- Учителю
- 'Жер-шар тәрізді дене' Дүниетану 4-сынып
'Жер-шар тәрізді дене' Дүниетану 4-сынып
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы
№11 жалпы білім беру орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Сарсенова Сауле Ибрагимовна
Сабақтың тақырыбы: Жер - шар тәрізді дене. Глобус - жердің дәл үлгісі
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: глобус - жердің дәл үлгісі екенін, ондағы мұхиттар мен материктер туралы оқушыларға түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларға жер туралы қарапайым түсініктерді түсіндіру. Дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғаттаы қорғауға, өз планетасын өз қажетіне пайдалануға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, ана тілі
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой-қозғау, көрнекілік, әдісі, СТО - элементтері, бағалау.
Көрнекілігі: жарты шарлар, глобус, кескін карта, сөзжұмбақ, оқулық, дәптер, тест сұрақтары
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру . Сабаққа әзірлік.
II.Психологиялық дайындық.
Кім жылдам? Қазір қай сабақ?
7*7
6*9
8*7
9*5
ДҮ НИЕ ТА НУ
Олай болса, балалар дүниетану сабағымызды бастаймыз.
III.Өткенге шолу.
1.Жұлдыздар тобы қалай аталады?
2.Күн жүйесіндегі планетаның бірі.
3.Қазақ ғарышкері.
4.Күннің көзі қай бағыттан батады?
5.«Планета» сөзі грекшеден аударғанда қандай мағына береді?
6.Күн жүйесіндегі планеталардың бірі?
Г
а
л
а
к
т
и
к
а
ш
о
Л
п
а
н
Т
О
қ
т
а
р
Б
а
т
ы
с
А
д
а
с
У
ш
ы
ж
ұ
л
д
ы
з
С
а
т
у
р
н
IV.Өткенді бекіту, бағалау.
V. Жаңа сабақ.
-
Кіріспе
Ертедегі адамдардың жер туралы түсінігі туалы айту. Ғалымдардың жердің шар тәрізді екенін бақылағанын түсіндіру және оған көптеген дәлелдер айтқанын түсіндіру.
Тарихтан мұндай тұжырымға алғаш рет ежелгі грек ғалымдары келген. Олар бұған дәлел ретінде Ай тұтылғанда оны қалқалаған жер көлеңкесінің дөңгелек болатындығын келтіреді.
Орта ғасырлардағы дүние жүзін айналу саяхаттары жердің шар тәріздес екендігі туралы жаңа нақтылы ьдәлелдер әкеді. Еуропадан шыққан теңізшілер үнемі шығыстан батысқа қарай жүзіп отырып, өзінің шыққан жеріне қарсы жақтан қайтып оралған т.б. дәлелдерді айтып түсіндіру.
2.Ой қозғау.
Сонымен жердің пішіні шар тәрізді екендігіне көз жеткіздік. Ал шардың үстінде тұрғанымызды байқамайтынымыздың себебі не? Оның себебі жердің өте үлкен болуынан.
Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі глобус деп аталады. Глобус латын тілінде шар деген сөз.
3.Көрнекілік әдісі.
Глобустан мұхиттар мен материктер туралы айтып түсіндіру.
Жер шарында 4 мұхит бар. Олар - Тынық, Атлант, Үнді, және Солтүстік мұзды мұхиттары. Мұхиттардың ішіндегі ең үлкені - Тынық мұхит. Оның бір өзінің алып жатқан орны қалған үшеуімен тең.
Құрлықтың жан -жағынан мұхиттар мен қоршалған ірі бөліктері материк деп аталады. Материктер алтау. Олар - Еуразия, Африка, Аустралия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка және Антарктида. Еуразия - Еуропа мен Азия бөліктерінен тұрады. Біздің мемлекетіміз - Қазақстан Республикасы Еуразия материгінде орналасқан.
Антрактида да адам қоныстанбаған. Оны түгелдей дерлік мұз басып жатыр.
4.Картамен жұмыс. Глобуспен жұмыс.
Глобустан, картадан мұхиттар мен материктердің орналасқан орнын түсіндіру.
Кескін картаға олардың аттарын жаздыру.
5.Ой толғау. Ассоциациялық аймақ құру.
6.Мәтінмен жұмыс.
Тірек сөздерді тауып мағынаны ашу.
Тірек сөздер: Жер,Күн, шар, көкжиек, теңіз, глобус, карта, мұхиттар және материктер.
Осы тірек сөздер арқылы түсінгенін айтып, тақырыпты ашу.
7.Дәптермен жұмыс.
Материктер мен мұхиттардың атын жаздыру. Глобус туралы өз ойын жазу. 1: 50 000 000 масштабтағы глобуста Жер шары 50 есе кішірейтіліп алынған. 1см =500км 1см-ге жер бетінде 300км сәйкес келеді.
VI. Ұғымды бекіту.
-
Сарамандық жұмыс.
А) глобустан немесе жарты шарлар картасынан материктер мен мұхитттарды тапқызу.
Ә) ҚР-сы қай материкте орналасқанын анықтату.
Б) жан-жағынан төрт бірдей мұхит қоршап жатқан материктерді тапқызу.
2.Сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Ертедегі адамдар Жердің пішіні қандай деп ойлаған?
2. Жердің шар тәріздес екеніне қандай дәлелдер бар?
3. Жердің пішіні бақылаушы адамға неге тегіс сияқты болып көрінеді?
VII.Сабақты қорытындылау.
Тест тапсырмасымен жұмыс
1.Ғарышқа жол қашан ашылды?
А) 1967ж 14-қазан
В) 1957ж 4-қазан
С) 1947ж 24-қазан
2. Көкжиектің неше тұсы бар?
А) 14
В) 4
С) 6
3. Карта дегеніміз не?
А) Жер бетінің кішірейтілген бейнесі.
В) Жазықтар мен төбелердің сұлбасы
С) Пайдалы қазбалардың қағаз бетіндегі бейнесі.
4. Ауа қабаты - жердің несі?
А) кеңістігі
В) қорғанышы
С) қажеттігі
5. Жердің серігі не?
А) Күн
В) Ай
С) Жұлдыз
6. жарық секундына қандай жылдамдықпен таралады?
А) 300 000 км
В) 200 000 км
С) 290000 км
7. Құрлық Жердің неше бөлігін құрайды?
А) үштен екі бөлігін
В) төрттен үш бөлігін
С) үштен бір бөлігін
8. Адам баласы тарихында ғарышқа 1961 ж кім ұшты?
А) Т.Әубәкіров
В) В. Терешкова
С) Ю. Гагарин
9. Жердің пішіні қандай?
А) шаршы тәрізді
В) шар тәрізді
С) үшбұрыш тәрізді
10. «Планета» сөзі грек тілінен аударғанда қандай сөз?
А) Күн
В) жұлдыз
С) ғарыш
VIII . Үйге тапсырма беру
Мәтінді оқу, түсінігін айту. Қосымша материал жинау. Реферат жазу.
IX. Бағалау. Мадақтау.