7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Абылай хан Сабақтың мақсаты: 1. Әңгіменің мазмұнын ашу, оқушыларға халқымыздың өнегелі қолбасшы, ержүрек ханы Абылайхан туралы, ұлы адамдар туралы түсінік беру. 2. Оқушыларды мәтінді түсініп оқи білуге, талдауға, ойларын ашық білу

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан Сабақтың мақсаты: 1. Әңгіменің мазмұнын ашу, оқушыларға халқымыздың өнегелі қолбасшы, ержүрек ханы Абылайхан туралы, ұлы адамдар туралы түсінік беру. 2. Оқушыларды мәтінді түсініп оқи білуге, талдауға, ойларын ашық білу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан

Сабақтың мақсаты:

  1. Әңгіменің мазмұнын ашу, оқушыларға халқымыздың өнегелі қолбасшы, ержүрек ханы Абылайхан туралы, ұлы адамдар туралы түсінік беру.

  2. Оқушыларды мәтінді түсініп оқи білуге, талдауға, ойларын ашық білуге баулу, ізденіс әрекеттерін қалыптастыру, ойлау, қиялдау елестету, сөздік қорларын дамыту.

  3. Ұлттық сезімдерін ояту, елі, жері үшін еңбек ете білуге, өнегелі батыр, ержүрек, ақылгөй, данагерлікке елдің қамын ойлай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Абылайхан суреті, Шоөан бүктемесі, Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің суреті.

Пәнаралық байланыс: сурет, дүниетану, тарих

Қолданылатын стратегия: Ойлан тап ойыны, ой шақыру

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, шығармашылық жүмыс, топпен жұмыс

Түрі: жарыс сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылықты ояту кезеңі

  2. Алтын ереже

  1. Өзгені түсін

  2. Өзгенің ойын тыңдай біл

  3. Өз ойыңды жеткізе біл

  4. Сұрақ қоя біл

  5. Өзгенің шешімін бағала

  6. Өз ойыңды жаза біл, айта біл.

Венн сызбасы бойынша ауызша сұрақ-жауап

Президент

Белгілі бір күн жер жерде сайлау учаскелері белгіленіп, он алтыдан жоғары адамдар барып, жазбаша түрде үміткер президентті сайлайды.Қазақтың хан сайлауы. Хан мен Президент қалаай сайланады екен?

Хан

Барлық қауым жиналып хан сайланатын адамдардың жақсы жаман игі істерін ашық түрде айтып, дауыс береді. Ақ кигізге көтеріп, таққа отырғызады.

Күн белігленіп, халық сайлайды. Елге басшы болады.

  • Сонымен қатар балалар бүгінгі таңда халықты президент басқарса, кешегі хандық дәуірде халықты хан басқарған. Мынадай хандар болған. Тәуке хан, Хақназар хан, Кенесары хан, Жәңгір хан, Есім хан, Жошы хан, Әбілхайыр хан, Абылай хан.

Абылайхан үш бидің басын біріктірген. Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би.



Абылай хан



Мағынаны ашу кезеңі

  1. Білгенге маржан, білмеске арзан

Тақтадағы ілінген халқымыздың өнегелі біртуар азаматтары хас батырлары ақын-жазушы, ғалым суреттерін алып, жеке-жеке түсінік беру.

Б.Момышұлы - Ұлы Отан соғысында ерекше ерлігімен елін қорғаған хас батыр.

А.Құнанбаев-қазақтың аса көрнекті ұлы ақыны.

Ы.Алтынсарин-балаларға арнап тұңғыш мектеп ашқан ұстаз.

А.Байтұрсынов - балалардың сауатын ашуға хор үлес қосқан тұңғыш әліппе құрастырған жазушы педагог.

Ш.Әлиханов - зерттеуші, ұлы ғалым, ағартушы.

М.Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы

Абылайхан - Жоңғарлардан қазақ жерін азат етуге аса ірі қолбасшы ұлы хан болған.

Н.Ә.Назарбаев - Қ.Р.Президенті.

Олай болса біздің өтетін тақырыбымыз осы дара тұлғалардың біртуар азаматы-Шоқан мен Абылайхан туралы.





Қосмұрын

Қостанай 1835-1865 Суретші Ағартушы Саяхатшы



Оқулықпен жұмыс: Мәтінді тізбектеп оқыту.

-Қалдан Сиреннің қазақ даласына деген мақсаты не?

Мақсаты: Қазақ пен Қырғыздың байлығын иемденіп, жерін жаулап алу.

- Абылайдың балаларына берген өсиеті не туралы?

Қытаймен байланысты нығайта түсіп, ал Ресеймен қарым-қатынасты үзбей ұстап отыруын талап етеді.

-Абылайдың қасиеттері туралы оқыту.

Мәтіннен ерте кездегі қаза елінің халын суреттейтін тұрақты тіркестерді тап.

-балалар, бқл мәтінде бізге таныс емес көнерген сөздер қолданылған. Сол сөздерді бәріміз түсініп алуымыз керек.

Сергіту сәті

Ойлан тап ойыны. 4 топқа деңгейлік тапсырма

І топ. Сұраққа жауап

-Абылай кім?

-Қалдан Сереннің қай ұлын Абылай өлтіреді.

-Абылай заманы қандай заман?

-Абылай қайда жерленді?

ІІ топ. Тест тапсырмалары

  1. Абылайдың шын аты?

А) Сабалақ Ә) Әбілмансұр Б) Абылай

2. Абылай қай жылдары өмір сүрді?

А)1731-1781 Ә) 1811-1871 Б) 1711-1781

3. Абылай неше жыл билік жұргізді?

А) 10 Ә) 12 Б) 11

4. Абылай әсіресе кімдерден қазақ жерін азат етті?

А) орыстардан Ә)қырғыздардан Б) жоңғарлардан

ІІІ топ. Абылайдың бала кезінен бастап, аттарын схема түрінде жаз.

Әбілмансұр Мансұр Сабалақ Абылай

IV топ. Абылайханның қасиеттерін ой шақыру арқылы жазайық

Сабақты қортындылау

Қазақ тарихында ерекше орны бар қазақтың бір туар азаматы Абылай секілді хан болмаған. Ол өзін ерік күштілігінің ержүректілігінің, батырлығының арқасында хан болды. Ол кісі сол кезде тәуелсіздікті аңсаған.

-Тәуелсіздік қазір орнады ма?

-Тәуелсіздік қай жылы, қай күні қабылданды?

-Тәуелсіздікке неше жыл толады?

Ендеше балалар батырлық, ерлік, Отан туралы мақал мәтел жазып келеміз.

Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал