7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: 'Атадан өсиет, анадан қасиет' 4-сынып

Тәрбие сағаты: 'Атадан өсиет, анадан қасиет' 4-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Үлгілі орта мектебі




Тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Атадан - өсиет, анадан - қасиет»









Өткізген: Есимов А.О








2015-2016 оқу жылы

«Атадан -өсиет, анадан қасиет»


Мақсаты: Қыз балалар бойына нәзіктік, ілтипаттылық пен инабаттылық ұялату, ер балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор, еліне қорған болар азамат болуға тәрбиелеу. Оқушылардың бүгінгі күнгі ұл мен қыз балалардың тәрбиесі жайлы өзіндік пікірлерін, көзқарастарын білу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар. Бүгін сіздердің аталы сөздеріңізді естіп, ертеңгі күнімізге сабақ алып, көп жылғы бала тәрбиелеудегі тәжірибелеріңізді, асыл сөздеріңізді көкейімізге ұялату мақсатында «Атадан - өсиет, анадан - қасиет» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Олай болса, тәрбие сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


1-жүргізуші:

Есенсің бе? Қазыналы қарттарым,

Бабалардың бойға жиған салттарын.

Өздеріндей ұлағатты болуға,

Өсиетіңді жүрегіме сақтармын.


2-жүргізуші:

Қарттық деген қасиетті ұғым бір,

Мені өзіңнің пейіліңмен жылындыр.

Балалардың болашағын аңсаған,

Бойларыңда бір керемет жылу жүр.


1-жүргізуші: Дана халқымыз қыз баланы тәрбиелеуге ерте заманнан ерекше мән берген. Себебі, қыз - өмірдің қызғалдығы, елінің көркі.


2-жүргізуші: Сондай-ақ, «Қыздың жолы жіңішке», «Қыз - өрісің» деп, қыз баланы конақ ретінде сыйлаған. Қызына тәрбиені бесіктен бастап беріп, қызды ертеңгі ана, асыл әже және аяулы қарындас ретінде қараған.


1-жүргізуші: Ал ұл баланы шаңырақ иесі, ата- ананың отын тұтатушы, еліне қорған болар азамат деп санаған.


2-жүргізуші: Сондай-ақ, «Сен өзің жігіт болсаң да, ақыльщ қария болсын, салмақты, сабырлы бола біл» деп ұлдарына өсиет айтып отырған.


1-жүргізуші: Сондай-ақ, «Ер елді корғайды, ел жерді қорғайды» дей отырып, ер адамның бір сөзді, ер мінезді қайсар, ақ көңілді еңбекқор, батыр да батыл болуын қалаған.


2-жүргізуші: Ал нәзік жанды әйел ер адамның жолын кесіп өтпеген, аяғын аттамаған, бас киімін таптамаған. Себебі, әйел адамның әр жағымсыз іс - әрекеті ер адамның жолына қырсық, беделіне нұсқан келтіреді деген.


М.Мақатаевтың «Тектілік анадан» өлеңі желісі негізінде көрініс

Автор: Ұзын жолдың бойы. Аяндай басып бір қыз келеді. Алдынан қарсы келе жатқан ер адамды көреді де жолын кесіп өтпей тосып тұрады.

Алдынан тосып тұрған қызға риза болған ер адам:

«Неге сонша сен маған көп қарадың,

Неге тостың сен мені, өт қарағым.

Бабасының саған берген үлгісін,

Аруағынан айналдым текті ананың, - деп, батасын береді.


1- жүргізуші: Иә, ана тәрбиесі - тектілік тәрбиесі екені баршамызға аян. Себебі, бабамыз ер-азамат - түздің адамы, әйел - тәрбие беруші, отбасы, ошақ -қасының жылуы деп қарап, негізгі тәрбиені анаға артқан.

2-жүргізуші: Сондай-ақ, ата-ана балаларын әдептілікпен қатар қанағатшыл, ынсапқор, шыдамды да сабырлы, ар-ұяты жоғары болып өсуін қадағалаған. Ақындарымыз да өз өлеңдерінде тәрбие саласына үлкен мән беріп, жырларында жырлап отырған.


1-оқушы: Ш. Құдайбергенов: «Талап пен ақыл»

Ынсап, үят, ар, рахым, сабыр, сақтық.

Талапқа алты түрлі ноқта тақтық.

Алтауының ішінде ынсап әділ,

Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық.

Ынсап деген аспайды, кем қылмайды,

Орын таппай ол, сірә, қозғалмайды.

Рахым жақсы көреді аяғанды,

Адамға қаттылықты ойға алмайды.

Ар демек - адамшылық намыс деген,

Арың кетпес жағаңа карыс деген.

Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу,

Сөз емес күншіл болып алыс деген.

Намыс сол - аулакта ұял көргендей-ақ,

Ұрлаған малың шығып бергендей-ақ.

Орынсызды істеуге өлгенше ұял,

«Ұят күшті өлімнен» дегендей-ақ.

Сабыр деген -әр іске шыдамдылық,

Қатты керек адамға бұл бір қьлық.

Қолы жетпей талай жан ызданады,

Осыдан көп шығады адамшылық.

Сақтық деген әрқашан байқап жүрмек,

Пайда ма, не залал ма, ескерілмек.

Көргенін, естігенін есепке алса,

Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.

Ойменен, талаппенен болды сегіз,

Айтылмай ойда қалды неменеміз.

Өзге жақсы мінездің бәрі-дағы

Шығады осылардан түгел деңіз.

Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан

Анық төмен болмай ма хайуаннан.

Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағаннан.

Би орындалады (қазақ биі)

1-жүргізуші: Иә, өздеріңіз көріп тыңдап отырғандай қазақ халқы болашағын ойлап отырып, ақылдың кені қариялар сөзіне ерекше мән берген. Сөз мағынасын ой елегінен өткізіп, тәрбиелік мәнімен зер алған. Сол арқылы, жанама тұспалдау арқылы, қоғам мүшелерін тәртіпке шақырып отырған. Осындай бір аңыз әңгіме желдің өтінде, жаудың бетінде отырған, орта жүзде болыпты.


Көрініс: «Жәнібек би мен Қаз дауысты Қазыбек би»


Автор: Жоңғар хандығының шапқыншылығы мен Ебінің тас ұшыратын боранына запы болған елді аралап келе жатқан Жәнібек пен Қаз дауысты Қазыбек би бір қарияға кездеседі.


Жәнібек би: қарияға: Уа, ақсақал, ауыл берекесі қалай кетеді?


Қария: ойланбастан: Ауыл ақсақалы шала болса, «ә» десе, «мә» дейтін, жасы үлкенін кішісі сыйламайтын қолы жара, көңілі қара болса, сол ауылдың берекесі кетеді.


Қазыбек би: Уа, ақсақал, үй берекесі қалай кетеді?


Қария: Әйел қабағын түйін керілсе, шай құйып беруге ерінсе, ұлы ұрысқа сай болса, келін керіске сай болса, сол үйдің берекесі кетеді.


Мұғалім: Халқымыздың рухани байлықтарын яғни оның салт-дәстүрі, әдет-ғүрыптары біздің үлттық болашағымыздың, халықтық қасиетіміздің өзімізге де, озге де жазбай танытатын асыл мұрасы.

Ендеше салт- дәстүрімізге байланысты сұрақтарға жауап берейік. (Қоржынға асық саламыз)


Жігіттің үш жұрты: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты.Халық арасында мұны өз жұртың күншіл, қайын жұртың міншіл, нағашы жұртың сыншыл деп те мәтелдейді.


Ер қаруы - бес қару. Садақ, найза, мылтық, қылыш, айбалта.


Жігіттің жеті қазынасы: ақыл- білім, өнер, сұлу әйел, жүйрік ат, берен мылтық, құмай тазы, қыран бүркіт.


Камзол - әйелдердің ұлттық киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. «Жеңсіз бешпент», «Көзекей» деп атайды.Қыздар мен жас келіншектер киетін камзол өте сәнді болады.Оның омырауына алтын, күміс жалатқан қозалар, түймелер тағылады.


Тақия - ерлердің жеңіл бас киімі.Тақияның түрлері көп.Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер тақиясында теңге, моншақ, тана болмайды. Оның есесіне олар мүйіз, ат ерін, шырмауық сияқты кестелермен өрнектеледі.


Мәсі- аяқ киімнің бір түрі.Оны былғарыдан, құрымнан тігеді. Мәстің сыртынан кебіс немесе ластық киеді. Мәсі әрі жеңіл жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім.

Сәукеле- Бойжеткеннің назарына жұрт көзі тимесін деп, оның бас киімін өте биік ұшты етіп неше түрлі жарқырақтар тағып қоятын болған. Ата-ана алыстан шаң көрінгенде «Жүгіріңдер, қарақтарым, ағаларың жеңешеңді аман сау әкеле ме екен?» деп балаларды жүгіртеді.Сонда балалар «сау келеді» деп жүгіреді.Қыз басындағы биік бөрік сәукеле аталуы осыдан.


Жүзік- Қазақ жүзіктерінде көбіне күн суреті алынады. Оны «Күніміз ашық болсын» деген тілекпен салған. Қос дөңгелек мейіріміділіктің белгісі. Оны ұзатылған қызының артынан барған анасы тағып барып, қызын жат тұрмыста көрсе, қыз енесінің қолына салады. Оны айтта, мейрамға барғанда салып барады. «Шіркін ақ ниетті адам екен» деп ел ол кісіні құрметтеп төрге отырғызады. Келіні кесірлеу, әлсіздеу адамға ол ана ақыл кеңес береді.


Сыңар білезік- халықтың қастерлі дүниесі. Бұл Күн мен Айға табынған ерте заманда туған. Жас жігіт өзін ұнатқан бойжеткенге сыңар білезік сыйлаған. Егер қыз жігітті ұнатса сол қолына салып жүрген.Көпшілік жерде, тойда, айтта салады. Қыз жиында біреуге ұнап қалса, білезігін көрген танысуына болмайды. «Қыз жақсы- ау, бізге бұйырмаған екен» деп үмітті үзеді. Жігіттерді таласқа, жүрек қалауын саудаға салмаудың сара жолы осы еді.


Мұғалім: Конақ жайлылық - қазақ халқының ертеден қалыптасқан асыл қасиеттерінің бірі. Мейлі күндіз, мейлі түн келсін, қонақпыз деп келген адамдарды құрақ ұша қарсы алған. Аузына барын тосып, өлі келгенше сыйлаған. Сол әлі күнге дейін оз мәнін жоғалтпай атадан балаға жалғасып келеді.


Көрініс: "Меймандастық"

Екі жолаушы тау бөктеріндегі киіз үйге бас тіреген еді. Үйде қызымен мен әжесі жүн түтіп отырады.

Ассалаумалейкум! Айналайьш, қызым, шөлдеп келеміз. Бір кесе су берші.

- Ағай, үйде су жоқ еді.
Әжесі шошып кетеді.

- Су жоқ болса коже бар емес пе, көже бер.
Жолаушылар көже ішіп, әжеге рахмет айтып шығып кетеді.

Енді әжесі:

  • Сенің жаңағы жолаушыға су жоқ дегенің не? Түсіндірші соны.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал