7


  • Учителю
  • Ғылыми жұмыс тақырыбы Сабынды үйде жасау

Ғылыми жұмыс тақырыбы Сабынды үйде жасау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектеп - гимназия





















Ғылыми жұмыс тақырыбы Сабынды үйде жасау

Ғылыми жұмыс тақырыбы Сабынды үйде жасау











Жұмысты орындаған:

Мырзабекова Дина

3 «Ә» сынып оқушысы





Жетекшісі:Тукенова А.К.













Макинск 2013

Тақырыпты таңдаудың өзектілігі:

Тазалық - денсаулық кепілі! Бұл мақалды барлық адамдар біледі. Біз күнде жуынамыз, қолдарымызды жуамыз. Сабынсыз күндерді елестете алмаймыз. Кірдің ең мықты жауы- сабын екеніне келісемін. Сабынды қолдану біздің өмірімізге нық сіңіп кетті, молшылықтан күнделікті қажетті затқа айналды. Бүгін әр адам дүкенде өзінің қалауы мен таңдауы бойынша ұнаған сабынды сатып ала алады.

Тақырыпты таңдау себебі:

Жақын арада мен дүкендерде тек қана зауытта жасалған сабындардан басқа, түрлі түсті, пішінді сабындар бар екенін байқадым. Сонда анамнан білгенім, соңғы жылдарда « сәнді» хобби - сабынды үйде жасау кең таралғанын. Мені қызықтырғаны, егер сабынды кез келген дүкеннен сатып алуға болса, оны не үшін үйде жасайды? Сабынның пайдасы бар ма? Адам денсаулығы үшін сабынды қолдану пайдалы ма?

Менің жұмысымның мақсаты:

  • Дәл осы себептен мен білгім келді:

  • Сабын қайда, қашан пайда болды;

  • Сабын жасау үшін нелер қажет;

  • Үйде сабын жасауға бола ма?

Менде мынадай болжам пайда болды: егер сабынның құрамын білетін болсам, оны үйде жасауға болады.

Зерттеу нысаны: сабын

Зерттеудің әдіс-тәсілдері:

  • Өздігінен ойлану;

  • Үлкендерден сұрау;

  • ітаптардан, энциклопедиялардан қарау;

  • Компьютерден ақпарат алу;

  • Тәжірибе жұмысын жүргізу.



Жоспары:

  1. Кіріспе бөлім.

  2. Негізгі бөлім.

  1. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі.

  2. Сабынның шығу тарихы.

  3. Қара сабынның жасалу жолы.

  4. Қара сабынның керемет қасиеттері.

  5. Қолдан жасалған табиғи сабын.

ІІІ. Қорытынды.

















  1. Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі.

Адам - табиғаттың перзенті, бір бөлшегі. Табиғат - адамның асыраушысы, яғни тамағы, киімі, үй - панасы, дәрі - дәрмегі. Әрбір тұтынған затымыз таза табиғи болса - деніміз сау болады. Бүгін мен сіздерге таңғажайып табиғаттан алынатын - қара сабын туралы мағлұмат бермекпін. Медицина дамымаған кезде жұқпалы дертпен қалай күрескен? Қазіргі дәріхана сөресінде толып тұрған дәрі - дәрмек орнына не қолданған? Кез келген дүкенде сатып ала алатын сабын болса, оны үйде жасаудың қажеттілігі қанша? Міне, осы сұрақтарға жауап іздедім. Тапқан жауабымды сіздерге жеткізсем деп едім. Ғажайып табиғаттың сырын білген халқымыз жұқпалы дертке ем болатын және адам қажетіне жараған сабынды ерте кезден - ақ қолдан әзірлеген.

  1. Сабынның шығу тарихы.

Сабын - тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін жедел өркендеді. Орта ғасырларда Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды. Қазақ арасында сабын сөзі одан әлдеқайда ертерек пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады. Мәселен, Бұқар жырау (1668-1791 жж) өлеңдерінде мынандай жолдар бар екен:

Қара қойдың терісін,

Сабындап жусаң ағармас…

Одан кейінірек Шал ақын Құлекеұлы (1748-1818 жж) былай депті:

Сабының сақар болды дені келін,

Көрмедің шыбын құрлы мені келін

Сабын - жоғары май қышқылдарының тұздары. Жалпы химиялық формуласы: RCOONa. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған; Әбу Әли ибн Сина өз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы мәлімет берген. Ал скифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9 - 10 ғасырларда Орта Азияның Асбара (Исфара), Бахи, Термез қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастады.

Сабын - жоғары температурада балқиды, ыстық суда ериді, жуғыш қасиеті бар. Қарапайым сабын - корбон қышқылдарының тұздары. Оны глицерин мен әр түрлі май қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар, балық майлары) алады.

Өнеркәсіптік жолмен сабын алу үшін көптеген шикізаттар (өсімдік майы, жануар майы, KOH, сода, NaOH, сақар, конифоль, нафтен, т.б.) қолданылады. Майдың гидролизінен алынған ерітінді қатайғанда, глицерині бар сабын түзіледі. Оған ас тұзын қосқанда қатты сабын алынады. Құрамында май қышқылдарының тұзы мен органикалық және бейорганикалық қосымша заттар болатын кір сабын, 72%-ды қатты сабын, хош иісті заттардан тұратын иіс сабын, медицинада қолданылатын арнайы сабын тәрізді түрлері бар.

Қазақтар жануар майын алабота, сексеуіл шырпысы немесе басқа өсімдік күлімен (сақар</</u>) араластырып, қайнату арқылы қолдан қара сабын жасаған.

Алабота (лат. Atriplex) - біржылдық шөп текті өсімдік.

Биіктігі 20 - 80 см, кезек жапыратқты, шөлге шыдамды өсімдік. Денесінде ұсақ тозаңы болады. Орталық Азияға, Қытайдың батыс бөлегіне (лат. Atriplex centralasiatica), және өзге бір түрі Сібірге көп тараған. Жемісін күзде жиып алып дәріге пайдаланады.



  1. Қара сабынның жасалу жолы.

Бағзы халқымыз көшіп - қонып, жаз жайлау, қыс қыстауда күнелтіп жүріп, өзінің кір - қоңын, киім - кешегін, көрпе - жастығын мұнтаздай таза ұстаған. Даласы қалай таза болса, үй - іші де сондай ретті, оюлы сырмағы қағулы, түскиіз, шымылдығы жуулы тұратын. Әсіресе, халық өзі қолдан жасайтын қара сабыны кірді кетіруімен, емдік қасиетімен, үнемділігімен ерекше. Бүгіндері ұмыт болып бара жатқан бұл сабынды жасаудың өзі оңай шаруа емес.

Сақар - күлден шығады

Бізде мұны «қара сабын» деп атайды. Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар. Әуелі, сары күзде буыны пісіп, сабағы қатайған алаботаны бір жерге жинап өртейді. Кейініректе күнбағысты соғып алған соң, оның қапағын кептіріп, соның да күлін пайдаланатын болды. Алаботаның күлін суытып, кендір қалтаға салады. Әсіресе, кесек - кесек боп ұйыған күл қорытпасынан сақар көп шығады. Күлің қанша көп болса, сонша жақсы, себебі, төрт - бес қалта (дағар) күлден, жарты қалта сақар алынады. Қалтадағы күлді шиден жасалған шыптаның үстіне жұқа бұл жайып, айналасын кенеулеп, ойыққа төгіп, астына үлкен тегене қояды, күлдің үстінен сақылдап қайнаған суды құяды. Сол кезде күлдің сөлі, нәрі сумен бірге ағып, тегенеге жиналады. Сол суды тұнытып, астындағы тұнбасына қоспастан майланған қазанға құйып қайнату керек. Нілі сорғыған күлді ауыстырып, жаңалап, астындағы жиналған суды тұндырып, майланған қазанға дер уақытында құйып алу керек. Қарағай, қайың, тораңғы секілді бір қалыпты маздап жанатын ағаштармен қайнаған күлдің суы құрғақ сақарға айналады. Төрт - бес қазан күлдің сөлді суынан жарты қазан сақар жинауға болатынын ескерсеңіз, қыруар еңбектің жемісі арқылы келетінін бағамдай беріңіз. Мұнда ескеретін бір жайт, күнбағыстың яки алаботаның күлі болса да, оның үстінен құйған сумен ағатын ащы нілі көбірек болғаны өте маңызды. Әдетте, тегенедегі күл суының түсі қызылкүрең бояуға жуық. Оны қайнату барысында, алған сақарыңыз майда, уытты болады. Бұл өзара қоспалар арқылы ажырату әдісі. Бұрынғы апаларымыз күз келсе болды, алаботаны өртеп, неғұрлым көбірек сақар жинауға ұмтылатын. Себебі, алған сақары бір жыл бойы сабын жасауға жетуі керек. Сақар - сабын құрамының негізгі қоспасы. Сақар алу барысы бір күннің шаруасы емес. Бір қазанмен қайнатар болсаңыз, үш - төрт күн қатарынан нілді суды қайнатқанда, үлкен бір әулеттің бір жылдық сабынына қажетті қоспаны даярлай аласыз. Мұны үш - төрт түтін бірігіп, бірге алабота өртеп, күлдің нілін ағызып, одан сақар жасап та жатады. Есесіне, үш - төрт жерошаққа қара қазан асып, сақарды да көбірек алуға тырысады.

Сақардың сабын жасаудан бөлек, өзіндік емдік істерге қолдануға тұрарлық қасиеттері де жетерлік. Соның бірі - әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеуге жарамдылығы. Әсіресе, бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алатын бұрындары.

Қара қазан қайнаған

Біз сабынға қажетті ең негізгі қоспаны алуды үйрендік делік, енді сабынды қалай жасауға болатынын айталық. Ауыл - аймақта сабын жасау үрдісі үш - төрт ақ жаулықтыға ғана бұйыратыны бар. Өйткені, сабынды көрінген адам қайната алмайды. Мұнда халқымыздың түсінігінше, сабыны дұрыс қайнамаса, тасып - төгіліп кетсе, дұрыс жасалынбаса, сабын қайнатқан адамның жолы ауыр болады деп пайымдаған. Жақсылыққа жорымаған. Мұндай кезде сабын жасайтын адам қазан маңына бөгде кісіні жолатпаған. Көбінесе, оңаша, қалтарыс жерде қасындағы от жағып, ошақтың күлін төгіп, қолғабыс ететін адамнан басқаларға қазанға қарауға рұқсат бермейді. Бұл - ырым. Оны бұлжытпай орындау өте маңызды. Алдымен, ішіңізден «бісімілләны» айтып, Алладан игілікке істеуін сұрайсыз жасар жұмысыңызды. Әбден тазалап жуылған, майланған қазанға бір кесе сақар салсаңыз, оның үстіне дәл сол кесемен қойдың немесе басқа малдың екі кесе майын қосасыз. Бұл жерде қандай малдың немесе ненің майын қосуыңызға байланысты өзара теңшемелі бұл өлшем өзгеруі де мүмкін. Қазаныңыз үлкен болса, үш - төрт кесе сақар салып, соған сай май құясыз да, еппен қайната бастайсыз. Қазаныңыз қайнаған сайын оны арнайы ағаштан жасалған қалақшаңызбен үзбей араластырып отырыңыз. Бұл күймей, барлығы бір қалыпты қайнау үшін қажет шара. Қазан үш рет қайнайды. Р рет қайнаған сайын, бетіне суық су бүркіп, ожаумен аздап құйып отырасыз. Үшінші рет қазаныңыз тасыған соң барып, қазандағы араласпаңыз басын болды деуіңізге болады. Бір қазан сабынды ыстық күйінде сабынға бөлудің де өз жөні бар. Егер жасаған сабыныңыз көп болса, үлкен сабыннан екі - үшеуін домалақтап, арнайы матаға әдемілеп орау ләзім. Мұндай сабындар көбінесе кір - қоң жууға арналады. Жалпы, сабынды көптігіне қарай, үшке, беске, жетіге бөледі. Тақ санға бөлудің де өзіндік мән - маңызы бар екендігі анық. Кейде сабын әбден даяр болғанда оның ішіне жуылған, майдалап түтілген жүнді қосып жатады. Бұл жыл бойы істету үшін домалақтап жасаған сабыныңыз бөлініп кетпес үшін қолданатын амал.

Бұзаушық

Сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке сынды. Бұл өзі михнаты көп жұмыс болғандықтан әрі кім көрінген жасай бермейтіндіктен, ауыл жұртшылығы кім сабын жасаса соған сәлем айта келіп, сабын қалап - сұрайтыны бар. Қазандағы сабынды үлкен шүберектерге әртүрлі деңгейде ораған соң, қазанның түбінде қалған азырақ бөлігін кішкентай ғып, әдемілеп домалақтап, балаларға сақтайды. Мұны бұзаушық деп атайды. Бұзаушық баланы шомылдырғанда істетіледі. Мынау сенің бұзаушығың деп, қыз балаларға меншіктеп беретін де дәстүр болған. Кейде көрші - қолаңның келіндері қасына жас баласын ертіп келетіндіктен, баласына арнайы бұзаушық жасап та беретін болған. Ауыл - аймақ сабын сұрап келсе, өзінен артылғанын беру дағдылы іс. Бірақ үлкен сабынды ортасынан бөліп, жартысын беру дәстүрі жоқ. Ондай кезде сабыннан берекет, үйден құт кетеді деп ырымдайды.



4. Қара сабынның керемет қасиеті:

1. Кір қоңды кетіру деңгейі жоғары (бұрын қазақ майлы тағамдарды, етті көп жегендіктен, киімдері соған сай майласып кететін, оны тап - таза етіп қара сабынмен жуған. Қазіргі кір кетіргіш тазартқыштар сияқты қолды бөріттіріп, қышытпаған.

2. Жұқпалы тері ауруының емі. (Қышыма, қотыр, бөрітпе, безеу сияқты жұқпалы ауруларға кір сабынды жағып күніне төрт - бес рет жуған)

3. Шаш тазартқыш (Қазақ қыздары төгілген қара қолан шаштарын осы қара сабынмен жуған. Шаштары майланбаған түспеген.

4. Тұмау емі (тұмауратқан адамға жұқа матаға қара сабынды сулап жағып, иіскеткен. Әр иіскегенде он минут жұмсаса мұрны ашылып аурудан тез айыққан.

5. Ыдыс тазартқыш (ыдыс - аяқтарын қара сабынды суға езіп сумен жуғанда ыдыс тап - таза болған)



Қолдан жасалған сабын несімен тартады?

• Бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі - табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер.

• Тазартудан бөлек (негізінен сол үшін қолданылады) ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді. Ал бұл үшін өте маңызды.

• Қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұл дүкендегі ұсқынсыз, химиялық хош иісті сабын кесегі емес, оның әр шығарылымы өздігінен қызықты әрі ерекше.

• Сабынды қолдан жасау барысында клиенттің қалауы мен қажеттіліктері ескеріледі. Құрамы: түс, көлемі, пішіні - барлығы да арнайы тапсырыс бойынша жасалына алады.

• Қолдан жасалған сабын жас балаларға да, жасы үлкендерге де ерекше сыйлық бола алады.

• Қолдан сабын жасау бизнесін ұйымдастыру үшін көп қаражат қажет емес. Ғимаратты жалға алудың және арнайы құрал жабдықтарды сатып алудың қажеті жоқ. Енді мен сіздерге сабын дайындауды көрсетейін.





6.Қолдан жасалған табиғи сабын.



Ғылыми жұмыс тақырыбы Сабынды үйде жасау

Үй жағдайында сабын қайнату - өте жағымды және шығармашылық процесс. Себебі, сіз оған өзіңіз қалаған қоспаларды қосып, кез келген рецепт бойынша дайындай аласыз. Сізге тіпті өзіңіздің жеке рецептіңізді ойлап тауып, дайын өнімге кез келген түс пен түрлі пішін жасауыңызға болады. Қысқасы, өз қиялыңыз жеткенше жасай бересіз. Ал сабын қайнату процесі әркімге де ләззат сыйлайтыны сөзсіз.

Ғылыми жұмыс тақырыбы Сабынды үйде жасау







Сабын жасау үшін не қажет?

- Үккіш.

- Ыдыс.

- Екі кастрөл (үлкен және кішкентай).

- Дүкенде сатылатын арнайы сабынды негіз (орнына бояу мен қоспасыз балалар сабыны жарайды)

- Сабынды массаны езуге таза су немесе шөп қайнатпасы.

- Негізгі май (бадам майы, өрік, шабдалы, кокос және зәйтүн майы т.б.)

- Глицерин және Е дәрумені. Бұларды кез келген дәріханадан табасыз. Және шынымен сапалы әрі пайдалы табиғи сабын дайындағыңыз келсе, бұларды міндетті түрде қосыңыз. Себебі, Е дәрумені теріге өте жақсы әсер етеді - оны қоректендіріп, серпімділігі мен тегістігін жақсартады, құрғақтықтан қорғайды. Ал глицерин теріні жақсы жібітіп, ылғалдандырады.

- Эфир майлары. Бұл міндетті компонент емес, оның ұнаған түрін өз қалауыңызға қарай таңдаңыз.

- Сабынға арналған қалыптар. Міндетті түрде арнайы қалып сатып алудың қажеті жоқ - кез келген пластмасса, шыны не саздан жасалған ыдыс та жарай береді.

Сонымен қатар, сізге сабынға арналған әр түрлі табиғи қоспалар қажет болады. Бұл өзіңізге ұнаған өсімдік пен шөп болуы мүмкін. Оларды жасайтын сабыныңыздың косметикалық сипатына қарай таңдайсыз. Мысалы, егер сабынға үгілген сұлы ұны қосылса, ол майлы теріге арналған керемет құрал болып шығады. Ал цитрустылардың қабығын қоссаңыз - целлюлитке қарсы тұруға көмектеседі. Үйде жасалған сабын құрамына какао немесе кофе салсаңыз - ол скраб-сабынға айналады. Ал егер сабынның косметикалық сипатына анық талабыңыз болмаса, қырмызы не түймедақ сияқты әмбебап шөптерді қоссаңыз болады.

Сабынды қалай қайнаттым?

Үлкен және кішкентай екі ыдыс алдым. Үлкеніне толтырмай су құйып, отқа қойдым. Кіші ыдысты үлкенінің ішіне саламын - осылайша су моншасын жасаймын.



Ғылыми жұмыс тақырыбы Сабынды үйде жасау

Енді сабынды ұсақ үккіштен өткіземін (оны алдын ала жылытып алуға да болады).

Үлкен ыдыстағы су қатты қызғанда, кішкентай ыдысқа аздап зәйтүн майын құйдым - әр 100 гр сабынға 2 ас қасық май қажет. Май бірден ысиды, енді оның үстіне сабын ұнтағын себемін. Артынша 100 мл ыстық су (не шөп қайнатпасын) құйып, араластырамын.

Ғылыми жұмыс тақырыбы Сабынды үйде жасау



Сабынға бояғыш, қоспа және дәрумендерді қосамын. Эфир майларын ең соңында, қалыпқа құяр алдында қосамын.



Ғылыми жұмыс тақырыбы Сабынды үйде жасау







Қоспаны қалыптарға құямын.

Жасалу жолы осымен аяқталды, енді қалыпқа құйылған қоспаны 4-5 сағатқа. Дайын сабынды целлофан немесе аспаздық қаптамаға орап қою қажет.

Ғылыми жұмыс тақырыбы Сабынды үйде жасау

Байқағанымдай, сабын дайындау соншалықты қиын емес.

Ғылыми жұмыс тақырыбы Сабынды үйде жасау

Мұндай сабын жақын адамдарыңызға керемет сыйлық болары сөзсіз: пайдалы, табиғи және өз қолыңызбен жасалған...



ІІІ. Қорытынды.

Қолдан сабын дайындау соншалықты қиын емес, сондай - ақ өте қызықты жұмыс. Мен үйде жасалған сабынды дүкеннен сатып алынған сабынмен салыстырып көріп, қайсысы ең жақсы екенін білу үшін төмендегідей бірнеше тәжірибе өткіздім.



- №1 тәжірибе. Үйде жасалған сабынның бірнеше түрімен күнделікті сабынның сыртқы түрлерін салыстырып көрдім. Қорытынды: үйде қолдан жасалған сабынның сыртқы түрі күнделікті сабыннан әлдеқайда тартымды және алуан - түрлі.

- №2 тәжірибе. Сабындардың иістерін салыстыру. Қорытынды: сабынның екі түрі де жағымды иісті.

- №3 тәжірибе. Қолды жуғаннан кейін сезімді салыстыру. Қорытынды: сезімдер бірдей, қолдың терісі жұмсақ,

- №4 тәжіребе. Көбіктенуін салыстырамын. Қорытынды: қолдан жасалған сабынның көбігі аз, бұл оның құрамындағы адам денсаулығы үшін зиян келтіретін ЖБЗ-дың аз мөлшерде болғанын көрсетеді.

- №5 тәжірибе. Сабынның суда жібу деңгейлерін салыстырамын. Қорытынды: қолдан жасалған сабын суда болған кездекүнделікті сабыннан анғұрлым аз жібиді.

Жасалған тәжірибелер негізінде, үйде қолдан даярланған сабын иісімен, сезіммен салыстырғанда дес бермейді, ал жібуі мен қауіпсіздігі жағынан жеңеді.

Сабынды үйде даярлаға болады деген болжамым дәлелденді. Сабынды қолдан жасау өте қызықты және қиын емес екеніне көзім жетті және үйренгенімді барлық үйренгісі келгендерімен бөлісуге дайынмын.

Мен өз қолмен жасалған сабын туыстар мен достар үшін ең бағалы сыйлық болатынына сенімдімін.

Сабын жасау тақырыбы мені одан әрі қызықтырды. Сондықтан болашақта үйде сабын жасаудың басқа да жасау түрлері мен үлгілерін үйреннуге жоспарлап отырмын. Мысалы, дәрілік шөптерді қосу, өз рецептерімді жасауға ойластыру.

Қолдан сабын даярлау - бұл тамаша !















Пайдаланған әдебиеттер:

1. "Дала мен қала" газеті №4 2012 жыл

2. "Жұлдыз" журналы №3 1998 жыл

3. "Ақпарат материалдары" (интернет)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал