7


Құпия әуен. Меңдібай Әбілұлы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Сабақтың тақырыбы: Құпия әуен. Меңдібай Әбілұлы.

Сабақтың мақсаты:Күй құдіреті туралы әңгімені оқыта отырып, қазақ елінің тарихы, тұрмыс- салты туралы мағлұмат беру; сыни ойлау арқылы білімдерін тереңдету.

Күтілетін нәтижелер:

пәндік нәтиже: тақырып мазмұнын меңгерту, талдау арқылы оқушының шығармашылық деңгейі артады;

жүйелік-әрекеттік нәтиже: өнерге деген қызығушылығы артып, сыни тұрғыдан ойлау арқылы сөйлеу тілдері дамиды;

тұлғалық нәтиже: күй өнерін, әдебиетті сүйе біледі;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: «болжау әдісі», диалог, топтық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.

Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка

Сабақтың көрнекілігі: автордың ,күйшілердің, қазақ халық аспаптарының суреті, (презентация)

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

2. Психологиялық дайындық:

Қайырлы күн! Әрқашан күн сөнбесін.

Күн нұрындай жылуын төге берсін.

Күндей жарық, көңілді күй кешейік.

Бәріміз тату дос боп өсейік.

3. Үй тапсырмасын талдау.

«Аңыз арнасы» аңызы бойынша жұмыс жүргізу.

  • Аңыз дегеніміз не?

Топтық жұмыс бойынша талдау.

І топ: Қырғыз батырына сипаттама беру.

ІІ топ: Домалақ анаға сипаттама беру.

ІІІ топ:Домалақ ананың сары айғырды алып қалу себебі неде?

  • Осы аңыздың мағынасына сай қандай мақалдар айтар едіңдер?

І. Қызығушылықты ояту:

-Қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

- Күйді қандай аспапта ойнайды?

-Күйді кім шығарады?

- Қандай композиторларды,күйшілерді білесіңдер? (музыка сабағына саяхат) (презентация)

-Балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?



Топтарға бөлу

І топ «Жазушылар»

ІІ топ «Ақындар»

ІІІ топ «Суретшілер»

Топбасшыларын сайлау (бағалау парағын тарату)

ІІ.Мағынаны тану:

  • Балалар, бүгін сендермен Меңдібай Әбілұлының «Құпия әуен» атты әңгімесімен танысамыз.

Автор туралы қысқаша мәлімет беру.

-Күй» дегеніміз не?

«Күй - көне музыкалық шығарма»

Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған асыл мұрасы - күй өнері.Өткен ғасырларда нота сауаты жоқ кезде дүниеге келген ән- күйлер өмірмен бірге қайнап, ауыздан-ауызға, қолдан- қолға көшіп біздің заманымызға жетті.Қазақ халқы өзінің көңіл- күйі мен арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізе білді.

Аңыз күйлер - халықтың өткен тұрмыс - тіршілігі жайлы баяндайды.

«Болжау әдісі» бойынша мәтінді оқу, талдау.

І топ «Жазушылар» - «Менің екі тізем қалтырап бара жатыр,-депті бір жоңғар тізерлей кетіпі» деген жерге дейін оқиды, мазмұнын айтып береді.

  • Ары қарай не болды деп ойлайсыңдар? (сынып оқушылары өз ойларын айтады)

ІІ топ «Ақындар» - « Мұны естіген қолбасшы» деген жерге дейін оқиды, мазмұндайды.

  • Ары қарай не болды деп ойлайсыңдар? (сынып оқушылары өз ойларын айтады)

ІІІ топ «Суретшілер» - «Мәтінді соңына дейін оқиды»

  • Балалар, мәнін мазмұны біз ойлағанмен сәйкес келді ме? Өз ойларын айтады.

Сергіту сәті: «Әлқисса» (балалар музыка ырғағына сай қимылдар жасайды)

Топпен жұмыс

«Жазушылар» тобы: Күй тыңдау барысынада көз алдарына елестеген табиғатты қағаз бетіне түсіріп, эссе жазу.

«Ақындар» тобы: «Күй» сөзіне «бес жолды өлең» құрастыру.



«Суретшілер» тобы: «Құпия әуен» естігендегі жоңғарлардың әрекетіне топтастыру жасау.

Топтар өз жұмыстарын қорғайды. Бірін-бірі «Екі жұлдыз , біртілек» әдісімен бағалайды.

ІІІ.Ой толғау:

Құрманғазының «Адай» күйін көздерін жұмып тыңдау .

Күйді тыңдап , не туралы екенін әңгімелеу

-Біз тыңдаған күймен қандай байланысы бар?















«Күй әсері» сөзіне топтастыру жасау

Бағалау: топ басшыларының бағалауы,мұғалімнің жиынтық бағалауы; жетістіктер мен кемшіліктерді атап өту.

Үйге тапсырма: мәтінді мазмұндап, күй туралы қосымша деректер жинақтау.

Рефлексия:- Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Мен білдім...

Мен үйрендім...

Менің қолымнан келді...

























































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал