- Учителю
- Сөздер
Сөздер
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру салалары: Қатынас
Бөлімдер: Сауат ашу
Тақырыбы: Сөздер
Мақсаты:
Білімділік: Сөз, туралы ұғымарды таныстыру, түсіндіру. Сөздің дыбыстан құралатынын, дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде түсінік беру.
Дамытылушылық: Балалрдың ойлау, өзіндік пікір айту қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Балаларды әдептілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, практикалық, ойын
Жаңа сөздер:
Қолданатын көрнекіліктер: суреттер, ойыншықтар, суреттер
Әрекеттің кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Әрекетті туындату,
түрткі болу
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу
Ұйымдастыру
Ән ұран айту
Балалардың назарын өзіме аударамын. (Есікті немесе партаны қағамын)
-Балалар не естідіңдер?
Шарды жарамын. Не естідіңдер?
-Дұрыс. Дыбыс естідіңдер?
-Бірақ ол дыбыстар бірдей шықты ма?
-Дыбыстар әр түрлі болады. Мысалы: А-А десек, оны созып айтуға болады, дауысымыз еркін шығады. Ал Д-Д дыбысын айтсақ, оның айтылуы қысқа. Қане, бәріміз осы екі дыбысты айтып көрейікші.
-Енді осы дыбыстардан сөз құрайық. Мысалы: Доп, алма, т.б.
-Ойыншықтардың аттарын, заттардың аттарын атаңдар. Сөз дыбыстардан құралады. АНА сөзін талдайық. Ана неше дыбыс бар?
-Дұрыс айтасыңдар, ана сөзінде үш дыбыс бар. Енді өздерің келесі сөзді ойлап айтыңдар.
-Жеке дыбыстар ойлап айтыңдар.
«Кім көп сөз біледі?» ойыны
-Балалар, енді қазір қандай сөз білесіңдер, сол сөздерді айтыңдар.
Дыбыс естідік.
Жоқ.
Үш дыбыс бар.
Бала, ата, қуыршақ, т.б.
Балалар білетін сөздерін айтып, буынға бөледі.
Рефлексия- түзету жұмыстары (коррекция)
«Кім шапшаң?» ойыны бойынша сабақты қорыту.
Балалар сөздер мен дыбыстарды айтып жарысады.
Біледі: Балалар сөздерді біледі.
Түсінігі : Балалардың дыбыстардың қалай шығатыны далы түсініктері бар.
Орындай алады: Балалар дыбыстардың әр түрлі болатыны, дыбыстардан сөз құрауды орындай алады.