7


ҚАзақ тілі 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қысқа мерзімді жоспар №1


Күні: 23.09.14ж

Пәні: Қ

Сыныбы: 4

Сабақ тақырыбы

"Қос сөздер»

Мақсаты

Қос сөздер туралы білуі тиіс. Қос сөздердің түрлері жайлы ұғынуы тиіс. Мысалдар келтіру арқылы қос сөздердің түрлерін ажырата алуы тиіс. Жасалу жолдары жайлы ойлануы тиіс. Өз беттерінше еңбектену арқылы өз білімдерін дамытады, шыңдайды.Алған білімдерін тиімді қолдануға дағдыланады. Ұйымшылдық пен еңбек сүйгіштікпен жұмыстар жасайды.


Міндеттер

  1. Қос сөздерді тиімді қолдану бейімділігін қалыптастырады.

  2. Ойын түйіндеп айтуға, басқа оқушылардың ойларын тыңдап бағалауға, ынтымақтастықта сыйласып жұмыс істей білуге, шағын топ жұмысын ұйымдастыруға үлес қосуға дағдыланады.

Нәтижелері

Қос сөздер туралы білетін болады. Қос сөздердің түрлерін ажырата алады. Мысалдар келтіру арқылы қос сөздердің жасалу жолдарын дәлелдей алады, топтай алады, сөйлем құрауда қос сөздерді тиімді қолдана алады. Тақырып материалдары арқылы өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады.

Оқыту әдістері

Блум таксономиясы

Дерек көздері

4 сынып Қазақ тілі оқулығы «Алматыкітап» баспасы 4 сныпқа арналған әдістемелік құрал, электронды оқулық.

Ойлау деңгейі

уақыт

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Оқыту үшін бағалау

Білу

1 тапсырма

5 минут

Ашық сұрақтар беру

А) біріккен сөздер дегеніміз не?

Ә) біріккен сөздер қалай жасалады?

Б) Біріккен сөздерге мысал келтір.

В) Біріккен сөздер қандай сөздер тобына жатады?

Г) Күрделі сөздер тобына жататын тағы қандай сөздер бар?

Шағын топ мүшелері бірлесіп ашық сұрақтарға жауап береді


Қызыл, жасыл, сары түсті қима қағаздар

Өзара бағалау


2тапсырма

«Қос сөз» топтастыру жасату

Оқушылар өз топтарында «Қос сөз» жайлы білетіндерін топтастырады. Топтан бір оқушы шығып тақтада қорғайды.


«Бас бармақ» арқылы қарсы топтар бағалайды.

Түсіну


3-тапсырма

10 минут


Оқулықтағы 1-жаттығуды орындауға беремін


Қос сөздерді табады, астын сызып көрсетеді.

Өзара бағалау


Қолдану

4-тапсырма

7 минут

Оқулықтағы 5- жаттығу

Әр топқа мәтін таратып береді. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына қос сөздерді қоюды тапсырады.

Сөйлемдегі көп нүктенің орнына қос сөздерді қойып шығады.


Өзара бағалау


Талдау

5-тапсырма

8 минут

Жасалу жолына қарай қос сөздерге кластер құрастыру


1-4 топ Қайталама қос сөздердің жасалуын қарастырады.

2-топ Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздерді қарастырады .

3-топ қосарлама қос сөздерді қарастырады

.


Смайлик арқылы әр топ бір- біріне баға береді

Жинақтау

6-тапсырма


10 минут

Смайлик арқылы әр топ бір- біріне баға береді


Бағалау

7-тапсырма

5минут

Әр топқа ішінде қос сөзі бар 2 мақал мәтел, жұмбақ ойлап жазуға тапсырма беремін


1-2 топ «Отбасы» тақырыбы бойынша мақал ойлап жазады.

2-3 топ жұмбақ құрастырады


Үйге тапсырма

3-4 жаттығу Қос сөздер туралы оқып келу






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал