7


  • Учителю
  • «Сыйынар ем Ана деген тәңірге!» (8 наурыз!)

«Сыйынар ем Ана деген тәңірге!» (8 наурыз!)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Сыйынар ем Ана деген тәңірге!» (8 наурыз!)

Мақсаты: 1)Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау.2)Ұстазға , ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.3)Оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер,видиоролик.

Барысы:

Кіріспе:

Жүргізуші:

Көктем келді оянды өлең бір тұйық,

Ару қыздар көңілге әсем сыр түйіп.

Жауқазын жыр бүршік атып кеудемде,

Көк шалғынмен бой көрсетті қылтиып.

Көктем өлең,

Көктем сезім,

Көктем мұң!

Көктем өлең көңілдерге көшкен мың.

Ұйықтап жатқан сезімдерді оятып,

Ай-хай көктем,

Пай-пай көктем,

Қош келдің!

Кеш жарық, қымбатты аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

О, Ана!

Тірегім де өзіңсің,

Жүрегімде өзіңсің,

Айтатын әркез сөзімсің.

Өзіңсің ана, өзіңсің,

Аз қызыққа мәз болған,

Көкірегіңе наз толған,

Жатқа кетсем төрімсің.

Іс бастаған оң қолдан,

Бата беріп оң жолдан,

Құлыным дейсің аймалап.

Айналайын, ана жан,

Мадақтауға тұлғаңды,

Жалықпаймын қайталап.

Дұрысымды асырған,

Бұрысымды жасырған,

Мен гүл болсам қырмызы,

Сенсің ана - жайған бақ!

Құрметті аналар, қыздар! 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.


Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Болатова Аружанның орындауындағы «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.

О, періште Анам!

Келді көктем күнің,

Күлімдейді гүлің -

Алтын ойлы Анам,

Мерекеңіз бүгін!

Жұмақ-кұшак панам,

Күндей нұрлы санаң!

Қызығын көр ұл-кыз,

Еңбек сүйгіш Анам!

Жыртылмастан жағаң,

Шарықтасын жаңа ән!

Арманыңа жетші,

О, періште Анам! (Айзат)


Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің. (Көркем)


Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,

Анам менің, асылым, лағыл әнім. (Сабина)


Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

Иықтан шашып, төгіліп жерге,

Күмісті шашбау, жарасып белге-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз. Қуатова Фаризаның орындауында «Шаттық» биі.


Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын апалардың баласы бар. (Айдана)


Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық алтын бақ! (Аянат)


Бауырсақ шайнап жегізген,

Жая десем жал беріп,

Шекер десем, бал беріп,

Аялап мама емізген,

Аяулы анам, аман бол. (Қ.Аружан)

«Қызықты сұрақтар» ойыны

1. Балаңыздың туылған күні?

2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?

3. Балаңыздың аяғының өлшемі?

4. Балаңыздың парталасы кім?

5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?

9. Балаңыздың сүйікті ойыншықтары қандай?

10. Балаңыздың ең жақын досы кім?

11. Балаңыздың ең сүйікті пәндері?

12. Сөйлесу барысында балаңыздың ең жиі қолданатын сөзі?

13. Балаңыздың айналысатын ең сүйікті ісі?

14. Балаңыздың оқитын мектебі,қабаты,сынып бөлмесі?

15. Балаңызға деген ізгі тілегіңіз.


Оразмухамет Дастан, Садықов Ескендір, Тлеуберлина Сабина, Қасим Мәлика, Жарылқасынның орындауында «Частушки» қабыл алыңыздар!

Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

«Әжетай сені жақсы көремін», деп

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын. (Е.Аружан)


Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Қажет болса бәріне. (Елнұр)


Өзің мені өсірген,

Айналайын, ақ әжем.

Тентек болсам кешірген

Шөлдедің бе, дана әжем. (Мадияр)


Шай қайнатып берейін,

Шекер салып жан әжем

Өзім құйып берейін,

Балдай тәтті бал әжем! (Амир)


Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі.(Ерсұлтан)


Немересі: - Әже деймін, әже,

Сұрақ қойғым келеді сізге.

Мен түсінбейтін бір жәйт бар.

Түсіндірші соны бізге.

Бірінші сұрағым сізге:

Дүниеде не қымбат?

Немересі: - Адамға не қымбат?

Немересі:- Балаға не қымбат?

Тағы бір сұрағым бар сізге,

Қатты мен жұмсақ жайлы.

Әжесі: - Сұрай ғой, қалқам. Не сұрасаң да жауап берейін.

Немересі: - Әже дүниеде не тәтті?

Немересі: - Дүниеде не қатты?


Жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Жанары жаны жаздай жайрандаған

Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам


Намысты бермеу үшін жатқа қолдан

Арулар аз болды ма атқа қонған

Көңілде қалған сыз бар өткен күннен

Өмірде қалған із бар Ақтабаннан


Жасырмай айтар болсам жан сырымды

Тағдырым қарауылға қанша ілінді

Ерліктің қос қанаты деп білем мен

Аяулы Әлия мен Мәншүгімді

Кетті қысқы ызғар,

Еріп жатыр мұздар.

Мерекеңіз бүгін,

Қызғалдақтай қыздар! (Дастан)


Қыздар - ай

Нәзік жанды Сабина,

Ұзын шашты Мәлика,

Салмақтысы Айдана.

Ашық жүзді Фариза,

Қара көзді Аружан,

Сымбаттысы Аянат.


Шие жүзді Аружан,

Мың бұралған бұл Дана,

Көріктісі Айзат-ай.

Ақылдысы Көркем-ай,

Ширақтысы Ділназ-ай,

Қазағымның қыздары-ай.

Қайырмасы:

Сұлулыққа қызығай,

Жүрек шіркін тыңдамай,

Дүрсілдеуден қуалай арман-ай.

Күйдіреді жалындай,

Үлбіреген сағымдай,

Құттықтаймыз бәріңді,

Шаршамай, қыздар-ай.


Асыл, Жамал, Инара,

Гүлнұр, Көркем, Гүлдара,

Айман, Шолпан, Арайлым.

Айнұр, Айгүл, Надия,

Раушан, Ляйля, Асия,

Жанар, Рима, Айғаным.

Қайырмасы: 3 рет

Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.


Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда Айдын Дана, Жолдыбаева Аянат, Қасим Мәликаның орындауында қазіргі заман талабына сай биді қабыл алыңыздар.

«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, бақытты бүлдіршіндеріңіздің әсем өлеңдерін қабыл алыңыздар.

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар! (Ескендір)


Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де. (Ұлағат)


Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам. (Ділназ)


Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді,

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді. (Азамат)


Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен байланысып жатыр.Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!


Мен мұғалім анамның,

Өнегесін аламын.

Ертең менде анамдай.

Оқытушы боламын.(Б.Аружан)


Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам!(Акрам)


Барша ана,құтты болсын мерекеңіз!

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз.(Ануар)


Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.(Жалғас)


Ән «Аяулы ана жаным» (хор)

Ана -барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.


Болса да өзге жүрек,

Адамға адам - тірек.

Сіздерге айтар мынау,

Мерекелік тілек: (Фариза)


Қарау жүрсін қашық,

Алшы тұрсын асық.

Берекесін берсін,

Сіздер еткен кәсіп!(Арсен)

Әр таңдарың атқан,

Бақыт берсін батпан.

Кұрастырсын құдай,

Табысынды тапқан!(Мәлика)


Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз.(Мейір)


Балалар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыстайды.


Сіздер - Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер - өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер - ана, сіздер - жар, сіздер - қыздар,

Сіздер - жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған. (Дана)


Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.(Ғалижан)


Аналарға арналған водиороликті тамашалау.

Жүргізуші:

Ана

Сен бақыттысың,

Жыламағың!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағың, жыламағың!


Бармын ғой

Тірімін ғой,

Қасындамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,

Байырғы берекеңді қашырмағың.


Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.


Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

Ана,

Сен бақыттысың, тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді…

(М. Мақатаев)


Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.

Сау-саламатта болыңыздар!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал