- Учителю
- Открытый урок Жер асты сулары. Минералды сулар
Открытый урок Жер асты сулары. Минералды сулар
Дүниетану | ||
Сабақтың тақырыбы: |
Жер асты сулары. Минералды сулар | |
Жалпы мақсаты |
Жаңа білімді түсіндіру,топтық,жеке жұмыстарға баулу. Алған білімін өмірде қолдануға үйрету. | |
Оқу нәтижесі |
Жаңа білімді түсінеді. Бір-біріне түсіндіре алады. | |
Түйінді идеялар |
Оқушылардың қызықты ақпарат арқылы мәліметтермен танысуы, жұмыс жасауы. | |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары | ||
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті | |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
Кім үлкенді сыйласа, Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тіледі | |
Топқа бөлу |
Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу Оқушылар таңдаған конфеттеріне сай топтарға бөлініп отырады.
| |
Қызығушылықты ояту |
*Электронды оқулық арқылы жаңа сабақты түсіндіру *Джигсо әдісі арқылы жаңа тақырыпты топтар арасында түсіндіру | |
|
Жер асты суы - жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су. Ол шөгінді және борпылдақ тау жыныстары бөлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін, магмалық және метаморфтық жыныстардың жарықтары мен жіктерін,гипс, доломит, әктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып жатады. Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарайқалқыма су, грунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді. Қалқыма су - кішігірім ойпаттарда, құм-шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен, көл суларының топыраққа сіңуінен уақытша пайда болған, жер бетіне ең жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық құрамы мен температурасына ауа райының өзгерістері үлкен әсер етеді. Сондықтан су қорын құрайтын негізгі көз жойылғанда, бұл су құрғап қалады. Жауын-шашын мол жылдары, өзен қатты тасығанда, қыста қар қалың жауғанда қайтадан пайда болады. Жауын-шашын мол жылдары, көктемде қар ерігенде, күзгі көп жауын кезінде бұл судың деңгейі едәуір жоғары көтеріледі, ал құрғақшылық жылдары, қыс пен жаз айларында оның деңгейі төмендеп, тереңдеп кетеді. Грунт суы неғұрлым тайызда жатса, оның көтеріліп-төмендеу мөлшері де соғұрлым көп болады. Тайыз жердегі грунт суының деңгейі бір жыл ішінде 1,5 - 2 метр және одан да көп мөлшерде өзгеріп отыратын болса, тереңдегі сулардың деңгейі тек бірнеше см-ге ғана өзгереді. Су деңгейінің өзгерісіне, жыл маусымдарының ауысуына байланысты бұл сулардың минералдылығы, химиялық құрамы мен температурасы</<font color="#252525"> да өзгеріп отырады.
| |
Мағынаны тану |
| |
| ||
Ой толғаныс Сурет бойынша әңгімелесу.
| ||
Бағалау парақшасына жазады. | ||
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |