- Учителю
- Открытый урок по познанию мира
Открытый урок по познанию мира
Зиянды заттардан сақтану керек!
Мақсаты: 1) темекі және ішімдіктің зиянын оқушыларға түсіндіру;
2) осы зиянды заттар туралы білімін кеңейту;
3) қазіргі қоғам талабына сай сауатты, білімді ұрпақ тәрбиелеу;
Көрнекілігі: түрлі ұранды сөздер, суреттер.
Барысы.
Жүргізуші: Өмір - сыйлық. Өмір - жарық. Өмір - сәуле. Осы нұрлы әлемді әсем гүлді баққа айналдырып, жан дүниесін қуанышқа бөлеу - әрбір азаматтың табиғат алдындағы парызы. Алайда қазіргі таңда мына адамзат өмірінде, қоғамда түрлі жағдайлар орын алуда. Осы тұрғыда шыр шертуге ортамызға Шындықты шақырамыз.
Шындық: Мен қорқамын
Темекінің тұтқыны болған жастардан.
Мен қорқамын
Ішімдіктің құрығына түскен жандардан.
Мен қорқамын
Зиянды затқа құмар боп,
Денсаулықтан айырылған мына қауымнан.
Жеткіншек: Иә, бұл - ащы шындық. Алайда қазіргі қоғамға қарап, жастардың барлығына бірдей кінә тағуға болмайды. Кемел келешектің кілті жүректе екендігін сезетін қайратты жастар қашанда жақсылыққа ұмтылады. Ал сонда орта және егде шақтағы өміріне балта шапқан азаматтарымызды қайтеміз, кінәліні іздегенше, бірге жол табалық. Қоғамның өзіне барайық.
Жеткіншек: Қоғам, өзің қоршаған ортаның иесісің, алайда зиянды заттарды неге қумайсың бұл ортадан, өзіңнің дамуына дені сау, құрыш білекті, ақылды жігіт керек емес пе?
Шындық: Жас жеткіншек, меніңше, бұл жерде шынайы көзқарас қажет. Жалпы қоғамның дамуына қаржының зор пайдасы бар. Ал темекі мен арақ біреулерге үлкен пайда әкеледі.
Қоғам: Адам анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі ішсем, жесем деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары. Сонымен бірге білсем, көрсем екен дейді. Бұлар - жан құмары.
Демек, өз қызығушылығың пайдасына емес, залалына қарай бұрып, күш - қуатын төмендетіп, оң - солды ажырата білмеген адамзат қоғамға зиянды заттарды ендірді.
Жеткіншек: Мені жалпы ішімдік пен темекінің таралу тарихы қызықтырып тұр.Білуге құштар жандар, қане тарихқа көңіл бөлейік.
Тарих:Темекінің елі Америка болып табылады.Американы ашқаннан кейін темекі Еуропада кеңінен тарала бастады. Колумб және оның достары 1511 жылы Табаккос атымен темекіні Испания және Партугалияға әкелінді. 1560 жылы Франсияның елшісі Жан Никот Франсиядағы сарайға «Шипа беретін өсімдік» деп темекінің тұқымдарын алып келеді. Темекі Франсиядан Алманияға, содан кейін бүкіл дүниежүзіне тараған. Никоттың құрметіне темекінің ішіндегі уға никотин аты берілді.
Ішімдікті де адам өз қолымен жасаған. Арпа, жүзім, құрғақ инжір, қант құрағы, қант қызылшасы, түрлі жемістерді ашыту барысында сыра, шарап, және түрлі спиртті сұйықтар пайда болды.
Шындық: Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры да бірқалыпты емес.Енді көңіл қайдан бірқалыпты болады! Бірақ осы жалығу деген, әрнені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын, бәрінің баянсызын біліп жеткен адамға ойлы болады. Сонда адамзат атаулы ішімдік пен темекінің зиянын, мәңгі емес екендігін түсініп, жалығып қалайша адал жолға түспейді?
Дәрігер: Өмір, өлім табиғаттың екі шеті іспеттес,
Өмір тәтті, өлім ащы, бір -бірінен тыс кетпес.
Өлім залым шұбар жылан секілді,
Оралса кеп мойныңа, құтылуға күш жетпес,
Темекі мен ішімдіктің залалынан,
Ағза үлкен жапа шекті, осы бір ауыр күйін өзі шертсін.
Ағза: Дерттердің түрлері бар мыңнан асқан,
Кейбірі жабысады бала жастан,
Асқазан, бүйрек,бауыр, өкпелерің,
Дерт шалып қабынады жаман астан.
Жаршысы денсаулықтың «дерт пен дауа»
Бұзылып уға айналды су мен ауа.
Жер ана сортаң басып еңірейді,
Пендеме табылар деп қайдан сая.
Дәрігер: Мұндай жағдай кездеседі жүздеген,
Құрғамайды қысы - жазы, күзде де.
Ауырғандар, қиналғандар өте көп,
Жанға шипа дәрігерден іздеген.
Дерте көп дауасы жоқ емделмейтін,
Пенденің дегенімен жөнделмейтін.
Бірақта іздеуде емін абзал жандар,
Болса да армандайды пенде өлмейтін.
Тұтқын: Денсаулық - өмірдегі басты байлық, ендеще деніміздің саулығына зиянын тигізер заттардан аулақ жүрейік. Сол кезде ғана біздің келешегіміз кемел болмақ.
Жүргізуші: Өмір тәтті бал екен,
Ұрпаға талғын тал екен.
Денсаулық бұл пәниде
Алтыннан қымбат -ақ екен.
Біз өмірді таңдаймыз,
Біз өмірді қалаймыз.
Әрқашан бар ынтамен,
Салауаты қолдаймыз.