7


  • Учителю
  • Тақырыбы: Нан қасиетті тағам (2 сынып)

Тақырыбы: Нан қасиетті тағам (2 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: "Нан қасиетті тағам"

Мақсаты 1.Оқушыларға қасиетті тағамның бірі - нан екенін, нанның дастарханға қалай келетіні туралы түсінік беру

"Ас атасы - нан"екенін түсіндіру,

2.Дүниетанымын, ой-өрісін, еңбекқорлығын, адамгершілігін ояту және дамыту.

3.Нанды қастерлеуге, ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек етуге тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс

Көрнекіліктер нақыл сөздер сөзжұмбақ тірек сөздер кесте

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

"Жаңа күн"

</<font face="Times New Roman, serif">"Нан - қасиетті тағам"

Тыңда ерлер түлетті

Тың адамды үйретті

Нан үшін олар тер төкті

Кім? Не істейді?

1. Тракторшы

2. Диқаншы

3. Комбаиншы

4. Жүргізуші

5. Диірменші

6. Наубайшы

7. Дүкенші

- Нанды дайындаудың жұмыс тәртіптері қандай?

- дән себу

- астық жинау

- диірменге әкелу

- нан пісіру

- егістікті күту

- ұн тарту

- дүкенге әкелу

- жер жырту

- элеваторға әкелу

- нан илеу, ашыту.

Тағамға байланысты ырым-тыйымдар:

"Нанды аяқ астына тастама"

"Сүтті төкпе, баспа"

"Жерде жатқан нанды еңкейіп ал"

"Тамақ ішкен кезде сөйлеме"

"Тамақты төкпей-шашпай іш"

- Біздің халқымыз кез келген затқа, кез келген іс-әрекетке дана ойларын, нақыл сөздерін айтып отыратын халық.

--Обал-сөзіне түсінік беру.

Кез келген дүние, жақсылық атауы бізге еңбек арқылы келеді.

- Еңбекке қатысты мақал-мәтелдер айтайық.

1.Ас атасы - нан.

2. Еңбектің наны тәтті. Жалқаудың жаны тәтті.

3.Нан - қасиет, Нан -береке, Нан - мереке.

4.Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей

Қорытынды: "Нан қасиетті тағам"- деп бекер айтылмаған.Нанның қасиеті бізге тоқшылық, байлық, тыныштықты әкеледі.Нансыз өмір сүруіміз мүмкін емес. Нан - тіршілік тірегі.Нанды қастерлеуіміз керек.Ысырап етпей үнемдей білуіміз керек.Нан бізге адал тынымсыз еңбектің арқасында келетінін естен шығармауымыз тиіс.

-О, адамдар! Кең пейілділер!

Бір дән жолда жатса

Ұлылықпен еңкейіңдер!















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал