- Учителю
- Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ. Тәулік. Көмектес септік.
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ. Тәулік. Көмектес септік.
Сабақтың тақырыбы: Тәулік. Көмектес септік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Көмектес септік және тәулік туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау
қабілеттерін,сөйлеуге,пәнге деген қызығушылығын,ой-қимылын,
зейінін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, әдептілікке
тәрбиелеу.Табиғатты аялай білуге ,мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,сөздікпен және ойым әдіс-тәсілдері.
Көрнекілігі: Орман аңдарының суреттері,кесте, плакат, т.б.
Пәнаралық байланысы: Қазақ тілі, дүниетану, математика.
Сабақ барысы: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару амандасу.Оқушымен
«жарқыраған айдай, күлімдеген күндей балаларым амансыңдарма?» деп амандасамын.
Технологиялық дайындық.
Ал,кәнекей балалар
Бәрмен кәне қараңдар
Қажет құрал кітапты
Алдымызға алайық
Алаңдамай басқаға
Сабаққа назар салайық
Дұрыс жауап шешімін
Мұқиятпен табайық.
Көрнекілік арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.
- Балалар мына суреттен не көріп отырсыңдар?
- Орман аңдары
- Орманға барып, аңдарды көргілерің келе ме?
- Оқушылардың жауабы Иә
-Олай болса бүгінгі сабақты саяхат сабағына арнаймыз, саяхатқа шығамыз. Бірінші
орман сөзін үш тілде айтып үйренсек баратын боламыз. Орман-лес-forest(форест)
- Орманнан қандай аңдарды көріп тұрсындар?
-Жолбарыс, ұлу,маймыл,борсық,арыстан.
Үй жұмысын тексеру. Үй жұмысын қайталау үшін сіздерге әр аңның өз тапсырмасы бар.Сол тапсырмаларды орындайық.
-Әр аңның өзіне тән ерекшеліктері болады .Оны біз дүниетану сабағында оқып білгенбіз.
жолбарыс-жыртқыш аң. Ол өзіне тән тектілігімен, батылдылығымен жасқануды
білмейтін жануар.Әр елдің жануар тектес символы болады.Біздің еліміз Қазақстан үшін барыс символы екендігі белгілі.
А) Барыстың тапсырмасы.
«Жеті үн» ертегісінен: «Сағат», «мектеп» сөздерін талдау.
Ә)Ұлудың тапсырмасы:
Хайуанның ұлу тектес жануаларының түрлері аса мол. Күндіз ұлулар таса жерде жасырынады,олар өсімдіктермен қоректенеді:
- Мына суреттегі тірек сөздерден септіктердің атауын табыңдар.
Б) Маймылдың тапсырмасы:
Маймыл-орман жануары. Ол ағаштан ағашқа секіріп мекен етеді. Маймылдарды қолда цирк өнерінде кездестіреуге болады. Жыл санауы бойынша биылғы кірген жыл
«маймыл» жылы. Сондықтан маймылдың тапсырмасы жаңа сабақтан басталады.
Жаңа сабақ: Тәулік. Көмектес септік.
Оқулықпен жұмыс.
Көмектес септік сұрақтары: Кіммен? Немен?
Жалғаулары: -мен, -бен, -пен. Мысалы: Кіммен? Немен? Кітаппен, Ұшақпен
Тәулік дегеніміз-бір күн мен бір түннің қосындысы: Бір тәулікте өзіміздің күн
тәртібімізді білеміз.
Суреттегі тірек сөздерді қараңыз ( таң,түс,кеш,түн)
Есіңе сақта!
1сағ - 60 мин 1 ай - 4 апта (30-31)немесе (28-29)күн
1тәу -24 сағ 1жылда -12ай (365- 366) күн
1апта -7күн 1ғасыр - 100 жыл бар
Тірек сөздер. Оқушылардың күн тәртібі.
В) Борсықтың тапсырмасы:
Борсық жазда да, күзде де денесіне май жинайды. Күн суытқанда ініне кіріп, көктемге дейін ұйықтайды. Борсық- бунақ денелерімен, өсімдіктермен қоректенеді:
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс:
Кіммен? Оқушымен
Немен? Инемен
Қалай? Қазғандай
Оқу-инемен құдық қазғандай ( көмектес септік)
Г)Аң патшасы арыстанның тапсырмасы:
Арыстан-азулы жыртқыш аң.Арыстан мысық тұқымдас ірі жыртқыш жануар.Арыстан халықаралық табиғат, қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Арыстанды негізінен хайуанаттар паркінде де ұстайды.
Өз бетімен жұмыс.
Сөздерді септеу. Фонетикалық талдау.
Дос - друг - friend Ата - дедушка - grandfather
Ұшқыш - летчик - pilot Сенбі - суббота - saturday
Ғасыр - век - century
Ұйқасын тап.
Д) Қоянның тапсырмасы:
Қоян кеміргіш сүт қоректі жануар. Қоян шөптермен, сәбізбен қоректенеді.Оның
терісінің түсі әр түрлі болады.
Сөздікпен жұмыс.
Тәулік - день - day
Ертең - завтра - tomorrow
Бүгін - сегодня - today
Кеше - вчера - yesterday
Ай - месяц - month
Сабақты бекіту:Балалар бүгінгі сабақ ұнадыма ?
- Орманнан үйімізге қайтамыз.Орманда бізбен бірге болған аңдарға рехмет айтамыз. Мына суреттегі аңдарға бас әріптерімен сөз құрап сабақты аяқтаймыз.
Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқандарынң үшін өте жақсы деп бағалаймыз.
Рахмет - Спасибо - Thank you
Сау болыңыздар - до свидания - Good bye
Сабақ соңы.
«Құнан» мектеп- лицейі
Сабақтың тақырыбы: Тәулік.
Көмектес септік.
Мұғалімі: Тотаева О.О
</<br>
Ақтөбе 2016ж