7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Баланы тәрбиелеудің басты қағидалары'

Тәрбие сағаты 'Баланы тәрбиелеудің басты қағидалары'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Баланы тәрбиелеудің басты қағидалары

Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі - қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық, оның табиғатына мүлдем жат.өйткені, қазақтың ел алдындағы абырой-беделі, қадір-қасиеті тек жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес,бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы, жарақтылығымен де өлшенген.

Ата-бабалаврымыздың сондай-ақ тектілік деген киелі ұғымды ежелден қастерлеп,оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең сыр жатқандай. Туа бітті тектілігін, табиғи қадір-қасиетін сақтап қалу үшін олар мүмкіндігінше тәрбиелі отбасылармен құдалы-жегжат болуға ұмтылған. Тарих қойнауына үңіліп ,ұлттық тәрбие сырларына тоқталып отырғанымызды тегін емес. Өркениетті ел қатарына қосыламыз,келешекте көш бастайтындай көшелі ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, ұлттық тәрбие сырларын, тағылымдарын еш уақытша да естен шығармауымыз керек:
Шығыстың ғұламасы әл-Фараби:"Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз; мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін" - деген.

Адам өмірге бәрі бірдей болып келеді; бірақ та өсе бара олардың тағдыры әртүрлі болып қалыптасады.

Адамның құдіреті санасында;сондықтанда әрбір адам саналы өмір сүрсе және бәрін ақылға салып, ойлап істесе,оның алдына қойған мақсатына да,байлыққа да, бақытқа да қол жеткізуіне болады.

Адамзат баласының осы кезге дейін құрған қоғамы,жасаған рухани және материалдық байлығы, осының бәрі сананың жемісі. Ендеше біз адамды адамгершілік әдетке баулығанда оның санасына салмақ салуымыз керек. Сана арқылы адамның дүниетанымы,өмірге көзқарасы, рухани мәдениетті қалыптасады.

Адамның ғұмыры жан мен тәнге негізделген. Яғни адам жан мен тәннен тұрады. Жан жайбарақат болуы үшін тәннің жайбарақат болуы шарт. Олай болса, адам бақытты болу үшін жаны мен тәнін қоса тәрбиелеуі керек Яғни салауаттылық өмір қағидасын ұстануға тиіс. Бұл орайда бабаларымыз: "Тәні саудың- жаны сау"-деп, салауаттылық өмірді игерудің жолын көрсетіп берген. Баланың жастайынан дені сау азамат болуын аңсаған халқымыз келіндерге жаңа туған нәрестені қалай күту жөнінде ақыл-кеңес берген, сәбиді тұзды сумен шомылдырып, денесін маймен сылаған, қол-аяғын созып, "өс-өс" -деп буындарын бекіткен. Дене сұлулығына, әсіресе, қыз баланың көрікті болуына ерекше көңіл бөлген "Аттың көркі- жал,қыздың көркі" - шаш деп ұққан.

"Денсаулық - зор байлық" деп қазақ халқы дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды.Дене жанның құралы.Құралы мықты болса, иесі де мықты."Сау жан сау денеде ғана болады" деген мәтел ескіден қалған.

Адам бақытты өмір сүруі үшін ең әуелі рухани саулығына көңіл бөлуі тиіс.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал