7


  • Учителю
  • Урок по математике на тему '2 санын қосу және азайту'

Урок по математике на тему '2 санын қосу және азайту'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: 2 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:
1) 10 көлеміндегі санға 2-ні қосу және азайту тәсілімен таныстыру. Ұлттық ойындар түрлерімен таныстыру.
2) Оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлау қабілет, математикалық тілін дамыту
3)Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.Ұлттық құндылықтарды сақтауға баулу.

Сабақтың әдісі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: түсіндіру,ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (слайд), жеке суреттер, ойыншықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Сабаққа әзірлену
Біздер тату баламыз
Өсіп алға барамыз
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз.
2. Қызығушылықты ояту.
- Балалар терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қандай ай?
- Қыс мезгілінде балалардың асыға күтетін қандай мерекесі бар?
- «Қазақстан Тәуелсіздік» күні және «Жаңа жыл» мерекесі
- Қане балалар тақтаға қарайықшы, кімнің суретін және нелерді көріп тұрсыңдар?
- ҚР -сын кім басқарды?
- ҚР рәміздерін кім атап береді?
- Қазақстанның астанасы қай қала?
- Ендеше балалар, биыл 2012 жылы ҚР Тәуелсіздігіне неше жыл толады?
- 21 жыл толады екен?
- Өте жақсы
- Ендеше бүгін біз сабағымызды осы мерекеге арнап қазақтың ұлттық ойындарына арнаймыз

Ұлттық ойын түрлері: «Алтыбақан», «Арқан тартыс», «Теңге алу», «Көкпар», «Қыз қуу», «Аударыспақ», «Күш сынаспақ», «Орамал тастамақ», «»Соқыр теке , «Ақсерек- көксерек» т.б. Әр баланы көңіл - күйді білдіретін смайликтермен бағалаймыз.

\ІІ. Өткен сабақты пысықтау «Алтыбақан» ойыны арқылы, 1 санын қосу және азайтуды айту. «Алтыбақан» ойыны қалай ойналады?( +1, -1) Алтыбақанда 2 бала отыр еді, тағы бір бала келіп қосылды. Неше бала болды? 5 бала отыр еді, біреуі үйіне қайтты? Т.б.
7 + 1 =
9 - 1 =
10 - 1 =
8 + 1 =
2 + 1 =
5 - 1 =
9 + 1 =
4 - 1 =

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.
Математикалық диктант. «Көкпар» ойыны арқылы жазамыз. Бұл ойын қалай ойналады?Тез, жылдамдықты қажет етеді.
1. Бірінші қосылғыш 7, екінші қосылғыш 1. Қосындыны тап.

2. Азайғыш 5, айырма 4, азайтқышты тап.

3. Азайғыш 7, азайтқыш 2, айырманы тап.

4. Екінші қосылғыш 3, қосынды 8, бірінші қосылғышты тап.

5. 5 шығу үшін 1- ді қандай санға артыру керек?

6. 4 шығу үшін қандай саннан 1- ді азайту керек?

7. 7 шығу үшін 6 - ға нешені қосу керек?

8. 6 санының 5 - тен нешеуі артық?

9. 6 мен 8 - дің , 7 мен 9 - дың арасында қандай сан тұр.

10. 5 - тен кейінгі санды атаңдар. Ол бестен нешеге артық?
ІV. Жаңа сабақ.
1.Ой қозғау «Күш сынаспақ» ойынын пайдаланамыз. Бұл ойынды неше адам ойнайды? ( 2 адам). Ендеше бүгін 2 санын қосу және азайту тақырыбын өтеміз.Ол үшін ортаға екі бала шығып күш сынастырамыз. Кім жеңілсе, өрнек жазады. Сәйкестендіру тәсілін пайдаланамыз.
1 + 2 = 3 2 + 2 = 4 3 + 2 = 5 4 +2 = 6
5 + 2 = 7 6 + 2 = 8 7 + 2 = 9 8 + 2 = 10
Ойын : «Көршісін тап»
V. Оқулықпен жұмыс.
- Балалар, әрі қарай сабағымызды оқулықпен жұмыспен жалғастырамыз.Ол үшін «Теңге алу» ойыны туралы білуіміз керек.
№ 1 тапсырма

Доминодағы нүктелерді пайдаланып өрнек жазу.

5 + 2 = 7 4 + 2 = 6 3 + 2 = 5 7 - 2 = 5 6 - 2 = 4 5 - 2 = 3

VІ. Сергіту сәті.
№ 2 тапсырма
«Орамал тастамақ» ойыны туралы білу.

Сандар қатарын пайдаланып 2 сан аттап қосу мен азайтуға жаттығу.

ҮІІ Дәптермен жұмыс.

Ол үшін біз «Соқыртеке » ойыны туралы білеміз.

№ 3 тапсырма

Кесіндіні өлшейміз - 4 см

2 см + 4 см = 6 см 4 см - 2 см = 2 см

№ 4 тапсырма

Сандар қатарын толықтыру.

0 4 8 1 5 9 10 6 2 9 5 1

0 5 10 1 4 7 10 5 0 9 6 3 № 5 тапсрыма бір сан аттай отырып өсу кему ретімен атау:

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 10 9 8 7 6 5 4 3 2 1

Шығармашылық тапсырма

Бір шаршы қалатындай таяқшаны алып таста.
VІІІ. Қорытынды

«Қыз қуу» ойыны туралы айту.
- Балалар, бүгінгі сабақта нені үйрендік? Нені білдік?
- Қандай мерекені есімізге түсірдік?
- Сонымен бүгін қандай ойындар туралы білдік?

ІV. Бекіту.
- Балалар сабақ ұнады ма?
- Сендер шаршадыңдар ма?
- Қандай көңіл-күй сендерге көмек береді?
- Бір күліп сергіп алайық

Х. Мадақтау.
Қонақтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алған смайликтеріне қарап бағалау жүргізу.
Сабағымыз аяқталды. Рахмет! Сау болыңыздар!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал