7


  • Учителю
  • Урок 'Дала жұлдызы Ыбырай Алтынсарин'

Урок 'Дала жұлдызы Ыбырай Алтынсарин'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Дала жұлдызы -

Ыбырай Алтынсарин


Сабақтың мақсаты:

1.Ы.Алтынсарин туралы түсініктерін

кеңейту.

2.Ы.Алтынсариннің шығармаларымен

таныстыру.

3.Білімге деген ынталарын ,

құлшыныстарын арттыру.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-

жауап,әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейінін,назарын психологиялық

жаттығулар арқылы сабаққа аудару.

Білімдерін жан-жақты тексеру кезеңі:

Сынып үш топқа бөлінеді.

І топ «Сұңқар» ІІ топ «Қыран» ІІІ топ «Бүркіт»

Үй тапсырмасын сұрау:

Алдымен өткен сабақты есімізге түсіріп, Ы.

Алтынсаринды кім деген сұраққа жауап берейік.

Топтастыру.

1. Ыбырай Алтынсарин кім?

Жаттап келген өлеңдеріңді мәнерлеп оқып және

топ болып түсіндіріп беріңдер.

Жаңа сабақ. Ы. Алтынсаринның өлеңдері мен

әңгімелері.

Топтастыруды әрі қарай жалғастыру.

І топ - атқарған қызметтері

ІІ топ - өлеңдері

ІІІ топ - әңгімелері

2. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына

шолу жасау.

Жылдар Маңызды оқиғалар

1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы

Затабол ауданында туған.

1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына

арнап ашылған жеті жылдық орыс - қазақ

мектебіне барған.

1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітірген.

1859 жылы Орынбордағы шекаралық

комиссияға тілмаш болған.

1860 жылы Торғай мектебіне мұғалім болып

тағайындалады.

1864 жылы Торғайдағы мектепті ашады.

1876 жылы Петербург, Қазан қалаларына

барады.

1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда

басылып шығады.

1879 жылы Торғай облысы мектептерінің

инспекторы қызметіне тағайындалады.

1881 жылы Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер

мектебі ашылады.

1879 - 1883 жылдары Торғай қаласының

төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе)

мектептер ашылады.

1883 жылы Торғайда қолөнер мектебі

ашылады.

1887 жылы Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі

ашылады.

1889 жылы Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс

болады.

Ы. Алтынсарин - оқулық авторы.

1. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар

қандай бөлімдерден тұрады?

А/ Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар

түрлі орыс хрестоматиясынан, көбінесе И.

Паульсонның хрестоматиясынан алынды.

Ә/ Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен

алынған әңгімелер.

Б/ Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең -

жырларынан үзінді.

В/ қазақтың мақал - мәтелдері.

Ыбырайдың өлеңдерін оқып, мазмұнын талдау.

Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестелер

толтыру

Ыбырай сөзі Қандай қасиеттерді айқындайды?

Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен

Телмірме еш адамға мұңдықпенен

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан,

Іздемей - ақ табыларӨлең шумақтарын әдеби

талдау жасау. Шумақ, бунақ, буын.

І топ. - «Өзен»

ІІ топ - «Өнер, білім бар жұрттар»

ІІІ топ. «Кім сендерді балалар сүйетұғын.»

Қорытынды шығару.

Ы. Алтынсарин өлеңдерінің ерекшелігі?

Ы. Алтынсаринды «Әңгіме шебері» деп өздерің

жаңа айттыңдар. Ендеше қандай әңгімелері бар

екенін еске түсірейік.

«Әке мен бала» әңгімесін талдау. Әңгімені

талдау,көрініс.

1. Сұраққа жауап.

І топ - Әңгіме неге әке мен бала деп аталған?

Негізгі тақырыбы не? Ойларыңды дәлелдеңдер

ІІ топ - Әңгімедегі бала қандай? Ойларыңды

дәлелдеңдер

ІІІ топ - Әңгімедегі әкеге мінездеме беріңдер.

Ойларыңды дәлелдеңдер.

І топ - Еңбек туралы мақал - мәтелдер

айтыңдар.

ІІ топ - Балаға қандай кеңес берер едіңдер.

ІІІ топ - Ы. Алтынсаринның осы әңгімеге ұқсас

қандай әңгімесін білесіңдер?

«Жыл басына таласқан хайуанаттар»

көрініс

Шығармашылық жұмыс. Ой толғау.

1. «Ыбырай Алтынсарин - қазақ арасынан

шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің

қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық

мәдениеттің жарық сәулесін таратты»

2. Ы. Алтынсаринды неге «Балалар әдебиетінің

атасы» деп атаған?

3. Ыбырай атама хат.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал