- Учителю
- Әліппемен қоштасу 1 сынып
Әліппемен қоштасу 1 сынып
Әліппеге рахмет!
Мақсаты: Балалардың алғашқы білім бастауы болған әліппе оқулығынан алған білімдерін көрсету, ой-өрісін жетілдіру, сөздік қорларын молайту. Елін, Отанын, табиғатты сүюге, ұстаздарды, достарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер, шарлар
Барысы: Мұғалім:
Құрметті жиналған барша қауым, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Биылғы
оқу жылы оқушылар мен ұстаздар үшін ерекше жыл болды. Біздің 1-сынып
оқушылары қарсы алған білім күні «Айғақ» телеарнасына түсіріліп
көрсетілді және біз білімге деген сара жолды жаңа оқулықтармен бастадық.
Қазір 1 сынып оқушыларының 4 ай бойы алған білімдерінің
нәтижесін және де мұғалімммен бірге оқушымен қоса оқыған, ата-аналар
еңбегіміздің жемісін көреміз!
І-жүргізуші: Фариза
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Естімеген естіңіздер!
Тыңдамаған тыңдаңыздар
Қазір бізде «Әліппе тойы» басталады.
ІІ-жүргізуші: Гүлнара
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Балаларды шақырайық ортаға.
(Балалар екі-екіден қол ұстасып, залға кіреді).
І-жүргізуші: Фариза
1 сынып оқушыларының «Әліппеге рахмет» атты ертеңгілігін
бастауға рұқсат етіңіздер!
ІІ-жүргізуші: Гүлнара
Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы біздің болашағымыздың
негізі - әліппені бітріп отырмыз.
І-жүргізуші: Фариза
Бүгін біз шексіз қуаныштамыз, өйткені алғаш хат танып, сауатымызды
ашқан біздің жақын досымыз әліппемен қоштасамыз.
Мұғалім:
Іші толы әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар:
Ол, сүйікті әліппе!
Мұғалім:
Олай болса, бәрмізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Оқушылар:
Әліппе! Әліппе! Әліппе! (6 оқушы шығып кетіп әліппені алып келеді, қолдарында ӘЛІППЕ жазуы бар шар)
Әліппе: Жазира
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен.
Бауыржан да, Мәлік те.
Таудай бала талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың,
Қуанышы ананың
Жақсы білім көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық!
Мұғалім: Қане, балалар, әліппеге арналған қандай өлеңдерің бар, айтып берейік.
Хор: «Әліппе»
Камила:
1. Іші толы әріпке
Мынау әйбат әліпе
Барлық ілім-білімнің
Әжесі осы әліппе.
Мадияр:
Әліппем менің Әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңі сәуле жарықпен.
Мөлдір:
5. Әсем ою өрнекпен
Көмкерілген әліппем.
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем.
Камила:
6. Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза болып, саған жүремін,
Сүйікті біздің әліппе.
Мөлдір:
7. Алфавитті біліңдер
Онда қалып, жүйе бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Мадияр:
Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.
Мадияр:
Алфавиттің «А» тұрады басында,
Камила: Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
Мөлдір: Байқайсың ба «Б» тұрады үшінші
Ал, осының сыры неде түсінші?
Мадияр: А - деген ол аналар ғой ардақты,
Камила: Ә - деген ол әкелер ғой салмақты
Мөлдір: Б - деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Хормен:
Алшақ кетпей сондықтан да расында
Тұрады олар алфавиттің басында
Ән: «Әліппеге рахмет»
Мұғалім:
- Балалар, біз әліппеден оқу, жаза білуді үйренсек, ал математикадан санауды, есептеуді, сандарды жаза білуді үйрендік. Ендігі сөзді математикаға берейік.
- Балалар, математикадан осы уақытқа дейін не үйрендік. Ендеше сандарды сөйлетіп көрейік.
Мадияр:
Бір дегенім - білім,
Білім - жарық күнің
Камила:
Екі дегенім - еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
Мөлдір:
Үш дегенім - үміт,
Үмітсіз жоқ жігіт.
Мадияр:
Төрт дегенім - талап,
Талмайтұғын қанат.
Камила:
Бес дегенің - бірлік,
Бірліксіз жоқ тірлік.
Мөлдір:
Алты дегенің - арман,
Атар таңың алдан.
Мадияр:
Жеті дегенің - жігер,
Жеңер жолын білер.
Камила:
Сегіз дегенің - сенім,
Сүйенішің сенің.
Мөлдір:
Тоғыз дегенің - талғам,
Тура жолға салған.
Мадияр:
Он дегенің - Отан,
Отанды сүй ботам.
Математика кітабы шығады
Математика: Даниял
-
Сәлеметсіздерме! Мерекелерің құтты болсын!
-
Кәне, балалар, кім есепке жүйрік екен?
Менің сендерге бірнеше тапсырмам бар, осыларды орындап көріңдер.
Тақтада тапсырмалар ілулі тұрады.
7 санның құрамын атаңдар Теңдік құрастырыңдар
Мұғалім:
Балалар, біз әліппенің арқасында жазу жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз, сөйлем құрауға дағдыландық. Ендеше әліппеге не деуіміз керек!
Хормен: Әліппеге рахмет!
ІІ-жүргізуші:
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Әліппе:
-
Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын, сау
болыңдар!
І-жүргізуші:
Тәрбие сағатымыздың ІІ-бөлімі, «Ана тілімен достасу»
Мұғалім:
- Балалар, сендер «Әліппені бітірдіңдер. Ендігі сендердің жаңа достарың Ана тілі оқулығы болады.
Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне
Ан тілі пәнімін.
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім құралым.
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Мұғалім:
- Балалар, ендігі сөз кезегін мктеп кітапханашысы Құдабай Нұржамал апайларыңа берсек. (Ана тілі оқулығын таратады)
Хормен:
Әліппемен қоштастық,
Ана тілмен достастық.
Мұғалім:
-Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Келіп тамашалағаңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Әліппеге рахмет!
ертеңгілігі
Мұғалім Ашербекова
Айтжамал Кошкаровна
Қарақоға негізгі мектебі
2015 жыл