- Учителю
- Конспект урока по казахскому языку на тему Сөз және оның мағынасы (4 сынып)
Конспект урока по казахскому языку на тему Сөз және оның мағынасы (4 сынып)
Сыныбы: 4 | Күні 26.11.2014 ж Пәні -қазақ тілі | ||||
Сабақтың тақырыбы | Сөз және оның мағынасы | ||||
Мақсаты
| Сөздердің әртүрлі мағынасын қайталай отырып; сөздердің мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге, ажырата білуге үйрету және фразеологиялық сөз тіркестері туралы түсінік беру. Сөз мағыналарын дұрыс қолдана білуге баулу. Өз бетінше орындауға, ізденуге, зерттеуге үйрету. | ||||
Күтілетін нәтижелер
| Сөздерді мағынасына қарай сөйлемде қолдана біледі. Сөздік қорларын артады, шығармашылық қабілеттері, ой-өрісі дамиды. | ||||
Әдіс- тәсілдер | АКТ, СТО, ОҮБ, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, мақал-мәтелді түсіндіру, сұрақ- жауап «Мен саған, сен маған», «Дұрыс па, бұрыс па?», «Поезд» тренинг, рефлексия, топтастыру | ||||
Керекті жабдықтар | Үлестірмелі карточкалар, мақал-мәтелдер, смайлик, бағалау парағы, плакат, маркер, дәптер, интерактивті тақта, эмблема | ||||
Сабақ барысы: | |||||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |||
Кіріспе
| Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру. Үй тапсырмасын тексеру.
| Оқушыларды ортаға жинап, поездың вагонын құрастыру (психологиялық ахуал туғызу) «Поезд» жаттығуы
Топқа бөлініп отыру. Санау бойынша 1,2 нөмірлері 2 топ құрайды. Оларға топтың атауы, эмблемасы ұсынылады. 1-ші топ «Ойшылдар» ұраны: Оқусыз білім жоқ, Балалар топта отырып, «Мен саған, сен маған» топтар бір- біріне сұрақтар қояды. | |||
Тұсауке сер
Негізгі бөлім
| Жаңа сабаққа кіріспе. а) өткенді еске түсіру. - Сөз дегеніміз не? - Сөздің қандай мағыналарын білесің? «Сөз және оның мағынасы » туралы өткен сыныптарда алған білімдерін еске түсіру. Мысал келтіреді Үлестірмелі карточкалармен жұмыс. Постер құрастыру Әр тапсырманы жеке қарастыру
Сергіту сәті «Жұмыр қылыш» Мақал- мәтелдерді түсіндіру | Дәптерлеріне күннің жадысы мен сабақтың тақырыбын жазып алады.
Жақсы, әдемі, қой, сұлу, жаман
1) Көп мағынасын табу (омонимдер) Жүз: ақша, сан, қимыл, бет-әлпет, |
Біз: етік тігетін құрал, көпшілік,
Жаз: жыл мезгілі, дәптерге жазу, алашаны жазу
Жақ: дене мүшесі, от жақ, оң-сол жақ, нанға май жағу
2) Берілген мақалдардың ішінен қарама- қарсы сөздерді (антонимдерді) тап.
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет.
Көз қорқақ, қол батыр.
Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар
Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.
3) Мәндес сөздерді (синонимдер) жазу.
Әр топ үш сөзден.
Ел- халық, жұрт, көпшілік, қауым, халайық.
Әдемі- сұлу, көркем, келбетті, сымбатты
Мереке- мейрам, той, қуаныш, мерей
Мықты- күшті, қайратты, жігерлі
Қорытынды
Үйге тапсырма
Бағалау
Қорытындылау
«Дұрыс па, бұрыс па?»
а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу
Үйге тапсырма: үйге берілген тапсырма түсіндіріледі
Бағалау: ұстаздардың бағалауы:
Формативті бағалау. Оқушылардың өзара бағалауы өтті.
Рефлексия «5 минут»
2 жұлдыз, бір тілек
-
Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды. дұрыс
-
Қарама-қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады. дұрыс
-
Жақсы, жаман - синоним сөздер жоқ, олар антоним
-
Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды. иә
-
Бастауыш - сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі
жоқ, тұрлаулы мүшесі
-
Дауысты дыбыстар 2-ге бөлінеді
Иә, жуан, жіңішке д\дыбыстар
-
Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады
жоқ, үтір қойылады
Сөз мағынасының түрлеріне 3 мысал келтіріп, сөйлем құрастыру
Мағынасы мәндес,жуық сөздер.
Мағынасы қарама-қарсы сөздер.
Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер
Бағалау парағы бойынша қорытынды жасау
Бүгінгі сабақтан алған білімдері мен әсерлерін айта отырып, қорытындылайды. Алдымен әр топ бірін-бірі бағалайды, одан кейін мұғалімнің оқушыларды бағалауы.