- Учителю
- 'Адырбек Сопыбековтың Сапар мен парта мысал өлеңі'
'Адырбек Сопыбековтың Сапар мен парта мысал өлеңі'
Қысқа мерзімді сабақ жоспары 19.10.2012ж
2-апта
5-күн
4-сабақ
Сабақтың тақырыбы
Адырбек Сопыбековтың Сапар мен парта мысал өлеңі
Жалпы мақсаттар
АКТ-ны пайдалану арқылы жаңа сабқтың мазмұнын ашу,автор туралы түсінік.СТО модулі арқылы мысал мазмұнын талдау,түйінді ойды ашу.Өз ойларын жеткізуде жас ерекшеліктерін бақылау; топтық іс әрекет барысында көшбасшылықты айқындау
Сілтеме
Жоспар. Слайд
Оқыту нәтижелері
Адырбек Сопыбеков туралы ,шығармаларын білді.Мәтіннің негізгі түйінді идеясын,тәрбиелік мәнін түсінді.Өз пікірлерін әдеби көркем тілді сипаттауда қолдана білуді;
топтық жұмыс, сергіту сәттері арқылы ынтымақтастық
қа, өз білімдерін сыни бағалауды үйренеді
Негізгі идеясы
Жауапкершілікті түсіну,мүлікті күтіп ұстау,тазалық пен ұқыптылықты сезіну.
тапсырмалар
1-тапсырма.Мағынаны тану.Парта түрлерін көрсету.Автормен танысу.
Мәнерлеп оқу,кейіпкерлерді табу. Бұл неге мысалға жатады?
2-тапсырма Мысал мазмұнын баяндау,сұрақ-жауап жүргізу.
3-тапсырма
Партаның ашулы суретін салу.пайдасы туралы айту.Сапарға мінездеме
4-тапсырма
Сапарға хат жолдау.
5-тапсырма
Шығармашылық тапсырма "Мектеп мүлкің -өз мүлкің" атты шағын эссе жазу.
Бағалау
Рефлексия
Миға шабуыл. "Білім ағашы" арқылы сабақты қорыту.Топтық жұмыс сендерге ұнады ма?
Үйге тапсырма
Шығармалардың мазмұнын қайталау
Мұғалімнің ойлары
Тренердің жазбалары
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбасы 4 -сабақ
1-әрекет. Мұғалім : Парта түрлерін көрсеттім.Автормен таныстырдым.
Оқушылар:А.Сопыбековтың Сапар мен парта мысалын мәнерлеп оқып, мысал кейіпкерлерін тапты.қысқа сұрақтарға жауап беру арқылы мысал мазмұнына шолу жасау.Сұрақ : Бұл өлең неге мысалға жатады? Жанды және жансыз заттарды сөйлету екенін айтты.Оқушылардың
жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту модулі, Білім берудегі
басқару және көшбасшылық модулін басшылыққа ала отырып, сұрақ-жауап әдісін қолданды, салыстыру,Мақсат қойып оқу әдістерін қолданды 5 -мин)
2-әрекет.
Оқушылар :Оқушылар топтарымен ақылдасып , анықтап мысал мазмұнын баяндап, сұрақ-жауап жүргізілді( СТО модулін,Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулін басшылыққа ала отырып топтастыру, Сұрақ-жауап, сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін қолданды 10 -мин)
3- әрекет.Мұғалім: Партаның ашулы суретін салғызып,пайдасын айту.Сапарға мінездеме беру.
Оқушылар: Оқушылар ашулы суретін салып ,Сапарға мінездеме берді
4-әрекет. Мұғалім: Сапарға хат жаз
Оқушылар: Оқушылар Сапарға хат жазып,ашық хатқа салды.
5-әрекет: Шығармашылық тапсырма : «Мектеп мүлкің- өз мүлкің»эссе жаздыру
Қорыту: Мұғалім «Білім ағашын» береді