7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары: Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән:Дүниетану

Сынып: 4 «Б»

Әдіскер: Сүлейменова С.Ы.

Тәлімгер: Балтабаева А.А.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, баяндау, тірек сызба,түсіндіру әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрес білімдерін кеңейту. Жоңғарлардың басқыншылық соғыстарына назар аударып, қазақ халқының өз тәуелсіздігін, дербестігін сақтап қалу жолындағы күресінің тарихи маңызын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіздерме, оқушылар.Бүгінгі дүниетану пәнін мен Балтабаева Адема Азизқызы жүргіземін. Көңіл - күйлерін қалай? Бүгінгі сабаққа барлығымыз дайынбыз ба? Сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабағымыздың ережесімен танысып алайық.

Психологиялық дайындық

  • Қол көтеріп жауап береміз

  • Шуламаймыз

  • Бір бірімізді тыңдаймыз

Өткенді пысықтау?

- Алматыдан Үрімшіге қатынайтын поезд неге «Жібек жолы» аталған?

- Жер көлемі жағынан Қазақстаннан да үлкен қандай мемлекеттерді атай аласың?

II. Үй тапсырмасын тексеру.

-Үйге қандай тапсырма берілді? Қане кім айтады?

Дәптерден үй тапсырмасын тексеру.

</ III.Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру.





Отан дегенде ойларыңа алғаш не келеді?

IV. Жаңа сабақ

Сөзжұмбақ шешу.



Б Б

А

Л

Ы

Қ

Б

А

Қ

А

М М

ЕЕ Е

К К

Т Т

Е

П

Ж

А

П

Ы

Р

А

Қ

Қ

А

Р

Ы

Н

Д

А

Ш





















































1Суда өседі, өнеді,

Сыртқа шықса, өледі. (Балық)

2Сулы жерді мекендеп,

Құрлықта да секеңдеп,

Шыбын-шіркей аңдиды,

Жемге қашан жетем деп. (Бақа)

3. Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (мектеп)

4. Ағайынды бәрі:

Шықса-көк, Түссе-сары.(Жапырақ)

5.Жіп-жіңішке денесі,

Ортасында шегесі. (Қарындаш)

Балалар Батыр дегеніміз кім білесіздер ме? Батырлар не істеген?

Иә, ертеде батырлыр еліміз, жеріміз үшін күрескен. Бүгінгі сабағымыз қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрескені жайлы айтамыз.



Бүгінгі сабақта тағы бір жаңа тақырыппен танысамыз. Ол Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі деп аталады.

Жоңғарлар - тарихи деректерде қалмақ немесе ойрат деген атаумен белгілі болған тайпалар. Қазақтар мен жоңғарлар арасындағы байланыстардың тарихы тереңде жатыр. Екі ел де көшпелі мал шаруашылығымен айналысқандықтан олардың арасында қақтығыстар да жиі болып тұрған. Соның ішінде қалмақтардың Қазақ хандығына бағынған кездері де болған. Өйткені, Тәуекел хан «қазақ және қалмақ ханы» ретінде мойындалғаны белгілі. Дегенмен, Қазақ хандығы мен жоңғарлар арасындағы күштің ара салмағы тең болғандықтан өзара қырқыстардан ары аса қоймаған еді. Алғашқы кездерде қақтығыстар бейбіт жолмен шешіліп отырды.

Оқулықпен жұмыс

1.Мәтінді тізбектей оқу.

2.Мәтінді талдау.

Талдау, талқылау сұрақтары.

-Не себепті қолбасшылар жекпе -жекке батырлар дайындады?

Ол батырларды сен білесің бе?

-Қазақтардың соғысқа даярлығы қандай болды?

-Екі жақтағы ірі екі мемлекет (Ресей мен Қытай) қандай саясат ұстады?

-Қазақтардың соғыс құралдарын ата?

-Жоңғарға қарсы күрескен Қазақ батырлары кімдер еді?

-Жоңғарлар кімдер?

Сергіту сәті.

Біз - көңілді маймылдар,

Өте қатты шулаймыз,

Алақанды соғамыз,

Еденді де таптаймыз.

Ұртымызды үрлеп,

Әндетеміз гулеп.

Төбеге де секірдік,

Маңдайға саусақ келтірдік.

Құлағымыз - қалқан,

Құйрығымыз - салпаң.

Бірақ тәртіп - қатаң,

«Үш» дегенде апаң-

Бәрің тілді алыңдар,

Қозғалмай, қатып қалыңдар

Дәптермен жұмыс.

Кластер құру.



Ел қорғаушы

Әскери өнерді

жақсы меңгерген Батыл



Қаһарман Ержүрек



-Батырларды атап жаз.(Шапырашты Қарасай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,Шақшақұлы Жәнібек,Батыр Баян,Албан Хангелді,Малайсары, Арғын Ағынтай, Олжабай,Шапырашты Наурызбай)

-Қазақтардың соғыс құралдарын ата.(қылыш, семсер, найза,қалқан , айбалта, шоқпар)

Ойын

Мен қазір сіздерге белгілі бір сөйлемді оқимын, егер сөйлем дұрыс болса, қол шапалақтаймыз, қате болса аяғымызды бір рет тарсылдатамыз.

1.Қазақ тарихында 18ғасырдың алғашқы жартысы қиын кезең болды.(Қол шапалақтау).

2.Жоңғар хандығы Қазақ еліне шабуыл жасады. (Қол шапалақтау).

3.Қазақ халқының қаруы зеңбірек. (тарсылдату)

4.Бұл соғысқа қазақ елі дайын емес болатын. (Қол шапалақтау).

5.Жекпе - жек айқастар болған жоқ. (тарсылдату)

6. Қазақтардың соғыс құралдары қылыш, семсер, найза,қалқан , айбалта, шоқпар. (Қол шапалақтау).

Бекіту.

Шашылған алмаларды себетке жина. Алмалардағы сұрақтарға жауап бер.

1.Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

2.Қазақ батырларын ата.( Шапырашты Қарасай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,Шақшақұлы Жәнібек,Батыр Баян,Албан Хангелді,Малайсары, Арғын Ағынтай, Олжабай,Шапырашты Наурызбай)

3.Қазақ қаруларын ата(қылыш, семсер, найза,қалқан , айбалта, шоқпар)

4.Жоңғарлар тарихта қандай атаумен берілген?

5.Батыр сөзіне сипаттама бер.





Қорытынды.

-Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?

- Сабақ сіздерге ұнады ма?



V. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Әңгімені оқып, мазмұның айту.

























Әдіскер:____________

Мұғалім:___________

Баға:______________

































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал