7


  • Учителю
  • Ашық сабақ: 'Күн-жарық пен жылудың көзі' (Дүниетану сабағы 4 сынып)

Ашық сабақ: 'Күн-жарық пен жылудың көзі' (Дүниетану сабағы 4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы



Күн - жарық пен жылудың көзі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Күн және оның тіршілік үшін маңызы туралы мағлұмат беру. Күн, күн жүйесі туралы білімдерін толықтыру.Күн жүйесі, оның ғаламшарлары, ғарыштық денелер туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды ғарыш әлемін зерттейтін ғылым - астрономиямен таныстыру.

2.Дүниетанымын кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыра отырып, ойлау, сын тұрғысынан айту қабілеттерін, танымдық қызығушылықтарын, бақылай білу, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

3.Оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын ояту.

Ізденгіштікке, еңбексүйгіштікке, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Күн жүйесі салынған сурет сызба, электронды оқулық, тақырыпқа сай қосымша матераилдар, глобус, Сұрақ-Жауап кітабы

Психологиялық ахуал

Табиғат!

Тіршіліксің тұнып тұрған.

Сен - күнсің!

Көтерілген күліп қырдан.

Сен - Көлсің, Сен-Ормансың,

Сен-Бұлақсың,

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі :

Астрономия - ғарыштық денелерді зерттейтін ғылым. Астроном - астрономия маманы. Алғашқы астрономдарды жұлдыз санағыштар деп атаған.

Суретпен жұмыс

-Не байқадық?

Электронды оқулықтан жаңа тақырыпты тыңдату.

-Біздің планетамыздағы өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адамзаттың тіршілігі үшін жылу мен жарықтың алатын орны ерекше. Ал жылу мен жарықтың негізгі көзі-Күн. Күн -жерге өте жақын орналасқан кәдімгі жұлдыз, керемет үлкен газды шар. Ол күн жүйесіндегі орасан зор дене. Жұлдыздар жай көзге тек түнде ғана көрініп, күндіз көрінбейді. Оның Себебі: Күн сәулесі олардың жарығын жеңіп кетеді. Күннің массасы Жердің массасынан 333 000 000 км есе үлкен. Жердегі Күнге дейінгі қашықтық шамамен 150 000 000 км. Күннің жасы шамамен 5млд.жыл. Оның бетіндегі температура +6000 с-ге жуық. Ал ішкі жағындағы температура одан да көп. Жерге күн қуатының 2 млр.-тан бір бөлігі ғана жетеді. Күннен шыққан жарық жерге8 мин.19 сек. жетеді. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары көтерілсе, соғұрлым күштірек жылытады. Күн сәулесі жер бетін біркелкі жылыта алмайды. Ғалымдардардың есептеуінше жер бетіндегі тіршіліктің пайда болғанына 4 млр. жылдан асыпты.Осындай ұзақ уақыт ішінде 1 клеткалы қарапайым организмдерден әртүрлі өсімдіктер мен жануарлар дамып жетілді. Күн сәулесі болмаса жасыл өсімдіктер ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін шығармас еді.Оттегімен жан-жануарлар, адамдар тыныс алып, өмір сүреді. Күн сәулесі түспеген жерде өсімдік өспейді. Адамдар өмір сүру үшін қажетті киім, тамақ, үй, дәрі-дәрмек, жануарлар үшін азық та өсімдіктерден алынады. Олай болса, күннен шығатын жарық пен жылусыз жер бетінде тіршілік атаулы болмас еді.

жұмыс

1-2 оқушыға мәтінді оқытқызу.

Шығармашылық тапсырма:

«Зерттеу» стратегиясы

«Ғалымдар» тобына

1.Күннің басқа жұлдыздарға ұқсастығы неде? 2.Бетіндегі қызуы қандай?«Астрологтар « тобына

1.Жер Күннен қанша қашықтықта? 2.Күннің жарығы мен жылуының Жер беті үшін маңызы қандай?

Мәтінді толықтыр.

Күн-Жерге жақын орналасқан (жұлдыз). Бұл жанып жатқан-орасан зор (ғарыштық дене). Күннің пішіні (шар) тәрізді. Күннің диаметрі Жердің диаметрінен (109) есе үлкен. Жер массасынан (330 мың) есе артық. Күн Жерден (150 миллион) км жуық қашықтықта орналасқан.

2)» РАФТ» стратегиясы

Р-роль, А-аудитория, Ф-форма, Т-тақырып

-Бүгінгі сабағымызда басты рөлде -«Күн Нұрлы Әлем» тақырыбына өз қалауларыңша ақынның жүрегімен, жазушының тілімен, суретшінің көзімен Күнге ризашылығымызды білдіреміз. Жеткізу формасы өз қалауларыңша болғандықтан, сурет арқылы,өлең жолдарымен, қара сөзбен, хат арқылы да білдіруге болады.(10 мин

Сергіту сәті

«Не артық?» ойыны.
Ғарыш, Жұлдыз, Күн, Жер, Ай, Юпитер, Адам

Ой толғаныс

Электронды оқулықтан тест өткізу

-Сабағымызды қорыта келе, Күн шуағын шартарапқа шырайлана шашып, мейірімін Сіздерге төге берсін, елімізде бейбітшілік болсын!

Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау



Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал