- Учителю
- Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары Бүркіт
Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары Бүркіт
Сабақ жоспары
Күні: 12.03.2015ж
Пәні: Әдебиеттік оқу
Класы: 3 «В»
Сабақтың тақырыбы: Б. Емельянов «Бүркіт»
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнын түсіне отырып, бүркіт туралы түсінік алуларына жағдай жасау.Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. Табиғатты сүю, құстарға қамқорлық жасауға,жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сөздік, сұрақ - жауап, әңгімелесу;түртіп алу.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер,автордың портреті;
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а)амандасу
ә)түгендеу
б) сабаққа назар аударту
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
</ ІV. Жаңа материалды меңгерту.
V. Жаңа материалды бекіту.
VI. Үйге тапсырма.
VII. Бағалау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а)амандасу
ә)түгендеу
б) сабаққа назар аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
(Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»)
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
-
Бетпақ даланы неге шөл деп атайды?
-
Киік қандай жерді мекендейді?
-
Киікті басқаша қалай атайды?
-
Ақын киіктің сұлулығы туралы не айтылды?
-
Киік мүйізінен не жасалады?
-
Біздің елімізде неліктен киікті қорғау талап етіледі?
ІV.Жаңа материалды меңгерту.
Психологиялық дайындық.
- Бүгін сендер орыс жазушы Борис Емельяновтың «Бүркіт»атты тақырыбымен оқып танысамыз.
1.Автор туралы түсінік.
Борис Емельянов 1941 жылы 20-шы сәуірде Хабаров облысында дүниеге кеген. Ол орыс және кеңес композиторы және орыс жазушысы. Оның балалық шағы Көкшетау өңірінде өткен.Оның көптеген әндер жинақтары бар.
2. Кітаппен жұмыс. Мәтінді оқыту.
Сұрақтар:
-
Мәтінде қазақ ауылы суреттелген жерді тап.
-
Жауыз адамдардың әрекеттері?
Суреттермен жұмыс.
Шығармашылық жұмыс.
Әр бөлімге ат қою.
-
Қонақтар
-
Бүркіттің ерлігі
V. Жаңа материалды бекіту.
VІ.Үйге тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
VІІ. Бағалау.