7


  • Учителю
  • 16. 11-21. 11. 2015 аралығы сабақ жоспары 1 сынып

16. 11-21. 11. 2015 аралығы сабақ жоспары 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 16.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ө дыбысын сөз ішінде дұрыстанып оқуға жаттықтыру. Шыншыл болуға баулу. Мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай ? сұрағына дұрыс жауап беруге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме суреттер, әріптер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.


К ү н !

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін.


ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

Ө дыбысы қай буында кездеседі?

Әр оқушыға тізбектей оқыту.

Рольмен әңгімел


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

Ө дыбысын сөз ішінде дұрыстанып оқуға жаттықтыру. Шыншыл болуға баулу. Мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай ? сұрағына дұрыс жауап беруге үйрету.


ІҮ. Өткен сабақтан алған білімін бекіту:

-Төрт түліктерге нелер жатады?

-Түйе, қой, сиыр, жылқы.

-Төрт түлік атасы не деп аталады?


Түйе атасы -Ойсыл қара.

Сиыр атасы -Зеңгі баба.

Жылқы атасы-Қамбар ата.

Қой атасы-Шопан ата.


-Төлдер қалай аталады?

-Бота, қозы, бұзау, құлын.


Мақал-мәтел айтуға жаттығу. Жұмбақ шешу.


Сөз атасы-мақал. Бір беткейде екі көл. (көз)

Жақсы сөз-жарым ырыс.

Өтірік айтпа, ұрлық жасама. Күміс қасықтың

Асты алтын (Тіл мен сөз)

Жағасы құрақ,

Мөлдір суат. (көз)


-Қандай суат?

-Мөлдір суат.


3. Қандай ? сұрағына жауап болатын сөздерді табу.


Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаза сауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.


4. Буындық, дыбыстық талдау жасау. Көже, көрік, көкек, сөз, төл, шөже, көлік, көмек, көз, төл, көл.


5. Өлең жаттауға жаттығу


6. Дәптермен жұмыс: Үлгі бойынша берілгенді жазу.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта өткен сабақтан алған білімімізді пысықтадық.


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 17.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ө дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. Табиғатты қорғауға баулу. Жеке сөздерді оқуға, сөзді тұтас, сөз тізбектері мен сөйлемді тез оқуға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, әріптер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.


К ү н !

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін.


ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

З дыбысы кездесетін сөздерді ата .

Мына сөздерде з дыбысы нешінші буында жазылып тұр.

Қандай түйе атауын білесіңдер?

Зығыр, қызыл, қобыз, зәулім

Нар, бота, інген бура

Түйе басқа малдардан несімен ерекшеленеді?


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

Ө дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. Табиғатты қорғауға баулу. Жеке сөздерді оқуға, сөзді тұтас, сөз тізбектері мен сөйлемді тез оқуға дағдыландыру.


ІҮ. Жаңа сабақ.

Өр-кеш сөзінен қандай таныс емес дыбыс естідіңдер?

Ө-ө-ө дыбыстату.

Ө қандай дыбыс екен?

Ө әріп таңбасымен таныстыру: Баспа түрі-Бб, Жазбаша түрі-

Ө дыбысына берілген сөздерді оқытып, мағынасын ашу.

Мәтінді оқу ( рольмен)

Оқыту, буын санын анықтау

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаза сауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.


Ү. Білімді пысықтау.

-Дамыта оқуға берілген тапсырмалар:

1. Сөзді сызықшамен буынға бөліп көрсет. Өркен, өркеш, өзен, өлең, өмір.

2. Сөзде неше әріп бар екенін цифрмен көрсет. Бөлме, көже, шөже, сөз, көз.

3. Жалғасын тап. көр..., көр..., ө..., ө... .Өнер, өріс, бөрік, өрнек, көрме, көрпе, көрші, көмір,өрік, өлең, өрмек.


-Дәптермен жұмыс: Үлгі бойынша берілгенді жазу.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта қай дыбыс және әріппен таныстық?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 18.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ү дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. Ұқыптылыққа баулу. Сөздік қорын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, әріптер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.


К ү н !

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін.


ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

Малдың төлдерін ата.

Бөпешім өлеңін жатқа айт.

Дауыстап оқыту.

Ө қандай дыбыс?

Жуан дауысты дыбыстарды ата.


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

Ү дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. Ұқыптылыққа баулу. Сөздік қорын дамыту.


ІҮ. Жаңа сабақ.

а) Суреттегі құстың аты не?

Үкі, үйрек сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасату.Үй құстарын атаңдар.

Ү-ү-ү дыбыстату. ү қандай дыбыс екен?

Ү әріп таңбасымен таныстыру: Баспа түрі-Үү, Жазбаша түрі- Үү


Ү. Бекіту тапсырмалары

ә) Ү дыбысына берілген сөздерді оқытып, мағынасын ашу.


б) Ү-ні қай буыннан естіп тұрмыз? ү-кі кү-ріш түл-кі жү-рек үй-рек кү-міс күл-кі кү-рек үй-шік кү-шік түй-ме жү-зік


Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаза сауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.


в) «Ойлан тап» ойынын ойнату. Жұмбақ шешу.

Шарлап келіп даланы, Табаны суды сүйеді,

Үйіме үйін салады. (қарлығаш.) Қабағы күнге күйеді. (күріш)

Түскенде салқын күз,

Жинадық алтын тіс. (Жүгері)


г) Тақтамен жұмыс: Жеке сөздер жазғызу


д) Дәптермен жұмыс: Үлгі бойынша берілгенді жазу.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта қай дыбыс және әріппен теныстық?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 19.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ү әріпінен танып оқуға жаттықтыру. Ойын дұрыс айта білу. Байқағыш етіп тәрбиелеу. Қоғамдық мүлікті сақтауға тәрбиелеу. Өткен сабақтан алған білімді нығайта түсу.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды сурет.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.


К ү н !

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін.


ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

Көру диктантын жазғызу.Үү (бір жолға) Үзік,үкі,үстел, үлпілдек, үшкір. Үкі түнде ұшады.


ІІІ. Білімді тексеру.

а)Тізбектей оқыту.

ә) Жеке оқыту


ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү әріпінен танып оқуға жаттықтыру. Ойын дұрыс айта білу. Байқағыш етіп тәрбиелеу. Қоғамдық мүлікті сақтауға тәрбиелеу. Өткен сабақтан алған білімді нығайта түсу.

Ү. Жаңа сабақ.

а) Кезекші туралы кіріспе әңгіме айту

ә) Сынып ішінің тазалығына көңіл бөлу

б) Кім кінәлі мәтінін оқыту. (рольмен)

в) Күй атасы -Құрманғазы туралы мағлұмат беру.


ҮІ. Жаңа білімді тексеру.

-Ү дыбысы қандай дыбыс?

-Қай буында жазылады?

-Ү дыбысына сөз ойла


Сөздік диктанты: Үміт текемет телефон нан нар радио орман . т. б.


Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаза сауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.


ҮІІ. Жаңа білімді бекіту:

Тақтамен жұмыс, жеке сөздер жазғызу: Қолғанат, дүние,Үсенбек,Үміт,Елемес, Күміс ұйқы үйреткен, сүңгуір,аққу, түлкі,темір, мұз, құмырсқа, күшті, мерген, мектеп, жүрек, күрек, күміс, түйме, үйшік,

д) Дәптермен жұмыс: Үлгі бойынша берілгенді жазу.


ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: Сабақта нені білдік?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 19.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Г дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру. Оқушылардың сөздік қорын, есте сақтауын, логикалық ойын дамыту. Г дыбысы мен әрпінің жазылу ережесін сақтай отырып,таза жазуға үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту

Сабақтың әдіс-тәсіл:сұрақ-жауап, ойын

Сабақтың көрнекіліктер: магнитафон, кеспе сандар Пәнаралық байланыс: музыка


Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен мамандасып, қажетті құрал-жабдықтарын алғызу.


К ү н !

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін.


ІІ. Өткен білімді ескетүсіру

-Ү дыбысы қандай дыбыс?

-Ү дыбысының жазба әріпін жазып беріңіздерші?


ІІІ. Жан-жақты білімін пысықтау

Өтілген таұырыптар бойынша білімдерін пысықтау.

-Сөз неден құралады?

-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлем дегеніміз не?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыс ше?

-Дауыссыз дыбыс ше?

-Тасымал дегеніміз не?


ІҮ. Жаңа сабақ

Тақтаға көңіл аударайық. Бұл суреттер нені білдіреді?

Осы сөздерді Г дыбысына келетін сөздерге мысал келтірейіке гін е гіз ке ре ге ше ге шең геле геу се гіз бе те ге не ге мез гіл

Ақ көгершін (мәтін, музыкамен айту)

Үнтаспада «Ақ көгершін » әнін орындату.


Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаза сауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.


Ү. Жаңа сабақты бекіту

Г дыбысы мен әрпіне келетін сөздерге мысалдар келтіру.

Дәптермен жұмыс

-Г әріпін толтырту


Сөздік диктант: гүл, газет, гу, көгершін


Көру диктанты: егіз, сегіз, кереге, егеу, бетеге, неге, шеге, шеңгел, мезгіл, бәйге, мерген, жүген,


ҮІ. Сабақты қорыту. Сөздік диктантын жүргізу.


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 20.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Г әріпін дұрыс оқуға, дыбыстауға жаттықтыру. Зерек етіп тәрбиелеу. Білімін кеңейту, сөздік қорын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер .

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру:

Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.


К ү н !

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін.


ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

Г қандай дыбыс?

Сөздің қай жерінде жазылады?

«Ақ көгершін» жатқа айту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

Г әріпін дұрыс оқуға, дыбыстауға жаттықтыру. Зерек етіп тәрбиелеу. Білімін кеңейту, сөздік қорын дамыту.


ІҮ. Жаңа сабақ.


а) Баған түрінде берілген сөздерді хормен оқыту.

ә) «Ақан сері» мәтіні неше сөйлемнен құралғанын, мазмұнын түсіндіру

б) Сөз соңында к әрпінің г-ге айналып кету жағдайы.

терек-терегі ілгек-ілгегі жәшік- жәшігі

білек-білегі етек-етегі шелек-шелегі


Ү. Жаңа білімді тексеру.

- Г әрпіне сөз ойлау.

- Ақан сері кім?

- Құлагер кімнің тұлпары?

- Ақанның бүркітінің аты не?

- Ақан не туралы ән шығарды?


Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаза сауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.


ҮІ. Жаңа білімді пысықтау.

Дәптермен жұмыс: Г г әрпіне қатысты сөздерді жазып үйрену.


Сөздік диктант: Егін, егіз, семіз, сағыз. тамыз, шеге, неге, гүл, жүгері, бәйге.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта қай дыбыс және әріппен таныстық?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 21.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы Қайталау.

Сабақтың мақсаты: Бұрынғы сабақтан алған мәліметтерді тереңдету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Білімдегі олқылықты жою, жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.


К ү н !

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын

Сәттілік тілеймін.


ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Бұрынғы сабақтан алған мәліметтерді тереңдету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Білімдегі олқылықты жою, жетілдіру.


ІІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.

а)Сөздік диктант.

б) Сөздерді буынға бөлгізу.

ғ) Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау:

Тақтамен жұмыс:

-Дауысты дыбыстардың астын сыз.

-Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

-Жеке оқушымен жұмыс: Әдеби кітапшалар оқыту.


Дәптермен жұмыс: сөздік диктант, көру диктант.


Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаза сауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.

ІҮ. Бекіту кезеңі:

Дыбыс.

Буын дегеніміз не?

Сөз Сөйлем Сөздегі буын саны қай дыбысқа байланысты?


ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз өткен сабақтан алған білімімізді тиянақтадық.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 17.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Есеп. Барлығы нешеу?

Сабақтың мақсаты: Есеп туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа баулу.

Есептеу дағдысын арттыру.Балаларға еепті талдауға,оның шешуін табуға, жауабын дұры жазуға, теңсіздіктерді дұрыс орындай білуге, санға санды қоу және саннан санды азайтуды үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Есепшарты ,сұрағы, шешуі, жауабы жазылған плакат.

Оқыту әдісі: түсіндіру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз,

Бестік болсын бағамыз,

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз


ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Есеп туралы түсінік беру. Ұқыптылыққа баулу.

Есептеу дағдысын арттыру.Балаларға еепті талдауға,оның шешуін табуға, жауабын дұры жазуға, теңсіздіктерді дұрыс орындай білуге, санға санды қоу және саннан санды азайтуды үйрету.


ІІІ.Жаңа сабақ:

Есеп дегеніміз балалар ол біздерге берілген тапсырмалар, ал сол тапсырманы дұрыс түсініп алмақ немесе дұрыс есептің мазмұнын түсінбесек біз есептің шешуін қате шғарамыз. Ол үшін есептің мәтінін дұрыс түсініп, оны дұрыс талдауға ұйренеміз. Соны текеру мақсатында мына есепті шғарып көрелік.


ІҮ Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары

№1

Дана шыршаға 3 жасыл шар ілді. Сара 2 сары шар ілді. Олар барлығы неше шар ілді?

Берілген есепті талдау:

-Балалар есеп не жайлы?

-Шар

-Есепте не белгілі?

-Дана 3 жасыл шар ілгені

-Тағы не белгілі?

-Сараның 2 сары шар ілгені

-Не белгісіз?

-Барлығы

-Оны қандай амалмен табамыз?

-3+2

-Жақсы

-Балалар есептің шарты сұрағы шешуі, жауабы деген болады.


Шарты: Дана шыршаға 3 жасыл шар, ал Сара 2 сары шар ілді.

Сұрағы: Барлығы неше шар ілді?

Шешуі: 3+2=5

Жауабы: Барлығы 5 шар.


№2

Есеп ойлату.

3<2 Теңсіздік тура жазылған ба? Тура теңсіздік тер жаз.


№3

3=2 теңдік тура жазылған ба? Тура теңдіктер жаз.


Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп кішкентай ағаштан

Су құйғанда өседі


№ 4

Тиісті санды орнына қою: 3+2 5-2 2+3 5-3

4+2 6-... 2+... ...

Шығармашылық тапсырма. 5>3*…


ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Біз не істеуді үйрендік?


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 18.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Есеп. Қалғаны нешеу?

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға есептің шарты бойынша есеп шығаруды үйрету. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: санау материалдары

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік

Оқыту формалары: ұжымдық

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа даярлау


Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз,

Бестік болсын бағамыз,

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз


ІІ. Өткенге шолу

Есеп дегеніміз балалар ол біздерге берілген тапсырмалар, ал сол тапсырманы дұрыс түсініп алмақ немесе дұрыс есептің мазмұнын түсінбесек біз есептің шешуін қате шғарамыз. Ол үшін есептің мәтінін дұрыс түсініп, оны дұрыс талдауға ұйренеміз. Соны текеру мақсатында мына есепті шғарып көрелік.


ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру Математикалық диктант.

5+2=7 2+2=4 7+2=9

4+2=6 1+2=3 8+2=10

3+2=5 6+2=8 0+2=2

ІҮ. Жаңа білімді қабылдауға дайындау- Балалар біз бүгін +2, -2 тақырыптарына есептердің шартын құрып, шығаруды үйренеміз.

Оқушыларға есептің шарты бойынша есеп шығаруды үйрету. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.


Ү. Жаңа білімді меңгерту

Оқулықпен жұмыс:

№ 1 тапсырма бойынша түсіндірме жүргізу

Есеп. Дананың қолында 5 шар бар еді. Ол Сараға 2 шар берді. Данада неше шар қалды?

-Балалар есеп не жайлы?

-Шар

-Есепте не белгілі?

-Дана 5 шар болғаны

-Тағы не белгілі?

-Сараға 2 шар бергені

-Не белгісіз?

-Данада неше шар қалғаны

-Оны қандай амалмен табамыз?

-5-2

-Жақсы

-Балалар есептің шарты сұрағы шешуі, жауабы деген болады.


Бар еді- 5 шар

Берді- 2 шар

Қалды-?

Шешуі: 5-2=3

Жауабы: 3 шар қалды


Дәптермен жұмыс:

№ 2

3<2 5>4

  1. 4<9

  2. 6>2


№ 3

5+2=6 6+3=9

9-8=3 10-5=5

3+5=10


№4 Тиісті санды орнына қой. Шығар.

6+2 8-2 8-6 2+6

5+2 7- -5 2+


Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп кішкентай ағаштан

Су құйғанда өседі

ҮІ. Білімді меңгергенін тексеруҚосымша тапсырмалар орындату.


ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Логикалық тапсырмалар шешу

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 19.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Есеп +2, -2

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың есеп туралы түсініктерін кеңейту.

Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуТазалыққа, ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: санау материалдары

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік

Оқыту формалары: ұжымдық


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа даярлау


Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз,

Бестік болсын бағамыз,

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз


ІІ.Өткенге шолу

Есеп дегеніміз балалар ол біздерге берілген тапсырмалар, ал сол тапсырманы дұрыс түсініп алмақ немесе дұрыс есептің мазмұнын түсінбесек біз есептің шешуін қате шғарамыз. Ол үшін есептің мәтінін дұрыс түсініп, оны дұрыс талдауға ұйренеміз. Соны текеру мақсатында мына есепті шғарып көрелік.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру

Математикалық диктант.

2+3=5 2+6=9 2+2=4

5+2=7 4+2=6 2+6=8

8+2=10 7+2=9 2+0=2


ІҮ. Білімді қабылдауға дайындау

  • Балалар біз бүгін есептер шығарамыз

Оқушылардың есеп туралы түсініктерін кеңейту.

Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуТазалыққа, ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.


Ү. Жаңа білімді меңгерту

Оқулықпен жұмыс:


№ 1 тапсырма бойынша түсіндірме жүргізу

Есеп: Арманда 4 машина бар. Ермекте 2 машина бар. Оларда барлығы неше машина бар?


-Балалар есеп не жайлы?

-Машина

-Есепте не белгілі?

-Арманда 4 машина

-Тағы не белгілі?

-Ермекте 3 машина

-Не белгісіз?

-Барлығы

-Оны қандай амалмен табамыз?

-4+2

-Жақсы

-Балалар есептің шарты сұрағы шешуі, жауабы деген болады.


Арманда- 4 ойыншық

Ермекте- 2 ойыншық

Барлығы-?

Шешуі: 4+2=6

Жауабы: 6 машина


Дәптермен жұмыс:

№ 2 тапсырма

0>2 9<8 10>3 7<9 5>6 4<3 2>1. Бір қатарға тура теңсіздіктерді, ал екінші қатарға тура емес теңсіздіктерді жаз.


№ 3 тапсырма Азайғышы 2 болатын айырмаларды жаз және мәндерін та


Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп кішкентай ағаштан

Су құйғанда өседі


ҮІ. Білімді меңгергендерін тексеру

Қосымша тапсырмалар орындату


ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Логикалық тапсырмалар орындату

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 20.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Есеп +2, -2

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың есеп туралы түсініктерін кеңейту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: санау материалдары

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа даярлау


Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз,

Бестік болсын бағамыз,

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз


ІІ. Өткенге шолу

Есеп дегеніміз балалар ол біздерге берілген тапсырмалар, ал сол тапсырманы дұрыс түсініп алмақ немесе дұрыс есептің мазмұнын түсінбесек біз есептің шешуін қате шғарамыз. Ол үшін есептің мәтінін дұрыс түсініп, оны дұрыс талдауға ұйренеміз. Соны текеру мақсатында мына есепті шғарып көрелік.


ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру

« Кім жылдам» ойынын ойнату арқылы білімдерін тексеру


ІҮ. Білімді қабылдауға дайындау

-Балалар біз бүгін тапсырмалар орындау арқылы есеп туралы түсініктерімізді кеңейтеміз.

Оқушылардың есеп туралы түсініктерін кеңейту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.


Ү. Жаңа білімді меңгерту

Оқулықпен жұмыс:

№ 1 тапсырма арқылы түсіндірме жүргізу

Есеп: Анардың 6 қуыршағы бар еді. Ол Жанарға 2 қуыршағын берді. Анарда неше қуыршағы қалды?


-Балалар есеп не жайлы?

-Қуыршағы

-Есепте не белгілі?

-Анарда 6 қуыршағы

-Тағы не белгілі?

-Жанарға 2 қуыршақ бергені

-Не белгісіз?

-Қалғаны

-Оны қандай амалмен табамыз?

-6-2

-Жақсы

-Балалар есептің шарты сұрағы шешуі, жауабы деген болады.


Бар еді- 6 қуыршақ

Берді - 2 қуыршақ

Қалды - ?

Шешуі: 6-2=4

Жауабы: 4 қуыршақ қалды


Дәптермен жұмыс № 2 тапсырма

4=4 6=7 3=3 5=8 2=1 9=9 0=1

Бір қатарға тура теңдіктерді, ал екінші қатарға тура емес теңдіктерді жаз.


№ 3 тапсырма

Азайғышы мен азайтқышы тең болатын айырмаларды жаз. Олардың мәндерін жаз.


Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп кішкентай ағаштан

Су құйғанда өседі


ҮІ. Білімді меңгергендерін тексеру

Қосымша тапсырмалар орындату

ҮІІ. Сабақты қорытындылау

Логикалық тапсырмаларды орындату


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Дүниетану

Күні: 16.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Мұрын.Тіл. Тері.

Сабақтың мақсаты: Мұрын, тіл , терінің адам ағзасында атқаратын қызметі туралы түсінік беру. Тіл, мұрын, терінің қызметі түсіне отырып, сөздік қорын есте сақтау қабілетін дамыту. Тіл, мұрын, теріні күтуге.жеке бас гигиенасын сақтауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

«Құлақ» туралы пысықтау.

-Адамның сезім мүшелерін ата.

-Мұрын қандай қызмет атқарады?

-Құлақты қалай қорғаймыз?


ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Мұрын, тіл , терінің адам ағзасында атқаратын қызметі туралы түсінік беру. Тіл, мұрын, терінің қызметі түсіне отырып, сөздік қорын есте сақтау қабілетін дамыту. Тіл, мұрын, теріні күтуге.жеке бас гигиенасын сақтауға үйрету.


ІҮ. Жаңа сабақ:


Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.

Мұрын - иіс сезу мүшесі. Адам иісті мұрын арқылы сезеді. Және мұрынмен тыныс алады. Ал дәмді тілмен сезеді. Тіл - әрі сөйлеу мүшесі. Затты толық білу үшін ұстап көреді, иіскейді, дәмін татады. Сонда оның қасиетін анықтауға болады.


1) Іштей оқыту.

2) Тізбектей оқыту.

3) Әңгімелету.


Сергіту сәті.

Берік пен Айжан қолдарындағы затты қандай сезім мүшелері арқылы анықтауда?


Сен білесің бе?

Ғалымдардың айтуы бойынша тіл үшы - тәтті жауап береді екен. Ал тіо шеттері қышқыл мен ащыны жақсы ажырататын көрінеді.


Ү. Жаңа білімді бекіту.

-Сезім мүшелерін ата.

Мұрын

Тіл арқылы нені ажыратамыз?

Тері

-Жылу мен суықты біз қандай сезім мүшесі арқылы ажыратамыз?

-Ащы және тәтті заттарды ата.


Есіңде болсын!

- Мұрныңды күте біл. Ол үшін таза орамалды пайдалан.

- Білмейтін қышқылдарды иіскеуге болмайды, уланып қалуың мүмкін.

- Өзің білмейтін лас заттарды ауызға салуға болмайды.

- Ауыз қуысын тамақ ішкеннен кейін сумен шайып тазалауды ұмытпа.


ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

Адамның сезім мүшелері жайында не білдік?

Мұрын,тіл терінің қызметі туралы не білеміз?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні: 18.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандық суретшілердің туындыларымен таныстыру.

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан суретшілерін танып білуге үйрету. Қазақстанның суретшіcі Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы жайында білімдерін кеңейте түсі. Балалардың өз жерлестерінің өнерлерін мақтан тұтуларына ықпал ету. Сурет салу жұмысы барысында оқушыны таза жұмыс орындау қабілетін дамыту.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, суреттер көрсету арқылы сипаттап түсіндіру.

Көрнекілігі: Мультимедиялық проектор, карточкалар, слайд


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Сабаққа қатынастарын анықтау;

- Назарларын сабаққа аудару;


ІІ. Өткен сабақты қайталау

  • Балалар, біз өткен сабақтарда қандай суреттер салдық, қандай жұмыстар жасадық?

  • Оларды қандай құрал - жабдықтармен орындағанымызды білеміз бе?

  • Иә, балалар, біз түрлі жанрларда жұмыстар орындадық, ал енді солардың қаншалықты естеріңде қалғандығын тексеріп жіберейік.


Тапсырма: таратпа карточкалардың бір бағанында суреттер, бір бағанында бейнелеу өнерінің жанрлары берілген, сол бағандарды бір - бірімен сызықтар арқылы байланыстыруларың керек (түсіндіріп өту).

Жұмыс аяқталған соң бір - бірімізді тексеріп өтейік. Үздік орындағандарға қызыл дөңгелекше, жақсы деңгейде орындағандарға жасыл дөңгелекше, орташа орындағандар болса, сары дөңгелекшелер таратылады (Оқушылар бір - бірін бағалап өтеді)


ІІІ. Жаңа сабақ

Ал, енді балалар, бүгінгі күн мен тақырыпты дәптерімізге жазып қояйық.

Қазақ бейнелеу өнері, ұлттық көркем мәдениеттің бір бөлігі. Ал Қазақстан бейнелеу өнері осы өлкедегі бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылығы олардың шығармаларынан құралады. Қазақ суретшілері график, кескіндеме шебері, сәндік қолданбалы өнермен айналысатын суретшілер, мүсінші және дизайн туындыларын жасайтын суретшілер болып бірнеше топқа бөлінеді.

  • Балалар тақтаға зер салсақ біздің суретшілеріміздің суреті берілген, қане бұл суретшілер жайында не білесіңдер?

  • Әбілхан Қастеев - қазақ бейнелеу өнеріне алғаш жол салған кәсіби суретші. 1904 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы, Жаркент ауданының Шежін ауылында дүниеге келген. 1929 - 1931 жылдары Н. Г. Хмудовтың студиясында бейнелеу өнерінің негізін үйренеді.

  • Әбілхан атамыз екі мыңнан астам әр түрлі жанрдағы шығармалар жазды. Олар қазақ халқының тарихын паш ететін пейзаждар, портреттер, картиналар еді. 1937 жылы Қазақ ССР - інің Халық суретшісі атағын алды. (Туындылары экраннан көрсетіледі).

  • Балалар, біз білеміз ұлы тұлғалардың аты ешқашан ұмытылмайды. Мысалы, Әбілхан атамыздың атыман мұражайлар, еліміздің сан қалаларындағы көшелер, оқу орындарының атаулары аталады.

IV. Сарамандық жұмыс

- Ал, балалар, біз суретшілеріміздің туындыларын қарап таныстық. Біз де келешекте сол кісілер секілді суретші болуға тырысайық. Олар түрлі тақырыптар мен түрлі жанрларды шығармалар орындаған екен.

- Біз сурет салмас бұрын менің сұрақтарыма жауап беріп көріңдер:

- Қазір жылдың қай мезгілі?(Н);

- Көктем айларын атап көріңдерші (А);

- Наурыз айында қандай басты мерекеміз бар? (У);

- Неліктен ол біздің басты мейрамымыз? (Р);

- Наурыз мерекесі қалай тойланады? (Ы);

- Наурыз тойындағы басты тағам қандай? (З).

- Жақсы, балалар, сонымен біз «Наурыз» тақырыбына сурет орындайды екенбіз.

- Біз бұл суретті топпен орындаймыз, тақтаға назар аударсаңдар сурет бөліктерге бөлінген. Сол бөліктерді әрқайсысымыз орындап, аяқтаған соң бізде үлкен сурет шығады.

- Ал, бастайық (Оқушыларға бөліктер отырған орындарына қарай бөлініп көрсетіледі)

- Наурызды суреттеу;

- Оқушыларға салу реттілігін көрсету;

- Бағдарлау;

- Қадағалау.


V. Қорытынды

- Оқушылардың жұмыстарынан көрме жасау;

- Оқушылар бір - бірлерін түрлі - түсті дөңгелекшелер арқылы бағалау;

- Үйге тапсырма: Қазақстан суретшілері жайында мағлұмат жазу. Оқулықтағын мазмұндау


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 20.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік ережелері. Қажетті құрал-жабдықтар. Қағазды қатпарлау,бүктеу, қиу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты: қағаздан жалауша жасау туралы мәлімет беру. Оқушылардың бұрыннан алған білім, білік, дағды машықтарына сүйене отырып, қағаздан жалауша жасау тәсілдерін үйрету. Шыдамдылығын, ұқыптылығын, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыру және қауіпсіздік ережелерін сақтауға, құралдармен жұмыс жасауға икемділігін дамыту Оқушыға еңбекті өз бетінше жасауға шығармашылық бағытқа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, ізденіс, практикалық әрекет, сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сөзжұмбақ, оқулық, жалауша түрлері, қауіпсіздік ережесі, суреттер, сызбалар.
Пәнаралық байланыс: тіл сабағы, математика, музыка, бейнелеу

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық дайындық
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.

- Бүгінгі еңбек сабағына қандай қажетті құрал - жабдықтарды пайдаланамыз? (слайд көрсету)
Олай болса, осы құрал - жабдықтарды пайдалану үшін, өткен тақырыптар бойынша еске түсіреміз. Қайталау - білім анасы

1. Қағазды неден жасайды?
Қағаз ағаштан, қамыстан, сабаннан ескі қағазды затты өңдеу арқылы жасалады. Осылардың ішінде қағаз жасау үшін көп ағаш пайдаланады. Ол үшін арнайы құралмен үгіндіге айналдырады. Оған су қосып шылайды. Одан кейін осы қоспаны тұз қышқылы немесе арнайы ағартқышпен ағартып, үгіндіні әбден майдалайды. Енді қағаз мықты болып әрі жазған кезде сия жайылып кетпес үшін желім қосады. Сөйтіп қоспа әбден дайын болғанда арнайы құрал арқылы әртүрлі қалыңдатады, жұқалайды, кептіреді. Екі бетін үккіштен өткізіп, тазалап, әбден тегістейді. Әртүрлі көлемді орама жасайды немесе әртүрлі пішінде кесіп тұтынушыға жолдайды.
2. Қағаздың қандай түрлерін білесің? Оларды не үшін қолданады?
Жазуға арналған қағаздар, сурет салуға арналған қағаздар, ақ қағаздар, орауға арналған қағаздар, түрлі - түсті қағаздар, қатырма қағаздар.
3. Қағаздың қандай қасиеттері бар?
Қағаз - адам қолымен жасалатын материал. Оның өзіне тән қасиеттері бар. Әртүрлі бұйымдар жасаған кезде біз оның қасиеттерін білуіміз керек. Жыртылады, бүктеледі, иіледі, умаждалады, жанады, қиылады.
4. Жай қағазбен қатырма қағаздың қандай айырмашылығы бар?
Жай қағаз жұқа, жұмсақ болып келеді, қатырма қағаз берік болады. Умаждалмайды.
5. Қатырма қағаздан жасалатын бұйымдарды ата.
Кітап мұқабалары, папкалар, дәрі - дәрмек қораптары, азық - түлік қораптары
6. Жұмысшы сызықтар дегеніміз не?
Жай және түрлі қатырма қағазға белгілеу және оларды қию жұмыстарын орындауда қолданатын сызықтардың шартты белгілері
7. Қағаздың адам өміріндегі маңыздылығы?
Біз қазір өмірімізде қағазсыз елестете алмаймыз. Күнделікті өмірде тіршілігімізде ең көп қолданатын заттардың бірі осы қағаз, дәптер, кітап, газет - журналдар болып табылады.

Қауіпсіздік ережесі:
. Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан.
. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
. Қайшыны ашық күйінде қалдырма.
. Екінші адамға қайшыны сабы жағымен ұсын.
. Қайшымен қию кезінде жүрме, жолдасыңа жақындама.
. Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой.
. Желімді иіскеуге болмайды.

Сабақты бекіту
Мұғалім: бүгінгі сабақта қағаздан қандай бұйым жасадық?
Оқушы: қағаздан жалауша жасадық.
Мұғалім: жалауша, шар туралы өлең, жаңылтпаш, жұмбақ сұрау.
(ауызша сұралады)
- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Қандай көңіл - күйде болдыңдар?
- Балалар өте жақсы еңбектендіңдер!

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 21.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Пішінді белгілеу, кесуғ салу.

Мақсаты: Қағаздың шығу тарихымен, одан бұйым құрастыруға үйрету, ретімен таныстыру; Түсініп оқуға дағдыландыру; ойлауын дамыту; еңбектене білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушы зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Өткенді қорыту.

Суреттерге талдау, өмірмен байланыстыру. Мозаиканы көлемі бірдей тастардан жасағаны дұрыс па? Неліктен?


ІІІ . Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Қағаздың шығу тарихымен, одан бұйым құрастыруға үйрету, ретімен таныстыру; Түсініп оқуға дағдыландыру; ойлауын дамыту; еңбектене білуге тәрбиелеу.


ІҮ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Жеке-жеке оқу

Суреттермен жұмыс Адамдар қағаз пайда болғанға дейін не нәрсеге жазды? Бұлар қандай заттар еді?


Ү Практикалық жұмыс

1. Қағазды алдымен өлшеп белгілеп алу керек.

2. Содан кейін белгі бойынша бүктейміз

3. Бүктеу сызығы бойынша қағазды қайшымен қиямыз.

4. Бұйымды құрастырамыз, қағаздан аппликация жасаймыз.


ҮІ. Түсінгендерін тексеру.

Өздігінен оқушы еңбегі, мұғалімнің көмегі

Қазіргі кезде қағазды неден жасайды?


ҮІІ. Бекіту:

Әр түрлі қағаздардан коллекция жасау, оның қасиетін салыстыру.. Сұрақтарға жауап алу.


ҮІІІ. Қорытындылау. Балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 16.11.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Артық затты тап

Сабақтың мақсаты: Естігенін қатесіз жазуға, ы,і дыбыстарының емлесін есте сақтай отырып, жаттығулар орындауға үйрету. Ой-өрісін, есте сақтау қабілетін арттыру. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: санау материалдары

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа даярлау


ІІ. Білімді жан-жақты тексеру

« Сәйкестікті тап» ойынын ойнату арқылы білімдерін тексеру


ІҮ. Білімді қабылдауға дайындау

Ми гимнастикасы.


Ширату

Не үреді-(ит) Мияулайды-(мысық)

Ұшады-(құс) Қаңқалдайды-(қаз)

Қыңсылайды-(күшік) Шырылдайды-(шегіртке)

Маңырайды-(қой) Тыраулайды-(тырна)


Ү. Жаңа білімді меңгерту


№ 1 тапсырма арқылы түсіндірме жүргізу.

Сөздерді мұқият оқы. Ы,І дыбыстарына аяқталатын сөздерді тап. Осы сөздердің соңғы дыбыстарын алып таста. Сөз өзгерді ме? Сөздің қандай дыбысы өзгерді? Өзгерген дыбысты жаз.

Тірегі,қайрағы, қызметі,алауы, жауабы, тамағы, дыбысы, шелегі,балағы, көзілдірігі, шөбі, амалы, көйлегі, дауысы, өрігі, добы, шебері, білезігі, көбі, сақтауы, қабағы.

Жауабы: к,қ,п,қ,қ,қ,к,п,к,к,п,к,п,қ.


№2 Мұғалім тапсырманы бір рет оқиды. Балалар мұқият тыңдай отырып тапсырманы орындайды. Тапсырманы орындау барысында оқушылар қызыл, көк, жасыл қарындаштар пайдаланады.

  1. Үшбұрыштың сыртына және шеңбердің ішіне қызыл қарындашпен плюс(+) таңбасын қойыңдар.

  2. Үшбұрыш пен шеңбердің сыртына көк қарындашпен плюс (+) таңбасын қойыңдар.

  3. Үшбұрыштың ішіне және шеңбердің сыртына жасыл қарындашпен плюс (+) таңбасын қойыңдар.

  4. Үшбұрыш пен шеңбердің ішіне сары қарындашпен плюс (+) таңбасын қойыңдар.


Бой сергіту

Кел, балалар, ойнайық!

Тектен текке тұрмайық.

Жемістерді жинайық.

Үзіп алып бақтардан

Жолдастарға сыйлайық!


№3 Мұғалім тапсырманы бір рет оқиды. Балалар мұқият тыңдай отырып тапсырманы орындайды. Тапсырманы орындау барысында түсті қарындаштар пайдалану ұсынылады.

  1. Шеңберге қоянның оң көзі мен сол жақ құлағының суратін сал.

  2. Сөздегі барлық дауысты дыбыстарды айналдыра сыз. Ал дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

  3. Шаршы мен шеңбердің ішіне көк қарындашпен плюс (+ ) таңбасын қой.

  4. Қосындысы 40 болатындай сандарды айналдыра сыз.

  5. Сөздердің бірінші әріптерін теріп жаз. Жасырын сөзді тап.

Таба, алақан, пышық, құрай, ыдыс, радио. (тапқыр)

Жауабы: тапқыр.


№4 Мына сөздердің ортақ дыбыстарын тап



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал