7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сабақ Бағдаршам 4 сынып

Ашық тәрбие сабақ Бағдаршам 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала









Ашық тәрбие сабақ Бағдаршам 4 сынып



Қордай ауданы Жамбыл ауылы

Жамбыл жабаев атындағы №26 орта мектеп.

Ержанава Гүлсим Бисенбаена

Сабақтың тақырыбы: Бағдаршам.

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға тақырып туралы түсінік беру.

2.Жол қауіпсіздік ережелерін сақтау,туралы үйрету.

3.Оқушыларды достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,плакаттар, кима қағаздар.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру.

2.Жаңа сабақ өту.

Психологиялық сәт:Күлімдеп шықты күн міне,

Арайлап шықты бәріне.

Қарады күліп мағанда,

Қарады күліп сағанда.

Шуағы кетті жайылып,

Сыйлаймын оны сағанда.

1топ: 2 топ 3 топ

Тапқырлар: Ойшылдар: Екпінділер:

Біз тапқырлар боламыз, Біз көркеибіз сәндіміз, Екпіндіміз қараңдар,

Досты көп табамыз. Білім нұрымен сусындайды жанымыз. Бағдаршаммен біз жүреміз тараңдар

Барлық жол ережесін, Жол ережесін сақтайтын, Жол ережесін сақтаңдар,

Реттеп біз аламыз. Жаяу жүргіншіміз бәріміз. Жол ережесін сақтағандар жараңдар

Балалар енді сабағымыздың атын қандай екенін мына сөз жұмбақ арқылы тауып алайық.

</<font face="Times New Roman, serif">1.Аюдың сүйікті тамағы(Бал)

2.Ең қымбатты адам(ана)

3.Көп жылдық өсімдік(ағаш)

4.Дөңгелек ойыншық(доп)

5.Қыста сырғанақ ойнайтын ойыншық(шана)

6.Балдың иесі(ара)

7.Қыздың көркі(шаш)

8.Безгек тудыратын жәндік(ара)

Енді балалар біз бүгінгі таырыбымыздың атын білік, ол «Бағдаршам» екен білдік. Олай болса біз бауырсақ ертегісін есімізге тусірейік.

Атай бауырсақ жегісі келді, әжей нан иледі бауырсақ пісірді,бауырсақты суысын деп терезенің алдына қойды, бауырсақ атай менен әжейден қашып кетті, жолда қоянға кездесті. Қоян бауырсақты жемекші біз бауырсаққа көмек берейік, ол ұшын біз қоянның тапсырмасын орындайық.Қоянның тапсырмасы:Әр топ бағдаршам туралы тақпақтар айтып берсін.

1 топ:

Көреген дәу қырағы,

Көшемізде тұрады.

Бағынамыз әрқашан,

Ашса кезек үш көзін.

«тоқта», « сақтан», «жол ашық»

Қызыл көзі жанса,

Мейлі көлік тоқта.

Қатып қалған жанша,

Қыбыр етпе тоқта,

Сары көзі жанса,

Сен мынаны аңғар.

Тұрып қалмай онша,

Қозғалуға қамдан.

Жанса көзі жасыл,

Жолың айдай ашық.

Жүре бергін батыл,

Жолын айдай ашық.

2- топ:

Қарсы ал ерте көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ табақты.

Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны сол қолмен.

Нанды үгітпе қадірле.

Қабығымен бәрін же.

Саусағыңды сормағын,

Сылдыр салақ болмағын,

Салма аузыңа шегені,

Үзбе жұлқып түймені.

Ашуланба долданып,

Жауап бергін ойланып,

Құр бекерге қылтима,

Болмашыға бұртима.

Сыйла үлен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамнын ал тілін,

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

3 топ:

Талабы мен арманы,

Асқар таудай баласың.

Терең білім алғалы,

Мектеп жаққа барасың.

Машиналар неше мың,

Қарап тұрсаң неше мың.

Оң жағымен көшенің,

Жүрсең сонда болғаны.

Әй балалар балалар,

Болғанымен көше кең.

Сол жағына қарап ал,

Өтер кезде көшеден.

Неге қойған бұны деп,

Ұмытатын бар әдет.

Трамвайдан түскенде,

Оң жағыңа қарап өт.

1 топ

Тентек сары Тұрабай,

Басылмаған желігі ай.

Алып шыққты сұрамай,

Ағасының велигин ай.

Тас көшегі түсті де,

Болғанымен жас әлі.

Велосипед үстінде,

Түрлі фокус жасады.

Әй балақай кет жолдан,

Машина әне кеп қалды.

Қағады енді,бол жылдам.

Бірақ батыр кеш қалды.

2 топ:

Енді не амал қалды?

Сасқалақтап қалды Тұрабай.

Ойға барып қадалды.

Велигин жөнді бұра алмай,

Сөзге құлақ бұралмай.

Чемпионмын деп күшті,

Желікпеміз мастанған.

Емханаға кеп түсті,

Көріп жүрміз күнбе күн.

Мысалдар да бар дайын,

Сақтанбаса кімде-кім,

Жазым болар әрдайым.

3 топ

Машинаның бәрі,

Жаяуларда әрі.

Қызыл, жасыл, сары,

Үш көзі бар шамға.

Жанып сөніп тұрар,

Бағдаршамды аңдар,

Бұйрығын тез ұғар.

1-топ

Көреміз жолдың бойынан,

Май қызметкерін.

Шаршау білмес ей ұлан,

Елеу керек еңбегін,

Көз салып ол қырағы.

Бос жибермей әр күнін,

Жолда жүрутәртібін.

2 топ

Түйдек-түйек лектеп,

Машиналар ағады.

Бағдаршамдар реттеп,

Күй -түні жанады.

Бейқам адам аттанып,

Жүрме текке есінеп.

Өтер жерден тек қана,

Көшені сен келіп өт.

3-топ

Бұрылыста бағдаршам,

Қызыл, жасыл, сары көз.

Бұйрығы тұр аңғарсаң,

Қызыл жанса аялда.

Сары жанса аялда,

Жасыл жанса аяңда,

Жол ашық не уайым бар.

1 топ

Гулдейді машина,

Гулей есіп жолменен,

Гулеме сен асыға.

Гулесе де ол деген,

Көше кесіп отерде.

Алаңдама қарама,

Қанғыма құр бекерге.

Текке қарға санама,

2 топ

Жолақ жолақ көше деп,

Өтеді кім жаяулар.

Көліктердің нешесі,

Жылдамдығы баяулар.

Қалмасын жұрт жолынан,

Деп жол жолынан.

Зебраның жолынан,

Аумайды өзі келіп көр.

3 топ

Автокөлік ыңғайлы автобусқа міңнемін,

Онда қалай отырып,тұру мәнін білемін,

Күлмей, итермей алға қарай отемін.

Билет алып жайғасып,аялдамамды күтемін,

Әдептілік әліпби әр кез сақтап жүремін.

Егер кірсе қарт адам тұрып орын беремін.

Жарайсындар балалар енді біз қоянның тапсырмасын орындайық

1 топ

Жол белгісінде зебра бұл аң түрі ме?

2 топ

Жолдан жүгіріп өтуге бола ма?

Көше қиылысы дегеніміз не?

Жарайсыңдар балалар енді аюдың тапсырмасын орындайық

Балалар енді біз өз ойларымызды айтайық жол белгілері туралы.

1 топ

Автобус пен троллейбустың, трамвайдың тек қана ортанғы есігінен шығып, алдыңғы есігінен түсіңдер.Бұл көліктерге тек аялдамалардан шығып, аялдамалардан түсіңдер.

Жолаушыларды тасымалдайтын көліктерді арнайы алаңдарда күтіңдер.

Трамвайдан түсіп жолды тек қана жаяулар өтетін жерден кесіп өтіңдер. Автобус пен троллейбустан артқы жағынан,трамвайдың алдыңғы жағынан түсіп кесіп өтіңдер.Сонда қарсы жақтан келе жатқан тронспорт көрініп тұрады.

Тротуардың оң жағынан жүр.

Егер жолда тротуар болмаса көлікке қарама-қарсы жолдың шетінде тұр.

Жолдың жаяулар өтетін жолынан кесіп өт.

Көшені тура кесіп өт.

2 топ.

Жолда байқа

Көшені кесіп өткенде алдымен солға, көшенің ортасына барғанда оңға қара.

Әрқашан абай бол

Қызыл жарық тоқта

Сары жарық кідір,

Жасыл жарық алға бас.

Жолды үлкендедің көмегімен кесіп өткен дұрыс.

Жүргіншілер жол апатына ұшырамас ұшын жол ережесін бұзбаған жөн.

3-топ

Жолды ешқашан жүгіріп өтпе.

Өзің танымайтын, білмейтін адамдардың көлігіне отырма.

Автобуста килігіп итерме.

Автобусқа, трамвайға, троллейбусқа, метроға балмұздақпен кіруші болма.

Айқайлап сөйлеме.

Үлкен кісілерге орын ұсын

Транспорттың артынан жабысу өміріңе қауіпті.

Жарайсыңдар балалар енді біз қасқырдың тапсырмасын орындайық

Тест.

1.Бағдаршамның дайындал белісі қандай түсте болады.

А)қызыл Ә) жасыл Б( сары.

2.Бағдаршамның қызыл түсі жанғанда өтуге бола ма?

А) жоқ болмайды Ә) болады Б)мүлде

3.Реттеуши көлік қозғалысы ненің көмегімен басқарады?

А)дауыс зорайтқыш, Ә) желі арқылы, Б)родиостанция

4.Жаяулар тротуар қай жағымен жүруге болады?

А) оң жаңынан Ә) сол жағынан Б) ортасынан.

5.Қиылыс дегеніміз не?

А) Екіншісі бірішісі көшенің қиылысатын жері.

Ә)Тек екі көшенің қылысы Б)Жол алабының тротуармен қиылысатын жер.

6. Бадаршамның жарығының түстері қалай орналасады жоғарыдан төмен қарай?

А) Қызыл, сары, жасыл. Ә) Сары, қызыл, жасыл. Б) жасыл, қызыл, сары.

Енді бала серіту сәтін орындаймыз.































































































































































































































































































































































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал