- Учителю
- 'Адамды адам еткен-еңбек' дүниетану сабағы 4 сынып
'Адамды адам еткен-еңбек' дүниетану сабағы 4 сынып
Пәннің аты:дүниетану | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім |
Сабақтың атауы | Адамды адам еткен - еңбек | ||
Мақсаты Күтілетін нәтиже | «Адамды адам еткен еңбек»деген ұғымның мағынасын ашу. | ||
Психологиялық ахуал | Гүл өсірсең, терлеп, | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | |
Қызығушылықты ояту |
| ||
Мағынаны тану | Мұғалімнің түсіндірмесі: Еңбек дегенміз бойымыздағы күшімізді пайдалану. «Еңбек - адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдар да еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. Ал іс-әрекетсіз бос жүру, еріншектік, жалқаулық - жаман әдет болса керек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Күнделікті ішіп- жейтін тамағының, киетін киімінің өзі еңбекпен келеді. Қысқасы қоғамдағы байлықтың бәрі еңбектен тұрады. Мысалы: Бамбук ағашының қалай өсетініне назар аударайық. Алдымен топыраққа бамбук ағашының тұқымы егіліп, бес жылға дейін суарылып, ықыласпен күтіледі. Алайда алтыншы жылға қараған кезде ғана сабағы өсе бастайды. Бір қызығы, бұл сабақтың алты аптаның ішінде 27 метрге дейін өсіп, бес жылдың ішінде өскен ағаштармен теңесуі.
Сонда бамбук ағашы бес жылдың ішінде өседі ме, әлде алты аптаның ішінде өседі ме?- деген сұраққа өсірген адамдар «Алты аптаның ішінде»,- десе, ал сырт көзбен қарайтындар үшін бес жылдың ішінде өсіп жетілетіні айдан анық. Дегенмен топыраққа тұқым егіліп, оны ықыласпен суарып тұру, күн көзінен, жаңбыр және желден қорғау сияқты ұзақ уақытқа созылған қажырлы еңбек пен үлкен сабырлылықтың арқасында ғана бамбук ағашы өсіп жетілуде. Міне, сондықтан да жұмсалған еңбектің бостан-босқа кетпейтініне және сабыр түбі - сары алтын екендігіне сенуіміз керек. Ал сенімсіздікпен жасалған іс ешқашан да алға баспайды. | ||
Сергіту сәті | Тік ұста бойыңды | ||
Ой толғаныс | Заттық дереккөз - Еңбек құралдары, үй шаруашылығындағы ұстайтын аспаптар, қару жарақ, әшекейлер, қираған ғимараттар. | ||
Үйге тапсырма | Еңбек жайында тақпақтар жаттап келу . | Күнделіктеріне жазады | |
Бағалау |
| Бағалау парақшасын толтырады. | |
Кері байланыс |
| Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |