7


  • Учителю
  • Ауа райы. Тұстарды бағдарлау.

Ауа райы. Тұстарды бағдарлау.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Күні:Пәні: дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Ауа райы. Тұстарды бағдарлау.Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға ауа райы, оны белгілейтін шартты белгілер , термометрдің құрылысы. көкжиек, оның аралық және негізгі тұстары туралы тусінік беру; ә) табиғат күнтізбесін жазуда шартты белг
предварительный просмотр материала

Күні:

Пәні: дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Ауа райы. Тұстарды бағдарлау.

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға ауа райы, оны белгілейтін шартты белгілер , термометрдің құрылысы. көкжиек, оның аралық және негізгі тұстары туралы тусінік беру;

ә) табиғат күнтізбесін жазуда шартты белгілерді қолдана білу біліктілігін,

байқағыштық қабілетін дамыту;

б) пәнге деген көзқарасты, білімге құштарлықты тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру, ішінара ізденіс.

Көрнекілігі: термометр, шартты белгілер салынған плакат, оқулық.

Сабақтың түрі және типі: дәстүрлі, жаңа білімдерді меңгерту.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.

3.Жаңа материалды түсіндіру. Көкжиек деген не? Бұл сөзбен аспан мен жер немесе аспан мен су арасындағы көзге көрініп тұрған аралықты айтуға болады. Көкжиектің төрт бағыты бар: солтүстік, оңтүстік, шығыс және батыс. Олардың арасын солтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс, солтүстік-батыс аралық бағыттары алып жатыр.Көкжиектің тұстарын күнге қарап анықтауға болады.

Суретпен жұмыс.

Тал түсте күнге арқаңды беріп тұр. Сенен түскен көлеңкенің басы солтүстік бағытты, өкше жағың - оңтүстік, оң қолың - шығыс, сол қолың - батыс бағытты нұсқайды. Әр түрлі бағыттан соғатын жел былай белгіленеді: С↓, О↑, Ш←, Б→.

Жалғыз тұрған ағашқа қарап анықтасақ, оның солтүстік жағының бұтақтары күн жақ беткейдегі оңтүстігіне қарағанда азырақ болады. Ағаштың қабығы да көмек бола алады, оның солтүстік жағы оңтүстігіне қарағанда үнемі күңгірттеу және кедір - бұдырлы болып келеді. Мұны, әсіресе, қайың ағашынан байқауға болады. Қайыңның оңтүстік жағының қабығы аппақ, таза, ал солтүстік жағының қабығында әдетте сызаттар, дақтар болады. Тастарға мүк әрқашан солтүстік жағынан өседі. Құмырсқа илеуінің көлбеу жазық жақтары оңтүстікте болады, оның үстіне илеу ағаштың немесе діңнің оңтүстік жағына орналасады.

Көкжиек бағыттарын тұсбағдарға қарап анықтаған оңай. Магнитті тұсбағдардың құрылымы қарапайым. Арнайы қорапта болат иненің ұшына магнитті тіл орнатылған. Егер ол еркін қозғалыста болса, оның бір ұшы солтүстікті, екінші ұшы оңтүстік бағытты көрсетеді. Тілдің солтүстік ұшына көк түс, ал оңтүстік ұшына қызыл түс беріледі. Оны иін-тірек (рычаг) пен әйнек қақпақ ұстап тұрады.Тұссбағдар тек магнитті ғана болып келмейді. Кемелерде бағытты айқындау үшін гиротұсбағдар қолданылады. Радиотұсбағдар радиожиіліктердің бағыттарын көрсетеді. Астротұсбағдар Күнге қатысты бағытты көрсетеді.

Мәтінмен жұмыс:

-дауыстап оқу;

-әңгімелеу.

Термометр, сынап.

Шартты белгілер.

Жұмбақтар шешу.

Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,

Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.

Күніне талай жерге кетер кезіп,

Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)


Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,

Дабылдатып дабылын ол қағып тұр,

От жағып, дабыл қағып тұрғанында,

Сабалап төмен қарай су ағып тұр. (Жаңбыр, найзағай)


Қыс жатады, жаз тұрады,

Жоқ болса да қол-аяқ қаз тұрады. (Қар)


4.Түсінгенін тексеру.

Мәтін соңындағы тапсырмаларды орындау, сұрақтарға жауап алу.

Шартты белгілерге қарап, ауа райын сөзбен түсіндір.

Өзіңе ұнайтын шартты белгінің суретін сал.


5.Бекіту.

Сұрақтарға жауап алу.

-Айналадағы дүниеде неше тұс бар?

-Көкжиек тұстарын күнге қарап қалай анықтауға болады?

Тақтамен жұмыс.

-Әр түрлі бағыттан соғатын желді қалай белгілейді?

Шығармашылық тапсырма.

Шартты белгілердің көмегімен бүгінгі ауа райын дәптеріңе жаз.

Радиодан бүгін ауа райы құбылмалы болады деп хабарлады. Сен оны қалай түсінесің?




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал