- Учителю
- Конспекты Тәрбие сағаты по тему 'Тәлашар'
Конспекты Тәрбие сағаты по тему 'Тәлашар'
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тілашар».
Мақсаты; Олардың өлең айту мәнерлігін айтуға ән айтуға,би билеуге үйрету. Балалардың сөздік қорын дамыту, жауабгершілігін сезіндіру,дамыта түсу: Адамгершілікке, сыйластықа тәрбиелеу.
Көрнекілігі; шарлар,гүлдер, мақалдар жазылған плакаттар. Тәрбие сағатының жүрісі:
Мұғалім:Армысыздар, құрметты ата-аналар, ұстаздар. Биылғы 2014-2015 оқу жылында балаларыңыз мектеп табалдырығын аттады. Білім жолына қадам басқан бүлдіршендыріңізге сәт сапар, қадамдар құтты болсын. Білім жолында тек жақсы баға алып қажымай талмай, ерінбей, озат, зейінді, өнерлі оқушы болып жетісулерін тілеймін !
1 «Г» сынып оқушыларын қошеметпен ортаға шақырайық.
Тілашар туралы толғау
Шашу, шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бата беріп шашуын
Ақ әжеміз шашасыз.
(Ортаға үлкен апа шығып, сандықты ашып шашу шашады, батасын береді).
Қош келдіңіздер,балдырғандар
Қадамдарыңыз құтты болсын
Мектеп мынау, есік ашып
Тек әдебің мықты болсын
Қайсы күйші, кім биші
Талабыңа қарайық.
Кімдер зерек, кім тапқыр,
Таланттарын табайык.
ҚР. Мемлекеттік әнұраны:
Хормен: Мектеп - қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз - оқушы боламыз!
Тақпақ айтып кезектесіп бір бірлеп
Кел қосылып ән шырқайық би билеп
Алақай ау алақай
Ән шырқайық балақай
Қызарғанша алақан
Қол соғайық балақай,- дей отыра кезекті тақпақтарға береміз.
Берік: Уа, халайық, халайық.
Мұнда назар салайық
Бүлдіршіннің ортада,
Тілашарын алайық
Айғаным: Мерекеге дайынбыз
Тілашарды бастаймыз
Тақпақ айтып, ән шырқап
Берер сіздің балаңыз.
Жүргізуші: Біз енді келген қонақтарға өзіміздің қайда келгенімізды, нені үйренгенімізді, не білетінімізді көрсетейік.
Ж: Балалар біз биыл қайда келдік?
О: Мектепке келдік
Ж: Мектепке не үшін келдік?
О: Оқуға келдік
Қоблан: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріптеі
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен соң,әліппе
Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып әріпке
Риза боп соған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе!
А. Сымбат: Бар кітапқа бас болған.
Әліппе ғылым атасы
Әліппеден басталар
Даналықтың данасы
Асылхан: Іші толы әріпке
Мынау әйбат Әліппе
Барлық ілім-білімнің
Атасы-осы Әліппе!
Ән; А. Сымбат «Анашым» әні
Нұрбек: Отан-сенің ата анаң
Отан досың бауырың.
Отан- өлкең астанаң
Отан- аудан ауылың
Жазира: Қолыңа тұңғыш қалам ап,
А әрпін алғаш жазарсың.
Біліп ап А ны саралап
Б сына көзді саларсың
Рақымжан: Ел сенімін ақтайды деп,
Деп ұстазым мақтайды.
Ұстазымның әр сөзін,
Көкейіме сақтаймын.
Мадина: Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
Азамат: Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің
Ақмаржан: Көзге ыстық партасы,
Оқулығы картасы,
Оқу қызық болғаны,
Мұғалімнің арқасы.
Дәуіт: Айтатын жас - кәріміз,
Аяулы жыр, әніміз,
Аялайтын бәріміз,
Ана тілі - арымыз..
Хормен: «Менің отаным» әні
- «Кім тапқыр» ойынын ойнайсыңдар ма?
- Ал, онда жұмбақ шешейік.
1. Иесі оның сәби,
Әрі төсек,
Әрі үй. (бесік)
2. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті дәрі
Еті тамақ. (жылқы)
3. Төрт аяғы, арқасы бар,
Еті жоқ, тек қаңқасы бар. (орындық)
4. Жесең ащы,
Көзіңнен шығарар жасты. (пияз)
5. Бала біткен соғады
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң, ұшып жоғары
Жерге түсер домалап. (доп)
6. Ұрлап ішіп,
Үйде сүтті қоймайды,
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды. (мысық)
7. Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Би: Ұлдар тобының орындауында «Жігіттер» биі
Асел: Сәлем саған мектебім,
Сәлем білім ордасы.
Жасыл бақты көктемім,
Жастық шақтың жолдасы.
Издигали: Мектеп - білім ордасы,
Мектеп - қамқор анашым.
Оқып білім аламын,
Өнерпаз болып өсетін
Мен оқушы боламын.
Асылжан: Алты жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім,
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме келемін.
Бексұлтан: Біз бақытты баламыз
Қағаз, қалам аламыз.
Ұстазымыз үйреткен,
Әріптерді саламыз.
Мейрамбек: Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл - білім үйреткен.
Әліппені оқимын,
Ерекше зор құрметпен.
Б. Сымбат: Ұстаздар - ау сізге теңдес бар ма жан,
Өнерің мен біліміңе таң қалам.
Осы өмірде бәрі ұстаздан басталып,
Ұстаздардан жаралғандай бар ғалам.
Ал, енді ата - аналармен ойын ойнайық.(5 ата -аналарды ортағашақырамыз)
Жүргізуші: Оқушылар 2 сынып оқушылары біздерге бірнеше сұрақ дайындапты, сол сұрақтарға жауап бере аламыз ба балалар. Ж: Ал балалар осы әліппені ең алғаш жазған атамыз кім? О: А.Байтұрсынав Ж: Ол сендерді неге шақырады? О: Оқуға, білімге Ж: Ы. Алтынсариннің оқуға шақырған өлеңін кім біледі?
О: Даулет Бір Аллаға сиынып
Кел, балалар оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық
Оқысаңдар балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдынан
Іздемей-ақ табылар.
Ж: Балалар мектепте сендерді кім дейді ?
О: Оқушы:
Ж: Оқушы мектепте не үйренеді?
О: Мектепте оқуды, жазуды, өнерді, білімді, сурет салуды, еңбек етуді үйретеді.
Ж: Осының бәрін сіздерге кім үйретеді?
О: Ұстаз.
Нұржан: Келгенімде алдыңа
Қызыл арай гул алып
Жақын тарттың жаныңа
Шәкіртім деп қуанып.
Адина: Сыйпадың да басымнан
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
Дамир: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына,
Енді қайық саламыз.
Арайлым: Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Исабек: Алты жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім,
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме келемін
Би: Қыздар тобының орындауында «Бипыл» биі
Жүргізуші:
- Балалар біз дүниетану сабағында білеміз, не үйренеміз?
- Бір жылда неше мезгіл бар?
Қандай төрт мезгіл.
Күз, қыс, көктем, жаз.
Ж: Жақсы енді балалар математика бізге не үйретеді?
О: Санауды, қосуды, азайтуды.
Ж: Қане соны байқайық.
Қоблан:
Бақта 4 алма ағашы және сонша
Алмұрт ағашы өсіп тұр
Алмұрт ағашы қанша?
Алмұрт ағаш 4-еу
Хор: Қоңырау әні. Мінекі осымен біз 2 айда оқып үйренгенімізді көрсеттік «Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте» -деп бүгінгі 1 «Г» сынып оқушыларының ана тіліндегі алғашқы «Тілашар» мерекесін аяқтаймыз.
Құттықтау үшін сөз:
ДТЖО:
Ата-аналар кеңесі: