- Учителю
- ҚАзақ тілі 'Дауыссыз к мен г'
ҚАзақ тілі 'Дауыссыз к мен г'
Пән:қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г
Сабақтың мақсаты:
1. дауыссыз к мен г-нің жазылу емлесімен таныстыру, дауысты дыбыс қосылғанда қандай өзгеріске ұшырайтынын түсіндіре отырып, сауаттылыққа жетелеу, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету;
2. ой шапшаңдығын дамыту, берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету, сөздік қорын молайту;
3. ұлттық тәлім-тәрбиенің асыл нәрін сіңіру, бауырмалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды игеру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау техникасы, ой қозғау стратегиясы, тірек сөздер арқылы болжам жасау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер, слайд
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық.
Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
(құшақтасып көріседі, қол алысып амандасады.)
Қайталау («Ой қозғау» стратегиясы): Дауыссыз дыбыс түрлеріне тоқталып кету.
ІІ. Жаңа сабақ: Жұмбақ жасыру.
Жұмбақтағы «бесік», «төсек» сөздеріне «і» әрпін қосып айтқызу және дәптерлеріне жазғызу.
Сөз соңындағы «к» дыбысынан кейін, дауысты дыбыс келсе, ол «г» дыбысына айналады. Мысалы: елек-елегі, кірпік-кірпігі т.б.
• Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу.
Сөздерді оқу, мағынасын ашу, «к» дыбысы мен «г» дыбыстарының орнын анықтау.
Кебек, серік, терек, берік, көлік, жібек.
Гүлдесте, бүрге, тегіс, жігер, үзеңгі.
• Дәптермен жұмыс
Күннің реті Көркем жазу
• Сергіту сәті:
Кәне қанат жазайық! (қолдарын екі қапталға созады)
Көгершінге ұқсайық. (қолдарын қимылдатады.)
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық! ( орындарына отырады.) ( слайд )
3- жаттығу. Заттардың атын жазу.
• Суретпен жұмыс
Сөздерге «і» дыбысын қосып жазу. Мысалы: елік-елігі т.б.
• Анаграмма «К». «К» дыбысынан басталған сөздерді жазу.
(Күлән, көкек, көмір, кеспе, кітап, күрек, кірпі, көмек, көжек)
• Ойын «Қай әріпті жоғалттым?»
Шәйне......... еті......
өрі....... бөлтірі........
күре....... белді.......
ІІІ. Сабақты қорытындылау, бағалау.
Санамақты оқу, жаттау. Ішіндегі «к» дыбысына аяқталған сөздерге «і» әрпін қосып жазу. Саусақтардың атауымен көрсету, жаттату.
Ережені қайталатып, мысалдар келтіру.
• Мақал-мәтел айту
Ата-бәйтерек, Жол атасы - тұяқ,
Бала - жапырақ. Су атасы - бұлақ,
Сөз атасы - құлақ.
IV. Үйге тапсырма
4,5 - жаттығу. Ереже жаттау