7


Обал мен сауап (2класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №3 Қарауылкелді орта мектебі

Тақырып: обал мен сауап

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттері: мейірімділік, қамқорлық

Мұғалім: Нұрылла Әсем

Класс:2 «а» Оқушылар саны



Мақсаты:

«Мейрімділік» адамгершілік құндылығы туралы түсінік беру;

Міндеттері:

- обал мен сауап туралы түсінік беру;

- халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру;

- мейрімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу;



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) классикалық музыка жазылған таспа,түрлі түсті қағаздар,плакат,стикер,суреттер.







Сабақ барысы:

1.Алғашқы ұйымдастырукезеңi.Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару.

Тыныштық сәтi.

«Орманға серуен»













2.Бейнематериал

Ырысты жер.





Әңгімелесу

1 «Обал болады» , «сауап болады» деген сөздер қандай кезде айтылады?

2 Обал мен сауаптың айырмашылығы неде?

3 Ата-аналарың сіздерге обал мен сауап туралы айтама?



3. Дәйексөз

«Обалды біліп өссең -сауапқа кенелесің» Халық даналығы

«Обалды біліп өссең - сауақа кенелесің» - деген халық даналығында үлкен мән бар. Өйткені үлкендер жасауға болмайтын қылықтарды «обал болады» деп айтып отырып, кішілерді, балаларды жаман әдеттерден сақтандырады. «Сауабын аласың» дей отырып, жақсы істер жасауға жетелейдң. «Сауабын аласың» дегеннің өзі, бұл - жақсы іс істегенің, жақсылыққа жетесің, алғысқа бөленесің деген ойды білдіреді. Сондықтан үлкендердің бізге «обал болады», «сауабын аласың» деп айтқандағы тілін алып отыру, бізді үлкен жақсылықтарға жеткізеді



4.Топтық тапсырма. Шығармашылық жұмыс

1.топқа Обал

2.топқа Сауап

</<font face="Times New Roman, serif">3.Обал мен Сауаптың айырмашылығы





5. Топпен ән айту

Көңілді күн





6. Нұрлы күн тапсырмасы

«Ұйқасын тап әдісі» бойынша сөйлемдерді жалғастыру









7. Дәптермен жұмыс.

Оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді. Оқушылар дәптерге тапсырманы орындайды. Жұмыстарын аяқтаған соң. Жұмыстарын дауыстап оқып таныстырады.

Тапсырма: Сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастырып жазады.





8.Ойын-жаттығу



Тақтада обал - сауап жазылған сөз тұр осы сөздердің айналасын қоршап әдемі гүл шығарайық. Ол үшін сендерге сөздер таратып берем қай сөзге келед соған барып айналасына жабыстырады.

Мысалы:

*Көк шөпті жұлма.

*Қарияның жүгін көтеріс.

*Сүтті төкпе.

*Құмырсқаның илеуін таптама.

*Мысыққа тас лақтырма.

*Торға түскен құсты босат.

*Ұяны бұзба.

*Нанды лақтырма.





9.Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал