7


  • Учителю
  • Урок Развитие словарного запаса

Урок Развитие словарного запаса

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оқушылардың сөздік қорларын дамыту жолы

Мектептегі тәрбиелеу оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту,сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып ,үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану,әрі оны күнделікті іс -әрекет кезіндегі қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына сай балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі-тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге,қасиеті мен сапасын,түр-түсін және пішінін ажырата білуге , өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым - қатынас жасай білуге үйретеміз. Оқушылардың сөздік қорларын дамыту ісінде мұғалімнің:

- балалардың сөздік қорларын дамыту; - жаңа сөздерді меңгерту;

- үйренген сөздерін тиянақтап,анықтап,әрі байытып отыру басты міндеті саналады. Осы аталған міндеттерді мұғалім үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын - баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып ,таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы,бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы,сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Мұғалім бақылау,заттарды қарау,сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын - сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Арнайы ойын сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала сыныптағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгертеді. Ойын ұйымдастыруда өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге ,ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып , ойлануға бағыттайды,заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады,ойынға қызықтыра отырып, зейінін, қиялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.

Мұғалім балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын ) үш түрлі етіп өткізуіне болады.

Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды , табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы : «Ғажайып қапшық», «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата» т.б Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото,суреттер қолданылады.

Мысалы : « Бір сөзбен ата », «Суретті құрастыр», «Ұқсастығын тап», «Есінде сақта». Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге , дұрыс жауап айтуға , сөз мағанасын түсінуге ,орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы : «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла» , «Жақсы- жаман», «Жалғастыр». Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар , «Пішіндер көрмесі», «Көңілді таяқшалар», «Қиын жолдар» , «Биші адамдар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып , таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік ,ойынды өткізу ,ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды ,тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып ,ауызша сөйлеу машығын игереді ,таным белсенділіктері қалыптаса түсіп , ақыл -ойы өсіп жетіледі , әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.









Қолданылған әдебиеттер : Орыс педагогы В.А.Сухамлинский, Е.А .Покровский, Ы.Алтынсарин.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал