7


Көмектес септік (4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Ашық тәрбие сағаты

ЖЕЛТОҚСАН ЖҰЛДЫЗДАРЫ

4 сынып

Сабақтың мақсаты: Елiмiздiң тарихын оқушыларға таныстыру, бiлдiру. Желтоқсан құрбандарымен таныстыру. Желтоқсан оқиғасы туралы шындыққа көз жеткiзу. Оқушыларды елiн, жерiн, халқын сүйюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілiгi: Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы. Желтоқсан жұлдыздары. К.Рысқұлбеков., .Л.Асанова, Е.Сыпатаев, т.б.

Оқушы: Бұл Әнұран сөздерi дүниеге келіп. Егеменді ел атанғанымызша, бiздiң халқымыздың басынан қиындықтар мен қатыгез жылдардың не бір сұмдықтары өттi. Бұл қазақ халқының ары мен намысына, тағдыры мен тарихына өшпес таңба салған 1986 жылғы желтоқсан.

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатының мақсаты кең байтақ қазақ жерiң. елiң, сақтаған ұлы тұлғаларды балаларға таныта отырып тәуелсiздiктiң тiзгiнiң берік ұстауға, отанымызды сүюге балаларды тәрбиелеу.

Оқушы: 1730 - 1916 жылдары Қазақ елі патшалық Ресейдің отарына айналады. Бiрнеше дүркін отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістер болады.

Оқушы: 1917 жылы Қазақ төңкерісінен кейін Қазақстанда Кеңес өкіметі орнады.

Мұғалім: Олай болса, балалар, 1986 жылы желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы Брежнев атындағы алаңға жастар мен студенттер не үшін жиналды.

Хор: Өз тәуелсіздігін алу үшін.

Оқушы: 1986 жылы 17 жслтоксанда астанамыз Алматы каласында мыңдаған қазақ жастары наразылық бiлдiрiп шеруге шықты. Олар:"Тәуелсiздiк керек Қазақ елiнің өз көсемi сайлансын" деген тілек білдірдi.

Сол кездегi үкiмет басшыларының бұйрығымен күш көрсетiлді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Өз елiнiң тәуелсіздiгiн талап етiп, шеруге шыққан жастарға бұзақылар, ұлтшылдар нашақорлар" деген кiнә тағылды.

Окушы:

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн!.

Базары кеттiп 6ір күнде,

Қайғыға халық 6атқан күн.

Әдiлдікпен шындықты,

Өтiрiк жала еткен күн.

Надан жасаған шындықтан

Адамдар азап шеккен күн.

Мұғалім: Тәуелсiздік дегенді калай түнесiндер?

Оқушы: Өз алдына дербес, еркiн мемлекет. яғни ешкiмге тәуелдi болмай, iшкi сыртқы мәселелердi өздерiнiң шеше алатын мүмкiндiгi болуды тәуелсiз мемлекет деймiз.

Ән: "Өз елiм" әнiн орындайды.

Мұғалiм: Тәуелсiз мемлекет атануымызға ана тiлiнен оқынымыздай кiмдердің еңбегi сiңді?

Оқушы: К.Рысқұлбеков. Е.Сыпатаев, Л.Асанова, С.Мухаметжанова сияқты азаматтардың.

Мұғалім: Дұрыс балалар! Бүгін бiр сәт осы атаған азаматтарды еске алайық.

Хор: Желтоқсан желі".

Мұғалiм: Түн кәдiмгi миллиондаған түндердің бiрi. Бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұстаған жастарды ұрып-соғып, өлiмшi халге жеткiздi. Осындай катыгездiктi көрген, Оларға араша түскендердің арасында К. Рысқұлбеков те бар еді.


Оқушы:

Желтоқсанның жан түршігер күндері

Жалдап әкер аяушылық білмеді.

Бұрымынан сүйреп ару қыздарды

Ал ұлдарды тоғытқан жер түрме еді.

Көрінiс: Желтоқсан күндерiнде.

Оқушы:
Бұрқ етінп қазақ баласы,
Кеудеде өршіп наласы.
Алаңға қарайа ағылды,
Таусылып барлық шарасы.
(Желтоқсан күндерiнен көрiнiс көрсету.)
Оқушы:
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бiр шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Мұғалiм: 1988 жыл 13 мамырда Семей түрмесiне әкелiнген Қ. Рыскұлбеков 21 мамыр күнi өмірiмен қоштасты.
Оқушы:
Желтоқсан айы естісің,
Дауыл боп бұрқыл ескенсің.
Азаттық күйі қашаннан,
Көкейін елдің тескенсің.
Би: Қазақ биі.
Окушы:
шектеліп ана тіліміз, ,
Оқылмай өлең жырымыз.
Жабылып жатса мектептер,
Жадырар қалай күніміз.
Окушы:
Тарылтьп жатса даламыз,
Қайтіп бiз тыныс аламыз

Кақымыз да жоқ айтуға,
Әділет қайдан табамыз.

Оқушы:

Жанымыз жомарт қазақпыз,

Мәнгүрт боп кете жаздаппыз.

Қосайық басты Бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.
Ән: «Туған жер» орындалады.
Оқушы:
Қыстың қалай қанқызыл таңғы нұры,

Бүр жаратын гүлдердің мәңгі ұрығы.

Күйдіргідей кеудені күйдіреді,

Жүректегі желтоқсан жанғырығы.
Оқушы:
Өсер ұлдың қай сітте де білік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзда жаққан алауы.

Өздеріңдей ар-намысты жас өркен бар елдің

Ешқанда еңкеюге тиісті емес жолауы:

Оқушы:

Желтоқсан - заман, толғағы

байтақ даланың,

Шарпысқан сәтi үміт пен

күдiк наланың.

Желтоқсан - Қайрат, Ләззат,

Сәбира,

Құрбаны болған жаланың:

Оқушы:
Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым.

Ерлiктерің мәңгілік сақталады.

Оқушы: 1991 жылы 16 желтоқсан
- Тәуелсiз Қазақстан Республикасы жарияланды.
Оқушы:
Дәл бүгін қуанышты қала далам,

Жасадың сол арманға жаңа қадам.

Жеткенше ұлы мақсат шетіне біз,

Басты ғой қызыл шоқты қара табан.
Оқушы:

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске.

Айта бергім келеді, айта бергім.

Мұғалiм: Мiне, балалар, ата-бабаларымыздың жерiмiздi, елiмiздi қорғай отырып, ғасырлар бойы тәуелсiздікті аңсап, осы тәуелсiздікке қолымыздың қалай жеткенiн, кiмдердiң еңбек еткенiн сабағымызда аз да болса мағлұмат алдық. Тәуелсiздiкті алу жолындағы халқымыздың ерен еңбектерін алдағы уақыттарда оқып үйренемiз. Бүгiн Қазақстан аз алдына Тәуелсiз Мемлекет. Біздiң өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар.

Сендер - Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар. Сабақтарыңды жақсы оқып, тәртіпті болыңдар.














1 сынып

Тақырып: Заттың қимылын білдіретін сөздер. Бәйшешек.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың оқу- жазу дағдыларын жетілдіру, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту; қорларын дамыту;эстетикалық, экологиялық тәриеге баулу, ой- өрістерін кеңейту,әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: жеке суреттер мен жазылған сөздер, плакат, таблица, мақал.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтып, оқушылардың топпен жұмыс істейтіндерін хабарлау.

2. «Қызыл Телпектің анасына шыққанын хабарлау»

Ол Көктем ауданындағы Бәйшешек деген көшеге жетуі керек.Жету үшін бірнеше кедергілерден өтуі тиіс.Біз оған кедергілерден өтуге көмектесейік.

1-ші тапсырма:Өткен сабақты қайталау.

3 оқушыға рөлмен «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңін жатқа айтқызу.Нанның, бауырсақтың үстелге қалай келетінін айтқызу.

2-ші тапсырма: «Ара адамды неге шағады?» әңгімесінің мазмұнын сұрау,2-3 оқушыға айтқызу. Ара туралы жаңылтпаш сұрау.

3-ші тапсырма: Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Мысалдар келтірту. «Отбасы» (плакат бойынша) суретке қарап әңгіме құрату.

4-ші тапсырма: Жаңа тақырыпты түсіндіру. Көктемде қандай гүл бірінші шығады? Ендеше біз бүгін «Бәйшешек» өлеңін оқып, танысамыз. Өлеңді жазған Нұрсұлтан Әлімқұлов. Ол балаларға арнап көптеген өлеңдер жазған.

Бәйшешек - қызғалдақ туысына жататвн көпжылдық өсімдік.Биіктігі 15-30 см, 2-3 жапырақты, дара гүлді.Сәуір, мамыр айларында гүлдейді.Ол далада, ойпаң жерлерде, орман арасында өседі.

Қызыл Телпек шаршады, сергіп алайық..Сергіту сәті.

5-ші тапсырма: «ГҮЛ» сөзін қатыстырып, кісі аттарын ойластыру.

6-шы тапсырма: Ортақ сөзді табу.Тақтадағы сөздермен жұмыс.

7-ші тапсырма: Плакат бойынша жұмыс.Терме диктант. «4-шісі артық» ойыны.Қимылды білдіретін сөздерді теріп жазу.

8-ші тапсырма: Қараторғайдың даусын естірту.Қараторғай туралы әңгіме құрастыру.

9-шы таапсырма: Оқушыларға өлеңді оқыту.

10-шы тапсырма: Көктем, гүл туралы тақпақтар айтқызу.

3.Үйге тапсырма.

4. «Дауысынан айыра біл» ойыны.(Малдардың дауысы).

5. Сабақты қорытындылау. Қызыл Телпектің анасына жетуі, анасына бәйшешек гүлін сыйлауы.Хормен «Анаға сыйлаймыз» әнін айту.

Білім күніне арналған ашық сабақтың жоспары.

Тақырыбы: Менің Қазақстаным - менің болашағым.

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушының елін сүюге , өз елін мақтаныш етуге үйрету, Қазақстанның жарқын болашағы барын ұғындыру, ұлттық намысқа, достықты нығайтуға тәрбиелеу.

2) Балалардың бүгіннен бастап оқушы екендіктерін ұғындыру , мектепке деген қызығушылықтарын арттыру , оқуға ынталандыру.

Көрнекі құралдар: қоңыраудың суреті , еліміздің рәміздерінің плакаты, суреттер, буклет, білім туралы нақыл сөздер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды алғаш рет мектеп табалдырығын атауларымен құттықтап , жақсы оқуларына тілек білдіру.

б) ата -аналарды балаларының мектеп табалдырығын аттауларымен құттықтау.

2 Кіріспе.

(Оқушыларға сұрақтар қойып, жауап алу)

-Сен қай елде тұрасың?

-Сенің ұлтың кім?

-Еліміздің президенті кім?

-Әнұранды білесіңдер ме?

-Еліміздің туы қандай?

-Сен қай тілде оқитын боласың?

-Саған мектеп ұнай ма?

-Мектепке не үшін келеміз?

2 «Мектеп -анаң бүгіннен,

Мектеп-алтын босағаң

Мектеп берген біліммен,

Марқаясың, жас ұлан!» -демекші, мектепке дайын болсаңдар, сендердің дайындықтарынды көрейін, жұмбақтар шешіп көрейік.

а) Өзі сөйлей білмейді,

Жүрген ізі сөйлейді.

(қалам)

б) Ортасында шегесі,

Жіп-жіңішке денесі

(қарындаш)

в) Бірге бастап жол басын

Бірге оқуға барасың.

Жүреді оның ішінде

Кітап, қалам, дәптерің.

(портфель)

г) Ол-сыныптың анасы

Өзінің де, өзгенің баласы- оның баласы

Ол кім?

(Мұғалім)

3)Халқымыздың анасы,

Атасы- ол, данасы, көз жетпеске көсілген Қазақстан жері туралы әңгімелеу, Қазақстанның болашағы туралы әңгімелеу. Еліміздің туы, елтаңбасы, әнұраны туралы әңгімелеп, түсіндіріп, плакаттан көрсету. Біз қазақ екенімізге, Қазақстан да туып, тұрып жатқанымызға мақтан етеміз, қазақ тілінде білім алып, қазақша сөйлеуіміз керек екенін естен шығармай, қазақ тілін құрметтеуіміз керек екенің әңгімелеу.

(Үзінді оқу өлеңнен)

Қазақша оқыт балаңды!

(Әбілғазы Қайырбеков)

Қаншама шарла ғаламды,

Қаншама шарла далаңды,

Қандастар, қапы қалмаңдар,

Қазақша оқыт балаңды!

Еліңнің ойла ертеңін,

Қазақша оқыт балаңды!

Әлемге атың таралды,

Әуелгі даңқын оралды

Қосады қуат Әнұран,

Қазақша оқыт балаңды!

4) «Қайырлы болсын , қарағым,

Білімге қадам басқаның

Сөмке артып арқаңа,

Білім жолын ашқаның» -деп құттықтай келе, балалар нағыз бақытты оқушылар екенін, таза, әдемі мектептің оқушысы екенін , Қазақстанның өркендеуіне, гүлденуіне үлес қосу үшін білім ашу керектігін айтып, қорытындылау.

Утепова Динаш Хайдарқызы

- бастауыш сынып мұғалімі

Ана тілі

Тәрбие сағаты

3 сынып

Тақырып: Ұлы жеңіс сарбаздары.

Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысы жайлы оқушыларға

мағлұмат беру. Тарихи танымдарын қалыптас тыру. Патриоттык сезімдерін ояту. Отанын, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кеңес Одағы батырлары жайлы түрлі

деректер, суреттер. Жерлес ардагер атайдың соғыс туралы естелік, әңгімесі жазылған

бейнетаспа. Ак кептерге тізілген түрлі-түсті шарлар.

1-жүргізуші:

Соқ, жас ұлан, соқ қуатпен,

Соқ, солқылдат барабанды.

Жылда есіңе ал шабытпен,

Жеңіс үшін аққан қанды.

2- жүргізуші:

Ұмытпа сен,елімізге,

Бақыт тегін келмеген.

Ұмытпа сен елімізге,

Бакыт тегін келмеген.

1- жүргізуші:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай күні.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны. ( 1-минут үнсіздік)

2-жүргізуші:

1941 жылы 22маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жаткан кезде, елімізге қауіп төнді. Халкымыз адам айткысыз қиын кезеңге душар болды. Фашистик Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Көрініс:

Левитанның соғыс басталғаны жайлы хабары айтылады. Естіген халық, ауыл ортасына жиналады.

«Священная война» әнінің ырғағымен ана баласын, жары куйеуін, баласы әкесін майданға жылап-сықтап шығарып салып жатқан кезін сахналайды.

1- оқушы: Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұткиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.

2- оқушы: Отаным, еркелеймін енді кімге,

Өзіңмен нені болса,көрем бірге.

Қалайша қабырғама батпас менің,

Басыңа қатер күні төнген күнде.

3- оқушы: Мәншүк атыс толасында,

Жүр орманның арасында.

«Мені ал, мені ал» деп алуан гүл,

Қ олына оның таласуда.

4- оқушы: Тығылып гүл омырауға.

Сұрағандай жанға дауа,

Ант еткендей тұрды Мәншүк,

Гүлді жауға таптатпауға.

Көрініс:

«Катюша» әнінің ырғағымен гүл ұстаған қыздар айнала билеп шығады. Жүздерінде қуаныш, бір-бірін жеңіспен құттықтап жатады. Майданнан аман оралған солдаттардың құшактасып көрісіп жатқан қуанышын, баласынан айрылған ананың зарын сахналайды.

Солдат: Жеңгеніміз қас жауды распа еді,

Елжіреп тұр, көктемнің жуас көгі.

9- мамыр күні еліміздің,

Үйлеріне келмеді көп әскері.

«День победы» әні ақырын ойнап тұрады. Жеңіспен оралған солдаттар, ерлік көрсеткен батырларын құттыктап аспанға лақтырады. Құшақтасып тарасады.

Мұғалім:

Тарихи деректерге қарағанда 1942-1945ж 1млн.196мың.164 қазақ- стандық майданға аттанып тең жартысы оралмаған. Көптеген жауынгерлеріміз ерлік көрсетті. 518 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды.

Ұлы Отан соғысының батырларын білесіңдер ме? дегенде кімдерді айтар едіңдер.

Дұрыс айтасыңдар.

Қазірде әр халық өз батырларын дәріптеп, қастерлеуде, аттарын асқақтатуда. Олардың атымен қала, көше аттары аталады. Әр батырларга арнайы ескерткіштер қойылған. Олардың ерлігін баяндайтын көптеген әңгімелер мен өлеңдер жазылған.

Көп кой батыр ағалар,

Халық сүйіп бағалар.

Көп қой батыр апалар,

Жаттап алғын балалар.

5- оқушы:

Бақытқа байтақ елді бөлегендер,

Бауыржан,Әлия, Мәншүк,Төлегендер.

Солардың қасиетті ерлігімен,

Құлпырып шешек атып, көгерген жер.

6-оқушы:

Батыр ұл есімдері сақталады,

Жыр болып жүректерде жатталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі-бақи мақтанады.

7- оқушы:

Бауыржан Момышұлы - кара басы,

Халықтың болған адам садағасы.

Бауыржан Момышұлы - қазақ деген,

Ғаламат,ұлы елдің баламасы.

8- оқушы:

Әлиядай апамыз, Бауыржандай атамыз,

Фашистерден Отанды, қорғап батыр атанды.

Біз еліктеп өсетін батырларың кім? десе,

Әлия, Мәншүк апамыз, Бауыржандай атамыз.

Мұғалім: (слайд бойынша)

Балалар биыл біз Ұлы жеңістің неше жылдығын тойлайын деп отырмыз?

Окушылар: 65жыл.

Дұрыс айтасыңдар балалар. Ендеше осы мерекеге қарсы, біздің жерлес батырымыз М.Ғабдуллин жайлы есімізге түсірейікші. Мәлік Ғабдуллинді біз кім ретінде танимыз?

Окушылар: батыр, жазушы.

М.Ғабдуллин 1915жылы қарашаның 15-де Көкшетау облысы, Зеренді ауданындағы, Қойсалған ауылында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті үздік бітіріп, Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Педагогикалық институтына окуға түсіп, оны да үздік аяқтайды.

1936-1939ж аралығында Отан алдындағы борышын өтеп,елге оралғаннан кейін, өзінің оқыған институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарады. Ел басына күн туып, Ұлы Отан соғысы

басталғанда М.Ғабдулиннің алдында екі таңдау болады. Соғысқа бармай, елде қалып, ғылыммен айналысу немесе соғыска аттану еді. Бірақ ол өз еркімен майданға аттанды. Майданда Панфилов атындағы аткыштар полкына қабылданды. Мына суретте Панфиловшылар 15 автоматпен жаудың 5 танкісімен 150 әскерінінң көзін жойып, Мәскеу қаласын жаудан қорғап қалады.

1943 жылы майданда көрсеткен ерлігі үшін М.Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы беріледі. Мына суретте командирдің М. Ғабдуллинді құттыктап жаткан кезі. Осы ерлігі үшін М.Ғабдуллин бір айға Қазақстанға демалыска жіберілді. Демалысқа келгеннен кейін М.Ғабдуллин көптеген ақын жазушылармен кездеседі. Ж.Жабаев және С.Муқановпен кездесу кезінде түскен суреті. Ж.Жабаев осы кездесуде М.Ғабдуллинге мына өлең жолдарын арнаған екен.

Соғыс жылдары М.Ғабдуллинмен Б.Момышұлы екеуі бір-біріне хатты өлең арқылы жазып, бір-бірін ерлікке, батырлыққа шыңдап отырган екен. Панфилов М.Ғабдуллинге , жауынгерлердің осы ерліктері жайлы міндетті түрде кітап жаз, деген екен. М.Ғабдуллин сол кездері бір қолына қаламын, бір қолына қаруын ұстап жүрген . Соғыс біткеннен кейін елге оралып, *Сұрапыл жылдар* *Майдандас достарым*т.б көптеген кітаптар жазады.

Қазақ балаларының білімді болуын армандаған екен. Мектеп оқушыларымен жиі кездесуге барып, оларға соғыс жайлы әңгімелерін айтып, оларды оқуға, білімге қызықтырған.

Диссертация қорғап кандидат, профессор, доктор атактарын алады. Мектеп, институт тыңдаушыларына арнап қазақ әдебиеті оқулыктарын жазған ұлы педагог.

1973 жылы өмірден өткеннен кейін, аты мәңгілікке сақталсын деген қаулы шығып Алматы, Көкшетау қаласында көше аттары беріледі. М.Ғабдуллин атымен өзінің оқып, білім алған №3 орта мектебі аталады.

М.Ғабдуллиннің 80 жылдығына орай Көкшетау қаласында 5- залдан тұратын мұражай ашылды.

9- оқушы: Ел күйзелген кезінде,

Ерлік еткен бауырым.

Жау жағадан алғанда,

Батырлық еткен, бауырым,

Ел намысын құрметтеп,

Ер намысын ардақтап,

Құтты болсын айтамын.

Шын жүректен, Мәлігім!..

Мұғалім:

Қазірде егеменді ел болып, әр халық өз батырларын қастерлеп, дәріптеуде. Осы күні Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер аталарымыз қазірде қартайып тәуелсіз еліміздің лайыкты құрметіне бөленіп ортамызда жүр. Ұлы жеңістің 65 жылдық мерекесіне куә болып отырған , жерлес ардагер атамыздың әңгімесін бейнетаспадан көрейік.

Интерактивті тақтадан бейнетаспа көреді.

10- оқушы: Сүйінші елім, сүйінші

Арылтып жаудан жерімді.

Табанға жаншып өлімді,

Жеңіспен желпіп өмірді.

Оралды ерлер көңілді,

Десеңдер бұл қай күні?

9 мамыр күні.

Хор: « Әрқашан күн сөнбесін»

Оқушылар шарларға ілінген ақ кептерлерді тілек айтып ұшырады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал