7


  • Учителю
  • Сынып сағаты тақырыбы Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнеге 4 сынып

Сынып сағаты тақырыбы Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнеге 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты: Оқушыларды ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлай білуге үйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сахна мерекелік кешке арналып безендіріледі. Мақал - мәтел, нақыл сөздер жазылған плакаттар ілінеді.



Армысыздар, ардақты ұстаздар! Бүгін - Мұғалімдер күні.

Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! «Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған.

Ұлағатты ұстаздар! Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.

1 - оқушы: Али

Ұстаз деген қасиетті адам бар,

Біле білсең, сенің екі анаң бар,

Бірі - сенің туған анаң болса егер,

Екінші анаң - ұстаз деген данаң бар.

2 - оқушы: Мерхат

Ұстаз ана - болашақтың анасы,

Ұстаз ана - ақыл - білім анасы,

Жүзіндегі пәк мейрімді көргенде

Әр шәкірттің оянады санасы,

3 - оқушы: Таншолпан

Ұлы өмірге жетелеп,

Ашқан білім есігін,

Құрметтейік, мәпелеп,

Ұстаздардың есімін

4 - оқушы: Жания

Сыйлай бәрін еліңіз,

Сізге жыр да, тілек те,

Шыңға өрлей беріңіз

Білім сеуіп жүрекке.

Домбырасын қағып қап

Төгілдірер нелер саз

Шабыты асқақ шарықтап

Ортаға шықсын өнерпаз



5 - оқушы: Даулен

Жыр өнерін жалғаған,

Тайпалдырсын, жорғасын,

Өздеріңе арнаған

Әнін жырау толғасын.



6 - оқушы: Бауыржан

Ұстаз болам өзіңдей,

Үйретер ақыл, парасат,

Аянбай еңбек ететін,

Болсыншы деп бала шат!

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Жеміс күткен гүл ашпаған бақшадан.

Жігерің мен талантыңды жұмсамай,

Оңай боп па тәрбиелеу жақсы адам

Осы жолдың қиясы мен өрі бар,

Сүріндірер қиын өткел жолы бар.

Көп ізденіп алсаң биік бұл шыңды,

Отырғызар шын құрметтеп төрі бар.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған,

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай жақсы шын бақытын тапса адам!

Жақсылық атаулыға жаршы жандар,

Жамандық атаулыға қарсы жандар,

Баланы сусындатып өсіруге

Білімнің бұлақ көзін аршығандар

Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар,

Шәкіртке шындай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Ән «Ағажан» Орындайтын: Сағиева Сымбат.

Ұстаздарға арнау

7 - оқушы: Камила

Келешекті кезінде

Кесіп айтар өзіңе.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көп шәкірттің досындай.

Бақыт апай осындай.

8 - оқушы: Әділжан

«Білім» десе бойымызда тұрар күш.

Шәкірттері шетінен тіл алғыш.

Талай рет тентектікті кешірген,

Индира апай өзіңе мың алғыс!

9 - оқушы: Жанеля

Теңейміз біз оны кейде жұлдызға,

Үлгі тұтып келешек жас ұл - қызға.

Дүние жүзінің географиясын жаттатқан

Жан жете ме жайсаң апай Гауһарға!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал