7


  • Учителю
  • Ана тілінен 'Ж. Смақов. Отан' тақырыбындағы сабақ жоспары (2 сынып)

Ана тілінен 'Ж. Смақов. Отан' тақырыбындағы сабақ жоспары (2 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Оқушыларға Отан туралы түсінік бере отырып, өлең мазмұнын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін, сөздікқорларын молайту,шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылықтарынарттыру. Балаларға Отанын , табиғатын сүюге, елін, жерінқорғауға, патриоттық сезім
предварительный просмотр материала

Пәні: Ана тілі Сыныбы: 2 «А»

Сабақтың тақырыбы: Ж.Смақов. Отан.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға Отан туралы түсінік бере отырып, өлең мазмұнын

түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін, сөздік қорларын

молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге

қызығушылықтарын арттыру.


Тәрбиелік: Балаларға Отанын , табиғатын сүюге, елін, жерін қорғауға,

патриоттық сезімдерін оятуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың технологиясы: Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы

Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, сөзжұмбақ, топтастыру.

Көрнекілігі: Ж.Смақовтың портреті, қима қағаздар, табиғат суреттері,

деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен сәлемдесу.

  • Оқушыларды түгелдеу.

  • Психологиялық дайындық.


Армандарым көп менің,

Атқарамын деп келдім.

Оқып білім, ғылымды

Өнер табам деп келдім.



  1. Үй тапсырмасын сұрау.(әр суреттің артына сұрақты жазу.)

  • Ж.Аймауытов кім? (1 сурет)

  • «Қартқожаның туған жері» әңгімесі бойынша түсінігіңді айтып бер. (2 сурет)

1сурет 2 сурет

  1. Жаңа сабақ

  1. деңгей:

  • Ж.Смақов өмірінен қысқаша түсінік беру.

Ж.Смақов (1932-1974) - қазақ балалар әдебиетінің көрнекті тұлғасы, ақын. Ол Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданындағы Ынталы жерінде дүниеге келеген. Оның «Сәбилерге сәлемдеме», «Қаз-қаз бас», «Жүз бір жұмбақ» кітаптары жарық көрген.

  • Оқулықпен жұмыс.

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.

  • Өлең мағынасын ашу

2 - деңгей:

  • «Сен маған, мен саған». (сұрақ - жауап, «Кубизм стратегиясы» бойынша)

1.Отан дегенді қалай түсінесің? (топтастыру арқылы.)

Атамекен ата-анаң елің

Отан

Жерің досың

Ауылың

2.Туған жерінің табиғаты неге ақынға ыстық көрінеді?

3. «Ойлан, тап!» (мақалды құрастыр)

Басталады, отбасынан, Отан.

4. ыстық, да, оттан, Отан.

5. сүю, парыз, Отанды.

6. Туған, туың, тік, жерге.

3 - деңгей:

1.Сөзжұмбақ шешу.

1. Қалың ағаш өсетін нулы жер.

2. Отбасындағы әке атауы.

3. Ел сөзін басқаша қалай аталады?

4. Мемлекеттік рәміздердің бірі.


2. Жұмбақ шешу арқылы сурет салу. (пейзаж құрастыру)

  • Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды. (күн)

  • Жазда жасарады, күзде томсарады. (ағаш)

  • Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен. (су)

  • Үлкен-үлкен түйені

Тастапты атам шөгеріп

Өркеші бұлтқа тиеді

Бауыры жатыр көгеріп. (тау)

  1. Үйге тапсырма беру.

«Туған жерім» әңгіме жазып келу.

  1. Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал