7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Зат есім (4 класс)

Сабақтың тақырыбы: Зат есім (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Зат есім»

Сабактың мақсаты:

1.Зат есім туралы алған білім,білік дағдыларын еске түсіріп, қорытындылау.

2. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіру, өз бетінше жұмыс орындауға баулу.

3. Жер-су аттарын танып білуге, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, ой қозғау.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, дүниетану

Сабақтың көрнекілігі: Сызба, суреттер, ребус, кестелер, сөзжұмбақ, интерактивті тақта

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық:

Тыныш болсын түніміз,

Сәтті өтсін күніміз.

Бақыт тілеп баршаға,

Болмасын еш қайғымыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру: 12-жаттығу 147-бет

Сенің туған күніңе атаң құлын атады. Сен оған қандай ат қоясың? Оның түр-түсін, құлағын, жалын, құйрығын сипаттап жаз.

1.Өткенді пысықтау:

Интерактивті тақтадан геометриялық фигуралдарды көрсетіп, әр фигурадағы сұрақтарға жауап беру:

-Бұл қандай фигура? (Шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш) Бұл фигура туралы не білесің? Сұрағын оқы

-Зат есім деген не? Сұрақтарын ата

-Жалқы есім дегеніміз не?

-Жалпы есім деген не?

2. Суретпен жұмыс:

Суретке қарап, жалқы, жалпы есімі бар сөйлемдер құрау.

III. Жаңа сабақ:

1.Сөзжұмбақ шешу: «Зат есім»

2. Топтастыру: жалқы









жекеше көпше





жалпы

3. Суретпен жұмыс:

Жекеше, көпше түрге байланысты

4. Оқулықпен, дәптермен жұмыс:

-Біздің облысымыз қалай аталады?

-Шығыс Қазақстан облысы.

-Біз бүгін Шығыс Қазақстан облысының қалаларына саяхатқа шығамыз. Ол үшін шығатын көлігімізді таңдап алайық. Таңдаған көліктің атына дыбыстық талдау жасату.

-Қай қалаға шығатынымызды білу үшін 13-жаттығуды орындайық. (Тақтамен жұмыс)

-Жақсы. Ендеше бірінші қаламыз Өскемен қаласы екен.Бұл қала туралы не білеміз? Өскеменнің көрнекті жерлерін көрсету

Өскемен - Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп, мәдениет және әкімшілдік орталықтар- дың бірі. Қала негізі 1720 жылы Ертіс пен Үлбі өзенінің құйылысында қаланған. Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54,4мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Қала халқын 320,2 мың адам құрайды. Қазіргі күні Өскеменде 76,8 мың зейнеткер (жалпы санының 23,9 % құрайды), оның 2476 -ы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар.

-Келесі қай қала екенін білу үшін 14-жаттығуды орындайық. Жаңылтпашты оқып, жатқа айту. (Ауызша)

Семей қаласын көрсету:

Семей - Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы - селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы метр.

Гринвичтен 500 ендік және 800 бойлық сызықтары қиылысында Семей қаласынан батысқа қарай 40 км. Дегелең тауында Евразия супер-құрылығының Географиялық орталығы анықталған.

Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрлықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан.Қыста -45 - қа, жазда +45 -қа дейін жетеді.

Қала халқы 300 мың адамнан астам. Ертістің екі жағасында орналасқан Семей еліміздің ірі де әсем қалаларының бірі болып табылады, жергілікті тұрғындар ғана емес, Қазақстанның «рухани астанасының» қонақтары да осындай пікірде.

15-жаттығу. Өзіндік жұмыс

-Риддер қаласы

Риддер - Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысындағы қала (1932 жылдан), темір жол станциясы. Іргесі1784 жылы орыс инженер-технигі Ф.Риддер осы маңнан полиметалл кенін ашуына байланысты қаланды. 1941 жылға дейін Риддер, 1941 - 2002 жылы Лениногорск деп аталған. 1917 жылға дейін қала шетел капиталистерінің қолында болған. Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласы 1786 жылы Риддер кенті ретінде негізгі қаланған және кен орнын бірінші ашқан инженер Филипп Риддердің есімі берілген.

Сергіту сәті

16-жаттығу. Тақтамен жұмыс

Шар қаласы

Шар - Қазақстандағы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында- ғы қала. Түрксіб темір жолының Семей - Аягөз теміржол торабының бойында орналасқан темір жол бекеті (станса).

Аудан орталығы - Қалбатаудың солтүстік-батысында 46 км-дей жерде, Ертіске құйылатын Шар өзенінің бойында орналасқан.

Түрксібтің құрылысы кезінде алдымен Шар темір жол бекеті (стансасы) пайда болған, кейін кішкентай қалаға айналды.1963 жылы қала деңгейін алды. 1997 жылға дейін Семей облысы Шар ауданының орталығы болды. 1997 жылғы әкімшілік өзгерістерден кейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының құрамындағы қалаға айналған.

17-жаттығу. Карточка түрінде

Аягөз қаласы.

Аягөз - Шығыс Қазақстан облысына қарайтын қала, Аягөз ауданының әкімшілік орталығы.

Қазақстанның шығысында, Аягөз өзенінің</<font size="4"> қос жағасында орналасқан. Стратегиялақ маңызы бар қала, қалада бірнеше әскери гарнизондар мен ПВО ракеталық әскери кешен орналасқан. Тоғыз жолдың торабы. Республикалық маңызды автожолдар мен Түркістан-Сібір магистралі өтеді: Алматы - Өскемен, Қарағанды - Аягөз - Боғаз. Қала үстінде бірнеше халықаралық әуе жолдарының қиылысы орналасқан.

IV. Сабақты қорытындылау:

Тест

1.Заттың атын білдіретін сөздерді тап:

А) күн

Ә) биле

Б) суық

2. Кім? деген сұраққа жауап беретін сөзді көрсет

А) ән

Ә) күй

Б) әнші

3. Не? сұрағына жауап беретін сөзді көрсет

А) ақын

Ә) жер

Б) адам

4. Жан-жануарларға қойылатын сұрақты көрсет

А) кім?

Ә) не?

Б) кімдер?

5. Адамға қойылатын сұрақты көрсет

А) не?

Ә) кім?

Б) нелер?

Бекіту:

Сәйкестендір:

Зат есім бер, айтты, ойланды

Сын есім бала, ит, аға, кітап

Сан есім қызық, әдемі, келбетті

Етістік үшінші, екі, алтау, он бес

V. Бағалау

VI. Үйге тапсырма: 18-жаттығу 149-бет



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал