- Учителю
- открытый урок на тему 'Зат есім'
открытый урок на тему 'Зат есім'
№6 жалпы білім беру орта мектебі
Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы: «Сан есім»
Орындаған: Г. Нысанова
2011/2012 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Сан есім 1 - 6 жаттығулар
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сан есім туралы білімдерін тереңдете түсу,
пысықтау. Сан есім түрлері туралы жалпы түсінік беру.
2. Оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілетін арттыра отырып,
ой - өрісін дамыту.
3. Оқушыларды зеректікке, ұлтжандылыққа, ауызбіршілікке баулу.
Көркем жазу арқылы әсемдікті сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, қоржын, сандық, асықтар, орақ, домбыра
Сабақтың әдісі: дәстүрлі
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларын назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық:
Қазақ тілім - өз тілім, анам тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Балалығым, бақытым қазақ тілім
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
6 - жаттығу. Жолбарыс туралы әңгіме құрау
-
Жолбарыс қандай сұраққа жауап береді?
-
не?
-
Кім? Не? сұрақтарына жауап берген сөздерді қалай атаймыз?
-
Зат есім
-
Зат есім дегеніміз не?
ІІІ. Негізгі бөлім:
-
Сөз таптарына тоқталу
-
Зат есім дегеніміз не?
-
Етістік дегеніміз не?
-
Сын есім дегеніміз не?
-
Балалар, барлығымыз бірге ребусты шешейік. (Сан есім)
-
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Сан есім»
Көркем жазу:
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
-
Балалар, сан есім дегеніміз не?
Мысалы: Біз төртінші сыныпта оқимыз. Біздің сыныпта жиырма үш оқушы бар.
Оқулықпен жұмыс:
1 - жаттығу (ауызша)
Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі адам соқса
Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда, үндемейді адам жоқта. (домбыра)
-
Домбыра туралы түсінік беру.
Күй тарту
2 - жаттығу. Мақалды жатқа жазу
Бір кісі қазған құдықтан
Мың кісі су ішеді.
3 - жаттығу. «Ғажайып қоржын ойыны»
(қоржын ішіндегі сандықшадан тапсырмаларды орындау арқылы асықтарды үлестіру)
Үш, бес, жетінші
Осы сандарға байланысты ұлттық құндылықтарды атау.
4 - жаттығу (тақтамен жұмыс)
Сергіту сәті
Еркін шығармашылық тапсырмалар
-
Құрамында сан есімі бар мақал - мәтел жазу.
-
Санамақ құрастыру.
-
Өз мекен - жайыңды жаз.
5 - жаттығу (анаграмманы шешу)
Бірінші менің бөлігім -
Шұңқырмын - екі - ақ әріппін.
Екінші менің бөлігім -
Бір түсті жұртқа таныттым.
Екеуін қоссақ жөнімен
Орасың шөпті онымен.
(Орақ)
Орақ туралы түсінік беру.
Орақ, шалғы, комбайндарды салыстырмалы түрде әңгімелеу.
Мұзафар
Әлімбай
6 - жаттығу. Ребусты шеш. (Бірлік)
-
Бірлік туралы ауызша әңгіме құрау.
-
Бірлік туралы мақал - мәтел айту.
IV. Қорытынды бөлім
С
А
Н
Е
С
І
М
күрделі
дара
реттік
сұрақтары
есептік
мағынасы
V. Үйге тапсырма беру
6 - жаттығу. Бірлік туралы әңгіме жазып келу
VІ. Бағалау