- Учителю
- Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: Кім жүйрік ойға- сол алда 4-сынып
Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: Кім жүйрік ойға- сол алда 4-сынып
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы:Кім жүйрік ойға- сол алда
Мақсаты:
1.Алған білімнің адам өмірінің мән-мағынасы үшін аса қажеттілігіне көз жеткізу, алған білімдерін іс жүзінде көрсете білу.
2.Әр баланың ерекшелігін таныта отырып, білімге деген құштарлығын арттыру. 3.Білімділікке,адамгершілікке, Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, ұлағатты нақыл сөздер
Ұйымдастыру кезеңі:
І Мұғалім сөзі: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да, Мұндай күй болған сірә қаншаңызда! Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық , 4 сынып ортамызда
Бесіктегі баланың, Күлгенін көрген бір мұрат. Алдына түсіп ананың, Жүргенін көрген бір мұрат - дегендей, мұны көру де бір бақыт деп ойлаймын.
Шәкірттеріме тілерім: « Бірінші байлық- денсаулық» -демекші, денсаулықтарың мықты болсын, ақылды, білімді, ел билейтін ұл мен қыз болыңдар дегім келеді.
Бүгінгі сыныптан тыс шарамыз жоспарымен таныстырып өтейін.
«Кім жүйрік ойға- сол алда»
І айналым «Біліміңді шыңда»
ІІ айналым «Қас-қағым сәтте»
ІІІ айналым «Ойымды жалғастыр»
IV айналым «Ізденіс - жеміс кепілі»
V айналым «Ой түйіндеу»
Пайғамбарымыз ( оған Алла разы болсын ) өз үмбетіне білім үйренудің маңыздылығын өте көп аманат еткен. «Қытайға барсаң да, білім үйреніп қайт » -дегені жақынға да , асқан қиыншылыққа қарамай білімге көңіл бөл деген мағынаны білдіреді.
Өзіміздің дана ата бабаларымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»-деп білім күшінің зор екендігін аз сөзбен аса шешен сипаттаған ғой.
Ендеше өз білімдерімізді ортаға салайық
І айналым : «Біліміңді шыңда»
( математика, қазақ тілі, дүниетану пәні бойынша сұрақтар)
Жұмбақ
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (Күн)
1.Ең кіші бір таңбалы сан? 1
2.Ең үлкен екі таңбалы сан? 99
3.Ең кіші натурал сан ? 1
4.Қазақ тілінде неше дыбыс бар? 37
5.Мәтіннің неше түрі бар? 3 (әңгімелеу, пайымдау, сипаттау)
6. Сөз таптары нешеу ? 9 Атап шық.
7. Өз алдына мағынасы жоқ сөздер ? Шылау
8. Біздің мемлекетіміз қай материкте орналасқан ? Еуразия
9. Жердің кішірейтілген үлгісі ? Глобус
10. Жерге ең жақын жұлдыз? Күн
«Мөлдір бұлақ» , «Жас ғалым », «Хан талапай» журналдардан, газеттерден оқығандарыңды
«Сен білесің бе?» айдары бойынша еске түсіріп жіберейік.Біріміздің айтқанымызды біріміз қайталамаймыз.
ІІ «Қас-қағым сәтте»
Жұмбақ:
Жазда жатсаң, көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң, жаның рахат табады. (Ағаш)
1 минутта 8 сұраққа жауап беру қажет.Әріптерді оқушылар өздері таңдап алады.Әріптерге байланысты жауап аталған әріптен басталуы шарт.
А әрпінен бастау Қ әрпінен бастау
1.Қазақ ханы ? Абылайхан 1.Атақты күйші ? Құрманғазы
2. Қадірлі жан ? Ана 2.Үлкен кісі? Қарт
3.Әкеңнің әкесі? Ата 3.Математикалық амал? Қосу
4.Математикалық амал ? Азайту 4.Ұлт Қазақ
5.Оқулық ? Ана тілі 5.Сүттен алынатын тағам? Құрт
6.Қазақтың ғұлама ақыны ? Абай 6.Жылқының сүті? Қымыз
7.Айдын көлдегі ең әдемі құс ? Аққу 7.Музыкалық аспап ? Қобыз
8.Биік тауда мекендейтін жануар ? Арқар 8.Көмірлі қала? Қарағанды
Б әрпінен бастау Ж әрпінен бастау
1.Ең жақсы баға? Бес 1.Жүз жасаған ақын? Жамбыл
2.Көктем гүлі ? Бәйшешек 2.Жыл мезгілдерінің бірі? Жаз
3.Математикалық амал ? Бөлу 3.Өті жоқ жануар? Жылқы
4.Алтын дән ? Бидай 4.Орман құсы? Жапалақ
5.Білекке тағылатын әшекей ? Білезік 5.Сен нағашыңа кім боласың? Жиен
6.Дүние жүзіндегі ең терең көл ? Байкал 6.Септіктің бірі? Жатыс
7.Еліміздегі ең ірі көл ? Балқаш 7.12 айдың бірі? Желтоқсан
8. Апалы-сіңлілі қыздардан туған 8.Үш таңбалы санның ең кішісі? Жүз
балалар бір-біріне кім болады? Бөле
а) Мына жануарлардың төлдерін ретімен ата .Аю, киік, қоян, қасқыр ( қонжық, құралай, көжек, бөлтірік)
ә) Мына жемістерді кішісіне қарай ата .( алма, шие, қарақат, өрік)
б) Ұғымдарды ретімен орналастыр. ( Сөйлем, сөз, әріп, буын)
в) Мына сөздерді алфавит ретімен орналастыр . ( борышты, әркім, Анаға )
ІІІ «Ойымды жалғастыр»
Жұмбақ
Ақпын, сары көкпін,
Түрлі-түрлі көппін.
Тұрам жайнап, бойлап
Арасында шөптің. ( Гүл)
«Ұйқасын тап»
Кеше ойнап секіріп,
Жанат алды ... ( екілік)
Өзі жиі дүлдүл,
Бұл құстың аты ... ( бұлбұл)
Суға қармақ салып,
Ұстап алдық ... ( балық)
Ұшса дағы сақ ұшқан
Құстың аты ... ( сауысқан)
«Ұтымды сөздер»
-Ізгі оймен ашқан есікті .... қатты жаппа.
-Су ішкен құдыққа ... түкірме.
-Кісіні танымақ болсаң, ... бітірген ісіне қара.
-Адамдықтың белгісі- ... иіліп сәлем бергені.
-Білгенің бір тоғыз ... білмегенің тоқсан тоғыз.
-Таудай талап бергенше ... бармақтай бақ берсін.
«Сөз ойла, тез ойла!»
Екі жақты оқылатын сөздерді жазып шық
Қазақ, ата, ана, аға, апа,іні,ірі, ауа,ара,ақа,аша,ала,аза, нан, шаш, қырық, қызық,қызық, қалақ, қылық, қақ, кебек, кесек, кезек,керек, кеуек, қабақ, шеш, көк, кек, тот,тат, түт, тұт,тарат, ене, есе, еле,сес, шалаш.
IV «Ізденіс - жеміс кепілі»
Жұмбақ
Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады. (Қарлығаш)
«Логикалық ойын»
Логикалық есептерді сіріңке шырпысын қолданып шешу
IV - VI = ІХ V+ VI = ІХ
ІХ + Х = ХХІ ХІ +Х = ХХІ
3+0 = 2 2+0=2 6+9=5 6+3= 9
5-1= 8 5+1=6 3-7=4 3+1=4
тек бір шиді қозғау арқылы дұрыс теңдікті қалай алуға болады?
9 шырпыдан 5 үшбұрыш құрастыру . ІІІІІІІІІ
Екі сегіз он алты,
Және сегіз және алты
Жанап жүрген бір алты
Қосындысы неше алты Шешуі: 2 8= 16 + 8 + 6 + 6 = 36= 6 6
«Кім ұшқыр»
Қарындашты қағаздан ажыратпай және бір сызықты екі рет бастыра жүргізбей суреттегі фигураны сызыңдар
V «Ой түйіндеу»
Сұрақтар:
-
12 жылдың мүшел аттарын ата
( тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан,жылқы, қой, мешін, тауық , доңыз)
2.Суретші мектеп бөлмелерін нөмірлеуге тиіс еді.Бөлме саны 100 болса, қанша рет «9» цифрын жазу керек. Қалам , қағазсыз есепте.
3.1-ден 10-ға дейінгі сандардың қосындысы неге тең? Оны табудың қандай тез жолы бар? (55-ке тең) 1+2+3+4+5+6+7+8+9+10=55
4.Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? ( он- 10, жүз-100)
Қызықты сұрақтар:
1.Кім барлық тілде сөйлейді?
2.Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?
3.Сандыққа нені тығып қоюға болмайды?
4.Орнынан қозғалмай не өтіп жатыр ?
5.Теңізде қандай тастар болмайды?
6.Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың?
7.Қандай ыдысқа су құйылмайды?
8.Елеуішпен су әкелуге бола ма?
-Балалар , бүгін сендер ойларыңның ұшқыр екенін көрсеттіңдер Ал енді мына сызбаға қарап не айтуға болады?
білім
ақыл
Ұшқыр ой: ынта
Ізденіс
Ұшқыр ойдың серіктері білім, ынта, ақыл, ізденіс, нәтиже екен.Осы жақсы қасиеттерді бойларыңа қалыптастырсаңдар, жақсы азамат, азаматша болып өсесіңдер.