асылын сіңіре білуі керек.

Сан ғасырлар жасап келе жатқан қоғамның басты тірегі ұстаз екені айдан анық ақиқат. Ұстазсыз өмірде де, мектеп те де, қоғамда да алға жылжып, әлде бір жетістіктерге жетем деу әурешілік. Ұстаздың орны әр кезде де бөлек. Ендігі өркениетті елдер қатарына ұмтылып жатқанда да, оған қол жеткенде де білікті де парасаты мол мамандар бұрынғыдан да қажет. Бүгінгідей білімді бір кітаптан алумен ғана шектелмейтін, ақпараттар ағыны телегей теңіздей өмірде кімнің болса да алған бағытына жол сілтеп отыратын тағы да осы ұстаздар. Байқап отырсақ, ауыл мұғалімі мен қала мұғалімі арасының да айырмасы шамаланғандай. Айырмасы бірі туған ауылында қалса, бірі аудан-қала мектептерінде қызметін атқарып жүр. Бірақ, олардың бәрінің алдындағы ортақ міндет біреу ғана - ол үнемі заман көшіне ілесуде біліктілігін арттырып отыру.

Міне, осы парызды абыроймен атқарып жатқан ұстаздар қауымының қатарындағы педагогтар ұжымының бірі - каладағы № 8 негізгі мектеп. Ұстаздардың бір анық мақсаттары бойындағы бар білімін алдыңдағы шәкіртіне беру ғана. Осыған орай, мектептің аралас құрамдағы мұғалімдері оқушылармен жұмыс жасаудың сан алуан жоспарларын ғана емес, қосымша іс-шараларын да тиянақты, сауатты жоспарлап, белгілеп қойған. Оған қоса, түрлі мәдени шаралар мен тақырыптық мерекелердің бел ортасынан көріну өз алдына. Бұл тұста мектеп мұғалімдері уақытпен санаса бермейді.

Биылға 2014-2015 оқу жылында мектебімізге ұстаздар қатары жас мамандар санымен толықтырылды. Жас мамандар Тұрымтаев Ерасыл Әбдібекұлы бастауыш сынып мұғалімі, Балғабаева Әсем Бауыржанқызы бастауыш сынып мұғалімі, Бұхарбаева Данагүл Дәбиханқызы қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі. Жас мамандарға тәлімгер ретінде білімді де, білікті ұстаздар тағайындалды. Мектебіміздің ұжымында үлкен өзгерістер болып жатса да жоспарланған жұмыстар өз ағымымен жүріп жатты. Бүгінгі таңда мектебімізде «Жас мамандар» мектебі өз жұмысын әрі қарай жалғасын тауып жұмыс атқарып келеді. Ұжымымызға жаңадан қосылған, өзінің ұстаздық еңбек жолын №8 негізгі мектептен бастаған жас мамандарға тәлімгерлер үнемі ұстаздықтың қыр-сырын үйретіп, ақыл, кеңестер беріліп отырады. Жас маман Тұрымтаев Е.Ә осы ұжымға келген күннен бастап қыркүйек айында мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге сынып жетекші болып тағайындалды. Қазан айындағы үлкен іс- шарада Тұрымтаев Е.Ә «Қарттарым аман- сау жүрші!» атты іс- шараға жас маман болса да өз сыныбын ұйымдастырып қарт ата, әжелерге сыйлықтар тапсырып, қарттарымыздың бір күнін көңілді өтуіне өз үлесін қосты. Желтоқсан айында алғаш қолдарына ұстаған кітаптары «Әліппені» сәтті аяқтап. «Қош сүйікті Әліппем!» атты сыныптан тыс іс- шарасы жоғары деңгейде өтті. Қалалық «Абай оқулары» атты үлкен іс- шараға да қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері Исмагулова Сәуле Қоғабайқызы мен жас маман Бұхарбаева Данагүл Дәбиханқызы дайындаған Әбдібекова Аяжан «ынталандыру сыйлығына» ие болса, Есімханова Жансая «Сәулең болса кеудеңде...» номинациясынан ІІІ орынды жеңіп жүлделі орындармен оралды. Қаламызда өтіп жатқан мектеп жасындағы спорттық іс- шараларға мектебіміздің дене шынықтыру пән мұғалімдері Нүркен Мәдихан Міржақыпұлы мен Нокишев Абат Берікұлы да оқушыларды дайындап, белсенділікпен ат салысып, жүлделі орындармен оралып жүр. Жұмысымыздың бірінші жарты жылдығында жеткен жетістіктеріміз де жоқ емес.

Қаладағы № 8 негізгі мектептің ұстаздар қауым жас ұрпаққа салалы білім беруде өзіндік жолын осылайша ізденіспен атқарып жатыр.

Ел басшысынан бастап даладағы еңбекшіге дейін мектеп босағасынан өтіп, тәрбие алып шығатыны белгілі.

Тәрбие жолы - қиын жол. Өмірді өрнектейтін адам -ұстаз шәкірт алдындағы парызын ешуақытта ұмытпайды. Мүлт етсе үлкен қателік жіберіп алатынын біледі. Ал тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай іс емес. Мектептегі әр ұстаз ізденуді, білім беруді, баулуды, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндет, айбынды мақсаты деп біледі . Мектеп басшысы Иманкулов Н.Е басқарған ұжым өз жұмысын абыроймен орындап қаламыздың белді мектептер қатарынан көрініп, биік белестен көрінетінімізге сенемін! Жас ұрпақты білімді, жан- жақты етіп өсіруге әрбір ата-ана, мектеп және бүкіл жұртшылық болып қатысу керек. Сондықтан да ұстаздар қауымы, сапалы білім бере отырып, еліміздің болашақ жастарын ұлағаттылыққа тәрбиелейік!



Баймолдина Жанат Ермекбайқызы

№ 8 негізгі мектептің бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал