7


  • Учителю
  • 1 класс Сауат ашу. 'Т дыбысы мен әрпі'

1 класс Сауат ашу. 'Т дыбысы мен әрпі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мектебі: Қараой мектеп –бала бақшасы   Ақтөбе облысы,Ойыл ауданы      Сыныбы: 1Пәні:Сауат ашу   Мұғалімі: Мухтарова Г.Т.Сабақтың тақырыбы:Т дыбысы мен әрпіСабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға  т әрпі, дыбысы туралы жалпы ұғым беру, т дыбысы бар сөздерді айтқызу, дыбы
предварительный просмотр материала

Мектебі: Қараой мектеп -бала бақшасы Ақтөбе облысы,Ойыл ауданы

Сыныбы: 1Пәні: Сауат ашу Мұғалімі: Мухтарова Г.Т.

Сабақтың тақырыбы: Т дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға т әрпі, дыбысы туралы жалпы ұғым беру, т дыбысы бар сөздерді айтқызу, дыбыстық, буындық талдау жасатуды меңгерту

Тәрбиелілік:Таза, көркем жазуға, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушының тілін, ой-өрісін дамыту

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру, дидактикалық ойын, қызығушылығын ояту, суретпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Тәрпі, тақырыптық суреттер, слайдтар

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру сәті

Оқушылармен сәлемдесу. Сынып оқушыларын түгендеу. Психологиялық дайындық.

ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру.

а) А дыбысын ауада жазу

ә) «Кім көп біледі?» А дыбысынан басталатын сөздерді айтқызу

б) Өздері алып келген жаңа сөздермен сөйлем құрату

в) «Мен қай әріпті жоғалттым?» ойыны

ІІІ. Жаңа сабақ.а) Ал, қане, балалар, біз бүгін Т дыбысымен танысамыз. 3 рет дыбыстату және қандай дыбыс екеніне дыбыстату арқылы көңіл аударту.

ә) Суреттер арқылы оқушыларды сөйлету.

- Нені көріп тұрсыңдар?

- Түйе, тышқан, тиін

- Бұлар нелер?

-Жан-жануарлар

-Ал мыналар ше ?

-Торғай ,тоқылдақ, тауық

- Бұлардың ортақ атауы құстар.

- Бұл сөздердегі ең алғашқы әріпті атаңдаршы ?

- Т дыбысы

Т дыбысының жазылуымен таныстыру

- Ендеше, балалар, т дыбысының жазылуымен танысайық. Баспа түрі Т т. Жазба түрі Т т. Саусақпен ауада жазу.

ІҮ. Дәптермен жұмыс. Жазу дәптеріне үлгіні көрсету. Балалардың жазуларын бақылау.

Сергіту сәті.

Тырс-тырс, тырс-тырс!

Жаңбыр көп жауады,

Тамшылар тамады.

Тырс-тырс, тырс-тырс!

Терезе қағады,

Жылғалар ағады.

Тырс-тырс, тырс-тырс!

Жаңартып ауаны,

Жаңбыр көп жауады.

Ү. Оқулықпен жұмыс.

а) Сөздерді буындап айтқызу. Та-рақ, та-ға, тор-сық,

ә) Бағандағы сөздерді мәнерлеп оқу

б) Таға, торсық сөздерінің мағынасын түсіндіру.

Жұмбақтар жасыру.

Орманда тұрады, өзі бір қу,

Жүрген жері айғай-шу. (түлкі)

в) «Дастарқан басында» тақырыбында балаларға әңгімелету

г) «Кім зейінді?» ойыны.

ҮІ. Сабақты қорыту.

  1. Балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

  2. Т дыбысымен.

Т дыбысын дұрыс дыбыстату.

Жаңылтпаш:

Тұз - мұздай

Мұз - тұздай



ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Бағандағы сөздерді оқып келу.



ҮІІІ. Оқушыларды мадақтау, ынталандыру.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал