- Учителю
- Дүниетану пәнінен ашық сабақ жоспары 2 сынып 'Құстардың алуан түрлілігі'
Дүниетану пәнінен ашық сабақ жоспары 2 сынып 'Құстардың алуан түрлілігі'
Күні:28.04.2015 Сабақ № | Пәні:Дүниетану | Сынып:2 Б | ||||||
Сабақтың тақырыбы: | Құстардың алуан түрлілігі | |||||||
Мақсаты: | Оқушылардың құстар, олардың тіршілік жағдайлары туралы білімдерін кеңейту, құстардың алуан түрлі болатындығын түсіндіру. | |||||||
Табыс критерийлері: | 1.Оқушылар құстардың алуан түрлі болатындығын түсінеді, ажырата біледі. 2.Түрлі тапсырмаларды орындай отыра сыни тұрғыдан ойланып, жауап бере алады. 3. Ынтымақтастықта жұмыс жасай отыра бір-біріне қолдау жасап, көмектеседі. | |||||||
Күтілетін нәтиже: | А оқушы- тапсырмаларды орындау барысында көшбасшылық таныта алады. Б оқушы- топтық, жұптық тапсырмаларды орындауда өз ойын жеткізе біледі. С оқушы-топтық тапсырмаларды орындау кезінде өз үлесін қосады, өзін өзі бағалай алады. | |||||||
Сабақтың әдісі: Бағалау: | Топтық жұмыс,сұрақ-жауап, алты қалпақ әдісі, сто, диалготік оқыту, акт Мұғалімнің бағалауы, бірін-бірі бағалау | |||||||
Ұйымдастыру кезеңі: 2 минут | Топқа бөліну, топтық ережені естеріне салу (үй құстары, жыл құстары, қыстап қалатын құстар) | |||||||
Үй тапсырмасын тексеру 5 минут | «Қатесін тап» әдісі 1.Қасқыр қысқа азық жинайды. 2. Жануарлар табиғаттың өзгерісіне бейімделеді. 3.Қасқыр, түлкі, барыс жемін аулауға түнде шығады. 4.Қоян қыста ұйқыға кетеді. 5.Қанқыз, шегіртке, көбелек- жауларынан өздерінің түстері арқылы қорғанады. 6.Тиін қысқа азық жинайды. 7.Жануарлар өз жауларынан қорғана алмайды. (дұрыс болса +, қате болса - таңбасын қою) Бағалау - барлығы дұрыс «5», 5-4 дұрыс -«4», 3-2 дұрыс- «3» | |||||||
Мағынаны тану 6 минут | «Құстар» әні бейне клип көрсету Оқулықпен жұмыс Құстар-екі аяқты, екі қанатты, үсті қаурсынмен жабылған жануарлардың бір түрі.Құстардың тісі жоқ, тұмсығы бар.Құстар- үй құстары, жыл құстары, отырықшы құстар, жыртқыш құстар болып бөлінеді. Сөзжұмбақ шешу (қарлығаш, ұя, сауысқан, тоқылдақ, балапан, қараторғай) | |||||||
Топтық жұмыс 10 минут | 1 тапсырма:Ойын:* Кім құстарды көп біледі?* Үй құстары | Жыртқыш құстар | Жыл құстары | Қыстайтын құстар | ||||
Тауық Күркетауық Қаз Үйрек Әтеш | Жапалақ Үкі Бүркіт Қыран Кезқұйрық | Ұзақ Бұлбұл Бозторғай Аққу Шағала Тырна | Шымшық Сауысқан Қарға Тоқылдақ Суықторғай Кептер т.б |
2 тапсырма:
Құстар туралы не білеміз?
Пайдалы Дос Ағаштарға ұя салады Құрттарды жейді
Жыртқыш құстар Құстар Су құстары
Тірі табиғат Жыл құстары Қыстап қалатын құстар
Сергіту сәті
2 минут
«Менің таңдауым» тренингі
(қандай құс болар едіңдер?)
Жеке жұмыс
5 минут
Жұмбақтар шешу
1/ Басында тарағы бар, бірақ шашыңды тарай алмайсың. /Әтеш/
2/ Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды? /Қарлығаш/
3/ Қай құс өзінің атын қайталайды? / Көкек/
4/ Құстың негізгі мекені. /Ұя/
5/ Қандай құс хат тасушы атанған? /Көгершін/
6/ Қай құста мүлде ұя болмайды. /Көкек/
7/ Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? /Бүркіт/
Жұптық жұмыс
8 минут
«Алты қалпақ» әдісі
ақ қалпақ- біз құстар жайлы не білу керекпіз және не білеміз?
қызыл қалпақ- құстарға деген қандай сезім пайда болды, неліктен?
сары қалпақ- құстардың пайдасы және неліктен оларды қорғау керек
қара қалпақ- құстардың қандай зияны бар, зиянды жақтарын іздестіру
жасыл қалпақ-құстарды қорғау үшін немесе көбейту үшін не ойлап табар едіңдер?
көк қалпақ- Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?
Үйге тапсырма
2 минут
Оқулықтың 87, 88 беттерін түсініп оқу, дәптердегі тапсырманы орындау
Бағалау
2 минут
Бағалау парағы
Аты-жөні
Үй тапсырмасын тексеру
Жеке жұмыс
Топтық
жұмыс кезінде белсене қатысу, топтық ережені сақтау
Жұптық жұмыс
Өзіңді қалай бағалайсың? - 5 4 3
Рефлексия
3 минут
Кері байланыс
Қалпақты бояу
Сары- менің көңіл-күйім өте жақсы, маған қызықты болды
Жасыл- менің көңіл-күйім жақсы, мен тырыстым
Қызыл- менің көңіл-күйім нашар, шаршадым, маған қызықсыз болды
Сабақтан көріністер: