7


  • Учителю
  • Открытый урок и презентация по казахскому языку на тему Біріккен сөздер (4 класс)

Открытый урок и презентация по казахскому языку на тему Біріккен сөздер (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ

Қазақ тілі 4 «а» сынып

Тақырыбы: «Біріккен сөздер».

Мақсаты:

Білімділік: Біріккен сөздердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөзді таба алуға, әр түрлі түбірлерден біріккен сөздер жасай алуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Ұжым болып жұмыс жасата отырып ұқыптылыққа, достыққа, бірлікке, әрі көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру,дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелі қима қағаздар, бағдаршам түстері.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

- сабаққа оқушылардың дайындығын тексеру.

- оқушыларды түгендеу.

«Жүректен-жүрекке» тренингі: бір-біріне сәттілік тілету, гүл ұсыну.

Поэзия минуты:

Қазақ тілім - ол менің ана тілім!

Қазақ тілім- байсалды баба тілім!

Сол байлықтан аз емес алатыным,

Болашағым, бақытым, дара тілім!

ІІ. Психологиялық дайындық: «Бағдаршам» ойыны

- Үй тапсырмасына дайындығың қалай?

Жасыл түс - жақсы дайындалып келдім

Сары түс - дайындалдым, бірақ өзіме сенімсізбін

Қызыл түс - дайындығым нашар

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

- 6-жаттығу, 98-бет.

Тест жұмысы /жауап парағы үлестіріледі/, жауаптарын сәйкестендіру қажет

1. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді не дейміз?

А) дара сөз Б) күрделі сөз С) сөз тіркесі

2. Күрделі сөздер не арқылы жасалады?

А) түбірлердің тіркесуі, бірігуі, қосарлануы арқылы Б) сөйлемнің дара мүшелері арқылы

С) сөз тіркестері арқылы

3. Күрделі сөз неше сұраққа жауап береді?

А) бір

Б) екі

С) сұраққа жауап бермейді

4. Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған сөзді тап:

А) өркеш-өркеш

Б) қызыл ала

С) қараторғай

5. Күрделі сөзді анықта:

А) достық

Б) ата-ана

С) мектеп

1) Мағынаны тану. Ойнайық та, ойлайық./ребус шешу/

Алма+гүл

түйе + құс

-Сөздерді жазу, берілген сөздерді сөз құрамына талдау, әр сөздің неше түбірден құралғанын анықтау.Дәлелдеу.

2) Ереже : Екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөз деп аталады. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы: асқабақ, қосаяқ, Алатау, Айдос, Сарыағаш т.б.

3) «Кім тапқыр?»

Тапсырма: Біріккен сөздердің арасына "+" таңбасын қойып жаз.

- Алты+бақан, жар+қанат, кемпір+қосақ, жеті+қарақшы, бал+мұз+дақ, орам+жапырақ.

Жұмбақ шешу.

Аяғы түйеге ұқсайды,

Құс болса да ұшпайды.

(түйеқұс)

Су бетінде сызып,

Ақ құман жүр жүзіп,

Мойны сұрақ белгісі

Бұл қандай көл құсы .

(аққу)

4) Терме диктант: Өтірік өлең. (оқу)

Сужыланға емделген,

Тасбақаны қарсы алдым.

Итмұрынға жемделген,

Таскенеге ер салдым.



Темірқазыққа мініп ап,

Аспанды мен шарладым.

Алатаудың шыңына

Құлап қала жаздадым.

5) «Жұбыңды тап» ойыны:

/берілген түбір сөздерден біріккен сөз құрастыру, тапсырманы орындау/

тас, шаң, көк, қу, сорғыш, жиек, бақа, ақ

- шаңсорғыш (қандай түбірлер арқылы жасалған), көкжиек (сөйлем құрастыру), тасбақа (қай сөз табына жатады), аққу (дыбыстық талдау жасау)

6) «Сөз ойла, тез ойла»

- Біріккен сөзден тұратын қала аттарын жаз.

-Біріккен сөзден тұратын адам аттарын жаз.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу . Сөздерді оқы. Олар қалай жасалған?

Талдықорған, егеуқұйрық, еңбеккүн, Жетіқарақшы, шаңсорғыш, Қаламқас, Жұмабай, беташар, теміржолшы, жанкүйер, асатаяқ, Қызылжарқұдық.

- Әр сөз неше түбірден тұрады?

Көркем жазу минуты.

Мм Мм Мм

2-жаттығу. Біріккен сөздердің екінші сыңарын тауып жаз.

дем, кәсіп, еңбек, ден, ақ, қара, әлде.

Үлгі: демалыс, ....

- Сәйкестендіру тесті: "Менің бағытым"

1. Өнер - сөз

2. Қол - мұрын

3. Ит - кәсіп

4. Күзді - басшы

5. Баспа - күні

Сергіту сәті:

Қақпаға туралап,

Теп допты оң аяқ.

Қақпаға туралап,

Теп допты сол аяқ.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай - ақ.

*******************

Қарлығашқа ұқсайық,

Кәне қанат жазайық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып - ұшып алайық.

********************

«Жасырылған сөзді тап». (бір оқушы тақтаға шығады, маңдайына сөз жапсырылады да, тақта отырған оқушы сұрақ қояды. Мысалы: өлі ме? Жануар ма? Ұша ма? Ал, отырған оқушылар «иә», «жоқ» деп жауап береді).

Жасырын сөздер: ( ит, қоян, )

Ъ

ит - итмұрын, қоян - Қоянбай.

3-жаттығу. Біріккен сөздерді мағыналарына қарай топтап жаз.

Орынбасар, асқазан, қосаяқ, Есенәлі, Қызылорда, алтыбақан, аяқдоп, Айгүл, Екібастұз, сегізкөз, ақсүйек, көкқұтан, Шиліөзен, аққу, Бейсенбай, ұлтабар.

Кісі аттары: .....

Аң, құс .......

Ойын атаулары: ......

Дене мүшелері: .........

(оқушылар тақтада орындайды).

7) Кім жылдам? /шарада шешу/

1) Бірінші түбір сөз - түс,

Екінші түбір сөз - құс.

Екі түбір сөзді қоссаң,

Шығады тағы құс. (қараторғай)

2) Бірінші түбір сөз - сан,

Екінші түбір сөз - сұйық зат.

Екеуін қосып оқысаң,

Жерге қойылатын ат. (Жетісу)

4-жаттығу. (дәптерде орындау).

V. Сабақты қорытындылау:

5-жаттығу. Сурет бойынша сөйлем құрап жаз. Біріккен сөздердің астын сыз.

1) Сиқырлы фигура

1. Алтыбұрыш - Біріккен сөз дегеніміз не?

2. Тік төртбұрыш - Біріккен сөздер қалай жазылады?

3. Үшбұрыш - Өзіңнің күшігіңе біріккен сөз болатын қандай ат қояр едің?

4. Бесбұрыш - Тырсылдап түседі, жер бетіне жетеді. Жер бетіне жеткен соң, Ғайып болып кетеді. Ол не? (Бұршақ)

5. Төртбұрыш - Байқоңыр сөзін сөз құрамына талда. Неше түбірден құралған?

2) «Бағдаршам» ойыны: - Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

Жасыл түс - өте жақсы ұнады

Сары түс - жақсы, бірақ мен өзімді көрсете алмадым

Қызыл түс - ұнаған жоқ

VI. Бағалау : бағаларына сәйкес біріккен сөзден құралған фигуралар үлестіру.

"Үш" дегенім - орта баға, /үшбұрыш /

Сапасы да орта ғана.

"Төрт"дегенім - жақсы баға, /төртбұрыш/

Алады оны жақсы бала.

"Бес" дегенім - үздік баға, /бесбұрыш/

Оқитын бол үздік қана.

VII. Үйге тапсырма: Күнделікті енді ашайық,

1) 6- жаттығу, 100-бет

Сабақ аяқталды.





































Коммунар жалпы орта білім беру мектебі















</ Ашық сабақ

Тақырыбы:









































Күні: 9.12.2015ж

Сынып: 4 «а»

Мұғалім: Кульманова Г.С.

2015 ж

































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал