- Учителю
- Ашық сабақ. Дүниетану 'Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы. '2Сынып
Ашық сабақ. Дүниетану 'Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы. '2Сынып
«әл - Фараби» мектеп-лицейі
Тақырыбы:
Өткізген: Исатаева Бибігүл Каировна
Сыныбы: 2 «Ә»
Петропавл қаласы
2015 жыл
Тақырыбы: Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы.
Мақсаты:
-
Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабымен таныса отырып, жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы ақпарат алуға үйрету.
-
Тіршілік иелерінің бір-бірімен байланысы туралы білімдерін жетілдіру; оқушылардың экологиялық білімдерін дамыту.
-
Табиғатты қорғауға және оған қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: «Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы» тақырыбындағы сандық ресурстар, интерактивті тақтада слайд, үлестірме материалдар, жануарлардың атрибут-суреттері, үнтаспа «Орман дауысы»
Сабақтың әдісі: Сәйкестендіру,« «Шеңбер аясында» ойыны, «Коллаж», «Рас па?» стратегиялары, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қайырлы күн достарым!
Қайырлы күн құрбым!
Сәрсенбі күнің бүгін
Сәттілікке толсын!
Бүгін алған бағаң
Кілең бестік болсын!
Оқушылар бір-біріне жағымды көңіл-күй сыйлайды.
Сыныпты суреттер бойынша төрт топқа бөлу.
-
топ. Өсімдіктер.
-
топ. Құстар.
-
топ. Жануарлар.
-
топ . Жәндіктер.
ІІ. Қызығушылығын ояту
-
Балалар, біз қазір тіршілік иелерінің қай түрлері бойынша жұмыс жүргізудеміз? (Жануарлар,құстар,өсімдіктер туралы)
-
Ендеше сабағымызды осы жануарларға байланысты сөзжұмбақ шешуден бастаймыз.
1.Тоқылдатып мазаны ап ,
Ағаштарды тазалап.
Ормандарды емдейді,
Зиянкесті жазалап. (Тоқылдақ)
2.Бар даусымен тақылдап
Шалшық көлді мақтайды
Өзін-өзі мақұлдап
Бірін-бірі мақтайды.
Тәулік бойы бақылдап
Мезгілімен жатпайды. (Бақа)
3.Ирең-ирең еткен,
Судан да, жолдан да өткен.
Оны көрген жерден
Барлық адам безген. (Жылан)
4.Бұл жануардың денесі қабыршақты болады, оның мекені - су. Бұл не? (Балық)
5.Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай. (Құмырсқа)
6.Жаз бойы орман кезеді,
Жеміс-жидек тереді. (Аю)
Енді, балалар, осы аталған жануарлардың әрқайсысы қай топқа жататынын анықтап, сөздерді сызбамен сәйкестендіреміз.(топтық жұмыс)
Жылан сүтқоректілер
бақа жорғалаушылар
аю балықтар
тоқылдақ бунақденелілер
балық қосмекенділер
құмырсқа құстар
-
Балалар, біз сендермен орманға ойша саяхат жасаймыз. Қазір сендерге орманның үні естіледі. Сендер ненің дауыстары шығатынын анықтап көріңдер. (Үнтаспадан «Орман дауысы» естіледі)
-
Құстардың тамылжыта сайраған дауысы, құстардың әндеткен үндері, ызылдаған жел, сыбдырлаған жапырақтардың дауысы, сылдырап аққан бұлақтың үні, жан-жануарлардың түрлі дауыстары)
-
Ал осы дыбыстар сендерге қандай сезім тудырды?
-
Қуаныш сезімін, рақаттану, демалу, әдемілікке сүйсіну, шаттық сезімін тудырады.
-
Ендеше, жануарлар да, өсімдіктер де өсіп-өнуі, көркеюі үшін, көбеюі үшін не қажет?
-
Ауа, су, жылу, жарық, қорек.
-
Өкінішке орай, балалар, ауа мен су үнемі таза бола ма?
-
Қоршаған ортаны кімдер ластайды?
ІІІ. Мағынаны ашу
-
Дайындық кезеңі.
-
Енді, балалар, осы жануарлар туралы «Шеңбер аясында» атты рөлдік ойын-жаттығуын орындайық.
Ортаға жануарлар маскаларын киген оқушылар шығып, жасыл таспаның ішіне орналасады. Оқушыларға сұрақ қойылады.
-
Балалар, мына жануарлар орманда барлығы бірге тіршілік етеді екен. Бірақ олардың өмір сүретін жерлері күннен күнге азая беріпті. Неліктен деп ойлайсыңдар?
Әр жауап сайын таспа байланады да, шеңбер аясы кішірейе береді. Осы жағдайдан кейін нені байқауға болатынын сұраймын.
-
Адамдар жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру
- Бүгін біз сендермен жануарлар мен өсімдіктерді сақтап қалу үшін, олардың жойылып кетпеуін қадағалау үшін арналған «Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы» туралы тақырыбымен танысамыз.
(Алдарына берілген мәтін бойынша негізгі идеяны ашады)
1948 жылы дүние жүзінің ғалымдары Халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап «Деректердің Қызыл кітабы» деп аталды. Ал Қазақстанда Қызыл кітап 1978 жылы басылып шықты. Оған республикамыздағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер енгізіліп, қорғауға алынды. Қазақстанның әр жерлерінде қорықтар мен ұлттық саябақтар құрылды.
-Енді, балалар, біз Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген кейбір жануарлардың түрлерімен танысамыз.
3.Мәтінмен жұмыс (әр топқа жеке мәтін)
-
топ. Құстар. Қоқиқаз туралы
-
топ. Өсімдіктер. Жабайы қызғалдақ
-
топ. Жануарлар.Құлан туралы
-
топ . Жәндіктер. Тянь Шань шыршасы
а)Мәтінді оқушылар жеке оқиды;
ә)Топтық жұмыс. «Коллаж» әдісі ресурстар беру арқылы коллаж жасату.
Әр топ берілген ресурстарды пайдалана отырып коллаж жасайды, соңында әр топтан бір спикер шығып жасаған жұмыстарын қорғайды.
Сергіту сәті «Қарлығаш» әні бойынша билеп, қимылдар жасайды
ІV. Бекіту.
««Рас па?» стратегиясы бойынша бекіту.(жеке жұмыс)
«Рас па»? стратегиясы
рас
жоқ
1948 жылы дүние жүзінің ғалымдары Халықаралық табиғатты қорғау одағын құрғаны рас па?
Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарғаны рас па?
Қазақстанда Қызыл кітап 1978 жылы басылып шыққаны рас па?
Қазақстанның әр жерлерінде қорықтар мен ұлттық саябақтар құрылғаны рас па?
Құлан, қоқиқаз, арқар, барыс Қызыл кітабқа енгізілгені рас па?
Аң-құсты рұқсатсыз атуға тыйым саланғаны рас па?
Кері байланыс: «Тілек ағашы»
V. Қорытынды.
Жүрегімде тербеген бір арман бар
Аман болсын аңдар, құстар, ормандар.
Ақыл ойды жоюға емес адамдар
Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар.
Табиғатты сақтаңдар,
Құстарды атпаңдар.
Гүл жайнаған жерімді,
Аялаңдар сақтаңдар.
Үйге тапсырма: «Мен табиғат жанашырымын»тақырыбына эссе жазып сурет салып келу
Бағалау: Бағалау парақшалары арқылы өздерін бағалайды.